Шығарма: Мәңгі жаса менің Қазақстаным!

Шығарма: Мәңгі жаса менің Қазақстаным!



Асанова Азиза
10 сынып, №17 ЖББ орта мектеп Ақтау қаласы
Жетекшісі: Жансая Э.Б.

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамбелиясы мен Конститудциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын.Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толып отыр.1945 жылы 9мамыр күні дәл осы шаттық хабарды есітіп тұрып, бүкіл әлем шаттыққа бөленіп, теңселіп кетті.Кеңес Одағынынң тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста-1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмытылған... Миллиондаған адамдар мерт болды.Миллиондаған адамдар мүгедек болып, өзінің жақындарынан көз жазып қалды. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһармандар, қаншама ер жүрек батырлар бар жан-тәнімен, мына жарық өмір үшін аянбай ұмытылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті ортасы.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір қадамы, жеңісті жақындата әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігін тек қана кітаптардан, кинолардан көре аламыз. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерліктерін-бағалай білу қажет. Соғыс жылдарында біздің ата –бабаларымыз өздерінің ерліктерімен қазақ халқының батырлығын әлемге паш етті. Қазақұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз. Соғыс дүниежзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті.
Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 мил. адам қаза тапты. Қазақ халқына жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Әлем 1941 жылы соғыста кі бастап, оған адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезді.Бүгінгі ұрпақ Ұлы тан соғысындағы Кеңес Одағы оның халықтарының жеңісінің факторлары туралы айту парыз. Оны жас ұрпақ білуі керек. Ол соғыстағы жеңістің қайнар көздері, негіздері мен қозғаушы күштері туралы оңдаған, тіпті мыңдаған еңбектер жазылған. Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды. Республикамыз халқы қаһарлы жылдары тас-түйіндей бекітілді. Қазақстан халқының соғыс қажеттеріне жұмылдырылуына 24 пайыз жеткен. Халқымыз басынан көптеген қиындықтар өткізді, сол қиындықтарға қарамастан өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізді. Осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол үшін берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Қазақстан Ұлы Отан соғысына біртұтас елдің құрамдас бөлігі ретінде кірісті. Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1941 жылғы қаулысымен Қазақстан және Орта Азия, Кавказ Республикаларында ұлттық әскери құрамдар жасақтала басталды. Қазақстанда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының командирі И.В.Панфилов бөлімшелері 1941 жылдың 16 қарашасында Мәскеуге өршелене ұмтылған неміс басқыншыларының тегеурінді шабуылын тойтарып, жанқиярлық ерліктің жарқын үлесін қосты. Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы сарбаздары асқан ерлік көрсетіп,даңққа бөленді.1943 жылы Невель қаласы үшін ұрыста пулеметші Мәншүк Мәметова ерлікрен қаза тапты.
Оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді.1944 жылы жойқын шабуылға шыққан Кеңес әскерлері 900 күн жау құрсауында қалып, адамзат тарихы білмеген азапты күндерді бастан өткеріп жатқан Лениград қаласын азат етті. «Лениградтық өренім» деген жыр жолдап, аштық пен жалаңаштықтан қиналған қала тұрғындарының жігерін жанып, рухтарын көтере білді.Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық жүйесіне, Қазақстанның индустриялы, аграрлы ел болып қалыптасуындағы басқару мектебін құрудағы рөлін айту парыз. Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен,іскерлікпен еңбек етті. Отан соғысы жеңімпаздарының ерекше миссиясы туралы айтқанда ғалымдарымыздың екінші тылдағы ерлігі туралы айту қажет. Белгілі ғалымдар М.Ғабдуллин, С.Аманжолов, Ә.Қайдаров және басқалары соғыс кезінде ең қиын сәттерде жауынгерлердің арасына саяси-тәрбие жұысын жүргізіп, алдыңғы шепте аянбай соғысса, соғыстан кейін ғылымның бүкіл бір саласына бағдар, басшылық жасап, Қазақстанда іргелі ғылымның дамуына ерекше үлес қосты. Ұлттық академияның академиктері атанды. Соғыстың от-майданында жүріп «алты алтаны ас етіп», «толарсақтан қан кеше жүріп», елге жеңімпаз ретінде оралған олар соғыстың ерлік рухын,адам бойындағы бар жақсылықтарын қағаз бетіне түсірген.Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз Қазақстан емлекеті берік орын алды. Соғыстың қорытындысында қалыптасқан социалистік лагерь, әлем саяси дамуының бағытын анықтаған Ялта бейбітшілік шарты,Варшава шарты ыдырады. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке,елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді. Олардың ерлігі алдында тағзы етіп бас ию қажет. Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады. Ешкі де, ештеңе де ұмытылмақ емес.
Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп,қасиеттейді. Біз өз аталарымызды мақтан тұтамыз, өйткені, олар біз үшін Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі,әрине халықтың жеңіске деген сенімі. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»-дей келк Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстайыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан ушін от кешкендерін әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Тәуелсіздік!
Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен-ау!
Шыдамадым қапасқа, Кеңшілікке қаштым.
Көндікпедім матауға, Асау патша бастым.
Уһ, шырқап, зымырап,
Сұңқардай зулап ұшайын!
Ұшайын! -деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз атамыз да жырлап өтті.Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып?
Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік –ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі,күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік-арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
Мәңгі жаса, менің Қазақстаным! Мәңгі жаса менің Елбасым! Міне осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді еліп етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше ілтипатпен қараймын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі-бақыт.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle