Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі заман адамдарының тұрпаты қандай болды? (2 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі заман адамдарының тұрпаты қандай болды?  (2 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)



Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4С Ежелгі Қазақстан тарихына шолу.
Сабақ тақырыбы: Ежелгі заман адамдарының тұрпаты қандай болды? (2 сағат)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): тайпалардың нәсілдік ерекшеліктерін ажырату
Сабақ мақсаттары: тайпаларды нәсілдік ерекшеліктеріне қарай ажырату
Оқушылармен амандасу. Оқу мақсатын және бағалау критерийлерімен таныстыру.
«Миға шабуыл» жасау арқылы, бейнебаяндағы көрсетілген мүсіндерден нені аңғаруға болады? қандай әсер береді? не ойладыңыз? оқушылардан сұрау
«Антропология» ғылымың нені зерттейтінін айтып өту. І. Талдау
Оқушыларға қола дәуірінің, темір дәуірінің сақ, үйсін, ғұн тайпалар өкілдерінің суреттерін салыстырып, бет пішіндердегі ұқсастық пен айырмашылықты ВЕНН әдісі арқылы анықтауға тапсырма беру.
Бағалау критерийлері:
- қола дәуірінің, темір дәуірінің сақ, үйсін, ғұн тайпалар ұқсастықтарын мен айырмашылықтарын анықтайды;
Дескриптор.
 қола дәуірінің, темір дәуірінің сақ, үйсін, ғұн тайпалар ұқсастықтарын біледі;
 қола дәуірінің, темір дәуірінің сақ, үйсін, ғұн тайпалар айырмашылықтарын біледі.
Зерттеу. (жұптық жұмыс)
Т Топтарға қола дәуірінің, темір дәуірінің сақ, үйсін, ғұн тайпалар өкілдерінің нәсілдік белгілері туралы мәтін ұсынамын. Қола дәуіріндегі еуропеоидтық нәсілден темір дәуіріндегі тайпалардың біртіндеп өзгеруін төмендегі салыстырмалы кестеге жазып шығады.
Тайпа атаулары Антропологиялық ерекшеліктері
Андрондықтар
Сақтар
Ғұндар
Үйсін
Ой-түйін:
(екі сөйлемнен аспайтын қорытынды жазу)
Бағалау критерийлері:
 тайпалардың тарихи кезеңдердегі нәсілдік белгілерін салыстырады.
Дескриптор:
 мәтін бойынша қола дәуірі тайпалары өкілдерінің нәсілдік белгілерін біледі;
 мәтін бойынша темір дәуірі тайпалары өкілдерінің нәсілдік белгілерін біледі;
 мәтін бойынша үйсін тайпалары өкілдерінің нәсілдік белгілерін біледі;
 мәтін бойынша ғұн тайпалары өкілдерінің нәсілдік белгілерін біледі;
 екі сөйлеммен өзіндік пікірлерін жеткізе алады.......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle