ZHARAR | 🇰🇿 ✅ | Шығарма | Жеңіс күні –халық тойы

Жеңіс күні –халық тойы

 Жеңіс күні –халық тойы
Жұмабаев Ескендір
9-сынып №4 жалпы орта білімберетін мектебі
Қарағанды обл, Жезқазған қ.
Жетекшісі: Искакова Бақтыкүл Дүйсенқызы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды.
Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл – біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды.Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда жас баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Әр жауынгер бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті. Соғыс туралы әңгімелер бізге ертегі сияқты. Жоғарыда айтып отырғандарымды мен тарихымызды оқып білуде және ардагерлермен болған кездесулердегі әңгімелерден, кинофильмдерден білдім. Осы білгендерімді әрі қарай өрбітетін болсам,қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізген. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылыпты.20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып солтүстік-батыс бағыттағы майданда генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия өзінің жауынгерлік жолын бастады. Қазақстандық жауынгерлер Кеңес Одағының түпкір –түпкірінде болған шайқастардың бәрінде дерлік немісфашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты.Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты.Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жеткен.Халық кекшілдерінің қатарында қазақстандық әйелдер деаянбай шайқасып, фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Қазақстан түкпірдегі оңтүстік-батыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды.
Бұл — қорғаныс өнімдері мен шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, еңбек және материалдық ресурстарды қайта бөлуді іске асыру, майдан шебіне жақын жерлерден әкелінген кәсіпорындарды жаңа жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Соғыс кезінде елдің әр түрлі шаруашылық саласы, зауыттар мен фабрикалар, көмір шахталары, киім тігетін өнеркәсіптер соғыс майданына көмек ретінде өз жұмысын тоқтатпай, жауынгерлер халінің, майдан шабуылының әлсіремеуіне зор үлес танытып отырды.Мысалы Гурьев мұнай өңдеу зауыты жұмыс істей бастаған. Соғыс жылдары республика мұнай өндіруді 40%-ға дейін арттырған. Жұмыс істеп тұрған электрстанциялар жүйесі Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарындағы энергетиканың жаңа ірі және орташа нысандарымен толықты. Қазақстанның жұмысшы күшінің елеулі бөлігін арнайы қоныс аударғандар құрады. Соғыс басталған кезде олардан Еңбек армиялары құрылды. Оның құрамында 700 мыңнан аса адам болған. Ұлан-ғайыр қажырлы еңбектің арқасында Қазақстан экономикасы Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті қамтамасыз етуге өзінің лайықты үлесін қосты. Қиын-қыстау күндерінің артында шуақты, ашық аспанымен астасатын күндердің де, айлардың да қашан туатынын кім білген десеңші! Иә, ол күндер де келіп, халқының бөркін аспанға лақтыртып, қуаныштан жылаған кез де туды. Көптің күткені де осы емес пе? Ұлы Отан соғысының төрт жылы- 1418 күні мен түні - халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.
Бүгінгі бейбіт күннің оңайлықпен келмегендіктерін қазіргі ұрпақтары, біздер, өздеріміз жаттаған өлең-тақпақтарымыз, еліміздің қаһарман батырларының ерліктері туралы айтқан әңгімелер арқылы барынша жетік білуге талпынып жүреміз. Ол деген біздің азаматтық борышымыз және ел тарихына деген құрметіміз деп ойлаймын. Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Олар жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Қазіргі таңда мен тәуелсіз Қазақстанның бақытты азаматымын. Сол үшін ардагерлерімізге рахмет айтамын, бас иемін. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға, оны әрі қарай гүлдендіруге үлес қоамын деген азаматтық сөзімді бере аламын. Жеңіс күнін бүкіл халық тойлайды. 9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау! Біздер 9 мамыр – жеңіс күні ерлердің ерлігіне тағзым етеміз, ортамыздағы ардагерлерге құрмет көрсетеміз.Жеңі күні мәңгі жасасын!
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Спс - Сегодня, 02:03
Ағылшын тілі (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Спс

ZHARAR - Сегодня, 01:28
Абай Құнанбаев (жыл мезгілдері - жаз, күз, қыс, жазғытұры)

барлығы жақсы мағыналы өлеңдер Абай атамыз ұлы ақын

бека - Сегодня, 00:35
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жер сілкінісінің ошағы

bekstin - Сегодня, 00:18
География (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

тау жыныстарының тузылуы мен жылжыуы орын алатын терендегы нукте

Гость Аяулым - Вчера, 23:04
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фигуралардың қандай бөлігі боялған, жай бөлшек түрінде жазыңыз

Гость Мадина - Вчера, 23:03
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшыннан тжб 1-тоқсанның барма.Жоқ сияқты ғой,мен іздегені жоқ 😒😒😒😡😡😭😭😢😥🥺😟

Гость Айдана - Вчера, 22:48
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Можна ответ химия тжб

ТАМИЛА - Вчера, 21:04
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Фотосы бар ма? Керек болып тур отиниш,

Гость Наргиза - Вчера, 20:54
Информатика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отинем

Миранда мирова - Вчера, 20:42
Орыс тілі (русский язык) (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ээ ля дайте пжж русский соч