Ежелгі түріктердің жазуы (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Ежелгі түріктердің жазуы (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түріктердің жазуы
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Деректерді талдау арқылы VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін талдайды.
Б Оқушыларға қызығулықтарын арттыру мақсатында түркі жазуы бар сурет көрсетіледі.
Сурет бойынша оқушылар өзара пікір алмасып, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.
М Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады.
Зерттеу
Т Сыныпқа сандық білім ресурстарынан көне түркі жазулары мультимедиялық сюжет көрсетіледі.
Не көрдіңдер?
Не сездіңдер?
Не ойладыңдар?
Не ұқтыңдар?
Оқушылар Білге қаған, Күлтегін мен Тоныкөк туралы негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады, өзара пікір алмасады.
Т Тапсырма 1. Әр топқа бірдей Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінен үзіндісі бар мәтіндер беріледі (оқылым дағдысы). Алдын ала таратылған карточкалардағы сұрақтар бойынша оқушылар жауаптарын флипчартқа жазады:
-Түркі жазбаларында көрші елдермен байланыс қалай сипатталады?
-Түрік қағанатының (Шығыс Түрік қағанаты) әскері қандай болды?
-Күлтегін мен Білге қағанның батырлығы қалай көрсетілген?
-Күлтегін жазуы қандай әдеби жанрға жатады ?
-Халыққа берген өсиетінде негізгі ой қандай?
-Деректен түрік қағанатының даму ерекшеліктері туралы қандай маңызды ақпарат алуға болады?
(Сұрақтарды слайд арқылы тақтаға шығарып қойыңыз)
Кейін әр топтың қағазы кезекпен барлық топтарға жіберіледі де әр топ сондай жауап болса «+», жазылмаса «-» белгісін қояды. Бірінші топ қорғайды, қалғандары толықтырады.
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Дерек арқылы Күлтегін мен Білге қағанның атқарған ісін талдайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 949



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі