Шығарма: Майдан шебінде күрескен жауынгер халық

Шығарма: Майдан шебінде күрескен жауынгер халық


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Айнаға қарап денсаулығыңызды байқаңыз

Қапанова Аяна
9 сынып оқушысы С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі
Қарағанды қаласы Қарағанды облысы
Жетекші: Жумабекова Тогжан Ордабайкызы

Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл, жүрек!
Қ.Аманжолов
Соғыс. Қантөгіс. Бұл екі ұғым егіз. Бірінсіз бірін елестету мүмкін емес.
Ұлы Отан соғысы... Еліміз бен жерімізге қаншама қасірет ала келді. Халық басына төнген ауыртпалықты Отанының адал ұлдары мен қыздары қайыспай көтере білді, қарсы шығып, жеңе білді. Сол ата-бабаларымыздың арқасында біз бейбіт өмір сүріп отырмыз. Шүкіршілік! Қазақ халқының жаратылысынан елін, жерін қорғап, жауға қарсы тұра білетін халық екендігін тарихтан жақсы білеміз. Қанмен берілген қасиет дер едім. Ұлы Отан соғысына да біздің ата, апаларымыз аянбай ат салысып, ерліктің туын биік көтергенін біз мақтан етеміз.
Ұлы Отан соғысының тарихында қаһарман Брест қорғанысы-совет жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігінің асқақ бір үлгісі болып қалды. Белоруссиядағы Батыс Буг өзенінің бойында орналасқан осы көне қамал Отанымыздың қасиетті тыныштығын қапыда бұзған қасақы жауды алғашқылардың қатарында кеудесін оққа тосып қарсы алды.Соғыс басталған сәтте небәрі бір ғана полктей жауынгері бар қамал гарнизоны күші әлденеше есе басым жаумен бір ай бойы беріспей шайқасты. Олар басқыншылардың терең тылында қалса да нағыз қайтпас қайсарлықтың, Отанға деген асқақ адалдықтың хас үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер халық болған. Отан үшін жан беріп, жан алысып жүрген қазақ жауынгерлерінің ішінде көптеген ақынжазушыларымыз да бар еді. Олардың қазіргі күні бізге жетіп отырған көптеген шығармаларында осы сұм соғыс туралы, оның ауыртпашылықтары жайлы да жазылған. Соның ішінде Қасым Аманжоловтың «Абдолла» поэмасына тоқталатын болсақ, осы поэманы оқи отырып мен ерекше бір күй кештім.
...Құдірет күші жер-жаһанның!
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың! -деген өлең жолдарындасол кездегі қара майданда жүрген жауынгерлердің рухын көтеріп, оларға күш-жігер беретіні байқалады. Сонымен қатар, өз Отаны, туған елі, жері, халқы үшін өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Осындай қиыншылық заманында дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, жауынгерлердің бойында Отанға деген сүйіспеншілік қасиетін оятып, оларға рух берген мақтанышымыздың бірі. Ержүрек бабаларымыздың қатарында біз үшін Бауыржан Момышұлының алатын орны ерекше. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп ұрандаған батыр атамыз, келер ұрпақтын болашағы үшін, біз үшін өз басын қатерге тігіп, ажалмен алысып, жеңіс туын тікті. Тек жаумен шайқасып жүрген қазақ әскерлері ғана емес, сонымен қатар, сол жауынгерлерді тамақпен, керек-жарағымен қамтамасыз етіп отыру үшін аянбай тер төгіп тыл қатарында еңбек еткен ата – әжелеріміздің де алатын орны ерекше. Ол кісілердің қатарында өзімнің атам – Мұхтаров Қапан да бар. Ол кісінің әңгімелерін тыңдай отырып, көз алдыма сол кездегі қазақ халқының бастан кешірген оқиғаларын көз алдыма елестетемін. Әкесі соғысқа ел қорғау үшін аттанғанда, алты жасар қазақтын қарапайым қара домалақ баласы анасының қолғанаты болу үшін анасымен бірге тыл қатарында жұмыс жасай бастады. Атам сол тыл жұмыстары кезіндегі оқиғаларды айтып отырғанда қызыға тыңдаймын. Сонымен қатар, Отан үшін барын салып шайқасып. Майдан шебінде жүрген үлкен аталарым жайында айтар болсам, бойымды мақтаныш сезімі билеп алады. Менің үлкен атам Нығманов Мұхтар соғыс басталмай тұрып Белоруссияның Могилев деген жерінде әскери міндетін атқарып, еліне қайтуына бір айдай уақыт қалғанда ойламаған жерден соғыс басталып кетеді. Ол кісі сол соғыс жылдары Белоруссияны қорғауда ерлікпен қаза тапты. Және де менің әжемнің әкесі Елубаев Камали Қарағанды облысының Шет ауданында мектеп директоры болып қызмет атқарып жатқанында, аяқ-астынан ел қорғауға майданға аттанады. Ол кісі де соғыс жылдарында Мәскеу қаласын қорғауда ерлікпен қаза тапты. Мен өз аталарымды мақтаныш етемін. Аталарым туралы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, әрдайым ұмытпай еске алып, естеліктің ұмытылмауы үшін барымды саламын. Басына барып, топырақ салып, құран оқыту мүмкін болар ма екен... Уақыт көрсетеді. Ол күн де келер. Қазіргі таңда ҰОС деген жастардың көзқарасы әрқилы. Бұл тек біздің елімізде ғана емес...
Жыл сайын біз 9 мамыр күні – Ұлы Жеңіс Күнін атап өтеміз. Өкінішке орай... Жеңіс күніне жеткен де бар, жетпегенде бар. Биыл соғыстың аяқталғанына – 71 жыл болса, ал соғыстың басталғанына – 75 жыл.
Жылдар өткен сайын ардагерлердің саны азайып барады. Соғыс тауқыметін көрген аталарымыз бен ажелеріміздің бар үміті ұрпағының бейбіт заманда өмір сүруі болғаны күмәнсіз. Біз ол кісілердің алдында қарыздармыз. Осы Жеңістің оңайлықпен келмегенін біліп, оны қадірлей білу – парызымыз. Соғыс-күйретуші күш. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы естен кетпес қиын кезеңдердің бірі болды. Бұл сұм соғыс сол кездегі әрбір қазақ азаматының жүрегіне өшпес жара салып кетті. Бұл соғыстың адам баласына көрсетпегені жоқ. Осы күнге шейін сол соғысты бейнелейтін, сипаттайтын фильмдер түсіріліп, көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылып бізге жеткізіліп отыр. Бұл соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Бұл соғыс қаншама ананы баласынан айырып, ал балаларды жетім атандырған соғыстардың бірі еді. «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды» деген сөз бекерден бекер айтылмаған. Біз ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды құрметтеп, ешқашан ұмытпауымыз қажет. Енді қайтіп соғыс болмаса екен деп тілеймін. Біз Тәуелсіз елде өмір сүріп, білім алып жатқанымызды мақтан тұта отырып, еліміздің дамуына аянбай еңбек етіп, өз үлесімізді қоссақ екен.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Үй шаруашылығына керек кеңестер



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle