Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар

Шығарма: Соғыстан қайтқан солдаттар



Сұлтан Асылза

Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар? - деп халқымыздың көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жырлағандай, сұм соғыс қай шаңыраққа қайғы–шер әкелмеді десеңізші?! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы! Ұлы Отан соғысы... Бұл тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сиякты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні– бұл барлығымызға ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі біздер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның дамуы мен қайта өрлеуінің негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Батырларымыздың табандылығы мен ерлігінің арқасында, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында олар қатал соғыста жеңіске жетті. Сол жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.
Қазақ- ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының тарихына көз жіберер болсақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. 100-ден астам адам- Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт Қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар- Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы- мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстакқа Жеңіс туын тіккендердің бірі – қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев. Партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов, ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлының ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Ашық аспанның астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз, сол кезде жанын салып қорғаған батырларымыздың арқасы. Солардың бірі - Жәлел Қизатов. Жәлел атамыз 1920 жылы қазан айының 9-ы жұлдызында Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданында дүниеге келген. Әкесі Қизат Бекмағамбетұлы 1922 жылы 33 жасында қайтыс болған. Анасы Жамал Есенкелді руынан шыққан.
Әкесінен жастай жетім қалса да жетімдік, жоқтық, қорлық көрмей өсуіне атасы көп еңбек сіңірді. Жәлел 1927 жылдың күзінде көршілес Игебай ауылында ашылған мектептің есігін ашады. Оны бітіріп, ауылда жеті жылдық мектеп жоқ болғандықтан, оқуын Қызылжардағы теміржол ФЗУ–да жалғастырады. Бірақ 1933 жылы оқуын тастап ауылға келеді де, 1934 жылдан бастап колхозда жұмыс істейді. 1936 жылы Ақжардағы ( Покровка ) ауыл шаруашылық техникумына оқуға түседі. 1940 жылдың 8 ақпаны күні Жәлелге аудандық соғыс комиссариятының шақыру қағазы тиді. Ол бұл кезде «Қарағай» колхозындағы бастауыш мектептің меңгерушісі еді. 1941 жылы ҰОС басталған соң аянбай қызмет етіп совет армиясының генералдарымен командирлеріне өзінің соғыс өнерін жете білетіндігін дәлелдейді. Днепрдегі соғысты жеңіспен аяқтаған көп жауынгерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы 15 қаңтарда арқаның арыс ұлы Жәлел «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды.
Сонымен қатар, ол әдебиет майданына да араласқан. Он алты повесть, екі поэма, жүзге тарта өлеңдер, әңгімелер жазды. Соңғы шыққан кітабы «Өмір мен өлім». Жәлел Қизатов арқаның ардақтысы, арысы, қадірменді ұлы, қазақ халқының мақтан тұтар азаматы тарих бетінде мәңгі сақталатын қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, 2 рет Ленин ордені, 3 рет Қызыл Еңбек Ту орденімен наградталған, 30-ға тарта медальдардың иегері. Бүгінгі таңда мен Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжінде білім алудамын. Оқып жатқаныма көп уақыт болмаса да ол кісі жайлы оқытушыларымнан біраз мағлұматтарды білдім. Жәлел атамыз жайлы жазылған кітаптардан оны жақсы тануымызға көмектеседі. Ерекше тұлға оқып бітірген осындай білім ордасында оқып жатқанымды мен де мақтан етемін! Біз жастар – болашақ біздің қолымызда! Сан – аламан майданнан аман өткен елімізді жанын салып қорғаған, бізге осындай бақыт таңын сыйлаған батырларымызды қанша мақтап – мадақтасақ та артықтық етпейді. Ашық көк аспанның астында, бейбіт өмірді сыйлаған сіздерге біздің алғысымыз шексіз және мұны келер ұрпаққа кеудемізді кернеген ерекше сезіммен, толғаныспен жеткізу біздің парыз!
Сіздер – мәңгілік тарих бетіне алтын таңбамен қаласыздар. Оған күмәнім жоқ! Лүпіл қаққан пәк жүрегімнен шыққан мына өлең жолдарымен шығармамды аяқтағым келеді.
Қиын кезде болып жүрген қорғаныш,
Тілейтіні бейбіт өмір, ар – намыс
Тәуелсіздік таңын бізге сыйлаған,
Батыл жүрек батырларға мың алғыс!
Біз келеміз өсіп – өніп көгере,
Беріп кеткен ұлан байтақ бұл жерде
Ерек орны біздер үшін олардың,
Өмірлері –жас ұрпаққа өнеге!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle