Ұмытар ма мені елім

 Ұмытар ма мені елім

Кенесова Ақбота 8 "Б" сынып, №1 орта мектеп,
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы
Жетекшісі: Абубакирова Сара Манарбековна

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың кеңес халқының жеңісімен аяқталғанына биыл 71 жыл толмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл соғыс жер бетіндегі болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО-ның тарихында бұл соғыс «Ұлы Отан соғыс» деген атқа ие болды. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірді. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың алғашқылардың бірі болып 312-ші атқыштар дивизиясы, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқаста жеңіп шығып, неміс-фашист басқыншыларын талқандап, қалаларды азат еткені үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебеков, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаhарманы Бауыржан Момышұлы бар. Б.Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңінен ашылды. Оның қаламынан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Қанмен жазылған кітап», «Генерал Панфилов», «Соғыс психологиясы» атты туындылары дүниеге келді.
Гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы жасаған соғысы жеңіліспен аяқталды. Өз Отанын қорғауға ұмтылған, елін шын сүйетін ұл-қыздар бұл зұлым ойдың тас-талқанын шығарды. Осы соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық соғысқа аттанды. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарында ерлікпен соғысты. Батыр жерлестеріміз қасық қаны қалғанша дұшпанмен алысты. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты. Батыр ағаларымыз бен аталарымыз ержүректік, ерлік және жоғары жауынгерлік шеберлік көрсетті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақын соғыс майдандарында шайқасты.
Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Екінші дүниежүзілік соғысқа әлемге белгілі 73 мемлекетінен 62-і мемлекеті қатысқан. Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды сақтаймыз, – деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік.
Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сондықтан да, бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс! Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық Жеңіске биыл 70 жыл толса да бұл жеңіс бізге жиырма миллион адамның қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келген. Осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан жауынгер жазушыларымыздың бірі де, бірегейі Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге.
«Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім», – деп жырлаған халық ақыны Қ.Аманжолов сияқты сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен ерлерін халық ешқашан да ұмытпайды. Біз – бақытты ұрпақпыз. Ержүрек аталарымыздың арқасында, міне, бүгін тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!