Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

 Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4A Ғұндар
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат)
Оқу мақсаты: 5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
Сабақ мақсаты: Дереккөздер арқылы ғұн мемлекеті мен Ұлы Қытай қорғанының арасындағы байланысты анықтау.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім іс-әрекеті:
Б Оқушыларға Ұлы Қытай қорғаны бейнематериалынан үзіндіні көрсетемін.
• Не көрдіңіз?
• Бұл құрылыс сіздерге таныс па?
• Не үшін салынуы мүмкін?
деген сұрақтар қойып пікірлерін тыңдаңыз.
Оқушы іс-әрекеті:
Оқушылар жұпта, содан кейін топ ішінде талқылау жүргізеді.
Мұғалім іс-әрекеті: сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Мұғалім іс-әрекеті:
Б Оқушыларға ғұндар территориясы мен Қытай бейнеленген картаны көрсетемін. Осы екі елдің арасында ұзаққа созылған соғыстар орын алғандығы туралы түсінік қалыптастырамын
Зерттеу және талдау
Мұғалім іс-әрекеті
Т Оқушыларға ғұндар туралы, олардың көрші елдермен жүргізген соғыстарына қатысты дерекөздерден үзінділер беремін. Топтық жұмысқа 10 минут уақыт беріледі. Қорғау уақыты: 3 мин.
1. Оқушыларға келесі сұрақты қоямын: Қалайша ғұндар өз жауларын жеңе алды?
Әр топ кем дегенде екі себебін айтуы тиіс.
2. Деректермен жұмыс істей отырып, Қытаймен жүргізген соғыстардың ішінен ғұндар үшін маңызды деген біреуін анықтап, оның нәтижелерін тұжырымдауы тиіс.
Барлық оқушылар: Ғұндардың соғыста жеңіске жету себебін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: ғұндардың өз жауларын қалайша жеңгендігі туралы дәйектеме келтіріп, мемлекет үшін маңыздылығын айқындап көрсете алады.
Бағалау критерийі Дескриптор
Ұлы Қытай Қорғанының тарихи маңыздылығын түсінеді.
Ғұн мемлекетінің құрылуы, оның көрші елдермен қарым-қатынасын талдайды Ұлы Қытай Қорғанының салыныуының 2 себебін айтады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 024



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!