Шығарма: Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Шығарма: Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жамандықтан сақтану дұғасы

Жабкен Ұлмекен
8 сынып оқушысы №1ЖОББМ КММ Жезқазған қаласы Қарағанды облысы
Жетекшісі: Сапиянова Гулимай Байзкеновна

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.
Жәбікен атам аудандық әскери комиссариатына 17 жасында өз еркімен майданға жіберуді сұрап өтініш жазады. 1942 жылдың тамыз айында соғысқа аттанады. Майданға барған бетте 18-атқыштар бригадасында атқыш болған. 1942 жылдың желтоқсаннан 1943 жылдың ақпан айына дейін жеке байланыс батальонында курсант болады. Алғашқы дайындық курстарында белсенділік танытқан атамызды 1943 жылдың ақпан айынан 1944 жылдың ақпан айы аралығында 293-атқыштар полкіне РСБ радиостанциясына басшылыққа тағайындайды. Байланыс саласындағы қызметті жылдам меңгерген ол 1944 жылдың ақпан айынан 1946 жылдың маусым айына дейін 285-атқыштар полкінде РСБ радиостанциясына басшы болып тағайындалады. Әскери шені– аға сержант. Можайск түбіндегі шайқаста бірнеше мәрте ұрысқа қатысқан. Соғысты Кенитсберг түбінде аяқтады. 1946 жылдың маусым айынан 1949 жылдың қараша айына дейін 353-атқыштар полкіндегі РСБ радиостанциясында басшы болып, Украинадағы бандыларды жойып, ауыздықтауға қатысады. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген сөз бар. Қанды қырғын арасында 7 жыл 3 ай жүріп, бетпе-бет келген өлімнен 3 рет аман қалдым. Бірде мен блиндаждан шығып кетісімен жанағы жерге бомба түсті. Енді бірде ұрыста жарақат алып, госпитальге түстім, госпитальден шығып келсем, біздің полктан ешкім тірі қалмапты. Украинада Бандераның әскерлерін жоюға қатысқанда да бір ажалдан қалдым, - деп айтады екен. Ол елге 1949 жылдың желтоқсан айында оралады. Елге оралған Жәбікен Шайхымбаев «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «19411945 жылғы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20, 25, 30 жылдығы», «Совет Армиясының Қарулы Күштерінің 30,50, 60 жылдығы» медальдармен марапатталды. Анасы Қалила екеуі 1950 жылы Жездіге қоныс аударады. 1952 жылдан 1955 жылға дейін Қарағандының Абай атындағы педагогикалық училищесінде оқып, бастауыш мектептің мұғалімі деген мамандық иесі болды. Қарағанды педагогикалық институтын сырттай оқып бітіріп, химиябиология пәнінің мұғалімі деген мамандықты алды. Байқоңырдың Қызыл үй елді мекенінде мұғалім, Жетіқоңырдың Ақкеңсе елді мекенінде мектеп директоры қызметін атқарады. 1965 жылы Жезді поселкесіне көшіп келіп, аудандық білім бөлімінде нұсқаушы, Жезді мектеп-интернатында мұғалім, №6 орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Ұрпақ тәрбиелеуге аянбай күш салып, халық ағарту саласында 33 жыл қызмет атқарды. Еңбегін ел бағалап, алдынан дәріс алған білімді азаматтар атамыздың есіміне кір келтірмей әрқашан биік тұтты. Жездіде атам Ілияс Құсайынов, Түсіп Жарылғапов сынды майдангерлермен қатар еңбек етті. Болашақ жастар тәрбиесіндегі елеулі еңбегі ескеріліп «ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісін омырауына тақты.Атамыздың ерлігін мақтаныш етемін. Арамызда жүрген көзі тірі майдангерлерді құрмет тұтамын. Ұлы істе ұлылығын танытқан ардагерлерімізді қалай құрметтеп дәріптесек те артықтығы болмас. Сол себепті, Отанды, елді қорғауға қатысып, сол қан майданда қаза болған боздақтардың және соғыстан келіп, ұрпақ үшін еңбек етіп қайтыс болған аталарымыз бен әкелеріміздің рухына тағзым етіп, бас иеміз.
Атамыздың ерлігі елге – мұра, ұрпаққа – ұран!
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кешпейді асыл ер — деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.
Батылдық пен ерлік жасау арқылы біз жоғарыда аты аталған аға-апаларымыз секілді өшпес із, сөнбес мұра қалдырамыз. Бұл екі қасиет біздің әрқайсымыздың өн бойымызда кездесуі де ғажап емес. Ең бастысы, ерліктің ешқашан есеппен жасалмайтынын есте сақтау қажет. Мейлі, кішкене ғана болсын, мейлі өлшеусіз, орасан зор ерлік болсын, ерліктің аты – ерлік!Тек өзіміз бойымызда бұғып жатқан бұл қасиеттерді дер кезінде көрсетуге әрдайым даяр болайық деп өз ойымды М.Шахановтың «Ерлікке шақыру» деген өлеңінен үзіндімен аяқтағым келеді:
Қорға жаным, сеніміңді жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым,
Басталмай ма, өзіңді-өзің жеңуден.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Омырау күтімі туралы 10 кеңес (+18)



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle