Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

 Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2В. Сақтар
Сабақтың тақырыбы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;
5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын білу
Сабақ мақсаттары: Білімділік:
Сақ тайпаларының мекендеген жерлері және қандай дереккөздері сақтар туралы мәлімет беретінін барлығына толық түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың көпшілігінің сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп, кейбіреуінің зерттеушілік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
Сақтарды ержүрек халық ретінде сипаттай отырып, оқушылардың көпшілігін отаншылдыкқа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту кезеңі
БЫМ.Бастапқы ынталандырушы материал ретінде презентацияның слайдын көрсету арқылы ұсынылған деректен Зарина патшайымын тану үшін үзінді беріледі, екінші слайд арқылы сақтар туралы мәлімет дереккөзін анықтайды.
М.Тарихымызда ел қорғаған батыр, ел билеген патша қыздар көп болған. Әсіресе... заманында патшайым қыздардың даңқы алысқа тарады.
Слайдта Зарина патшайымы, сақ жайында зерттеген деректер.Тақырыпты болжау үшін беріледі.
М.Ойланып көріңіз,сабақтың тақырыбы қандай болмақ? Болжам жасаңыз.
-2-3 оқушыны тыңдау
-тақырыпқа шығу
М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру
Мағынаны тану кезеңі
Сабақтың ортасы
Карта мен жұмыс: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар.
Т.Тапсырма-1: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету.Сақ тайпаларының қоныстануын атау
«Жылжымалы карта». Әр топтан бір оқушы келіп сақтардың орналасуын есіне сақтап,тобына жеткізіп ауызша түсіндіреді, ал топ оқушылары картаға орналыстырады.Топ мүшелері ауысып отырады.
Б.Бейнематериал «Ерден атаның әңгімелері». тарихи анимациялық бағдарлама.Сақтар туралы.
Тапсырма-2.Б.Бейнематериалдан сақтардың түрлерін,мекендеген территория аумағын бейнематериал арқылы бекіту.
Тапсырма-3.
Ж.Мәтінмен жұмыс. Қосымша 1.Сақтар туралы мәліметтер.
Т.1) Сақтардың мекендеген жерін сипаттайтын мәтін ұсыну. Әр топ өз жұмыстарын орындап, таныстырған соң топтар өзара бағалау жүргізеді.
Критерийлері:
1. Тапсырманың мазмұнын ашу
2. Образды ашуда таңдалған сақ түрлерінің атрибутын көрсету
3. Креативті таныстыру,жеткізу
Оқушылар төмендегі тапсырмаларды рөлге бөліп,ауызша орындайды:
І топ. Сақ (тиграхауда)
ІІ топ. Сақ (парадарайа)
ІІІ топ. (хаумаварга)
IV топ.Сақ (исседон,аргипей,аримаспа,дайлар)
Зерттеу мен талдау
Б.Ой шақыру стратегиясы:. Сақ тайпалары туралы бейнематериалдан үзінді көрсетіледі. Бехистун жазбаларынан үзінді.
Ж.Тапсырма-4: «Сo-operative listening» әдісі
Оқушылар «Бехистун жазбаларынан үзінді» бейнебаянды қарайды,бірінші оқушы кілт сөздерін жазады,екінші оқушы тыңдайды.Мұғалім бейнебаянды ортасында тоқтатады, оқушылар рөлдерімен ауысады:екінші оқушы кілт сөздерін жазады, бірінші-тыңдайды.Видео аяқталған соң бір-біріне сұрақ қояды, кілт сөздерін қолданып бейнебаянды сипаттайды.
Тыңдалым,жазылым дағдыларын дамыту.
Т.Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындайды:
І топ. Сақ туралы алғашқы мәліметтер
ІІ топ. Сақ деректері.Грек деректері бойынша
ІІІ топ. Рим деректері
IV топ.Сақ тайпаларының қоныстары
Ж.Тапсырма-5.Оқушылар сақтарды басқаша қалай атағанын және қай жерде мекендегенін жазбаша тірек-сызба арқылы орындау.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 522



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі