Шығарма: Отан қорғаған қорғаушылар

Шығарма: Отан қорғаған қорғаушылар



Айтжанова Лиза
Қарағанды қаласы №82 ЖББОМ-тің 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Жамангарина Э.А

ХХ ғасырдың ең алапат соғысы- Екінші дуниежүзілік соғыс немесе Ұлы Отан соғысы болып табылады. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Себебі, сол күні неміс фашистері сол уақыттағы Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Соғыстың алғашқы күндерінде Кеңес Одағының әскери ері көп шығынға ұшырады. Халқымыздың Отанпарыздығының ерлігінің арқасында, соғыстағы жауынгерлердің батырлығы мен жанкештігінің арқасында жауға тойтарыс берілді. Төрт жылға созылған бұл соғыста жеңіске жету біздің халқымыз үшін өте қымбатқа соқты. Соғыс жылдарында тарихи мәліметтер бойынша жиырма бес миллионнан астам әскерлер мен бейбіт халық апат болыпты. Қазақстандықтар қатарынан алты жүз мыңнан астам ерлер соғысқа шақырылған. Оның ішінде үш жүз елу мыңнан астамы қазақтар. Майдандағы ерлігі үшін қазақстандық жауынгерлердің көбісі Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Көптеген аға –апайларымыз ел басына түскен ауыр күнде елім деп қолдарына қару алып,жауға қарсы тұра білді. Олар:Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Қ.Аманжолов,Б.Момышұлы,Т.Бегиль динов,Р.Қошқарбаев сынды және аттары аталмай хабарсыз кеткен батыр бабаларымыз. Осы жауынгерлердің ерліктерін айта кетсем деймін.
Момышұлы Бауыржан – жазушы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, панфиловшы, Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995). 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8гвардиялық) дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны басқарады. Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтардың бірі – әскери ұшқыш Нұркен Əбдіров.
1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Нұркен Әбдіров майданға жіберіледі. Екі айға жетержетпес уақыт ішінде 16 рет әскери-әуе жорығына араласты, жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын және т.б. техникаларын, 50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Ростов облысы Боков ауданындағы Коньков хуторына шоғырланған жау танкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Шабуыл кезінде Нұркен Әбдіровтің ұшағы отқа оранды. Осыдан кейін ол ұшағын бұрып әкеліп, жау танкілерінің шоғырына соғады. Нұркен Әбдіровке әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Рақымжан Қошқарбаев – Берлинде Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман қазақ жауынгері. 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың сәуірінен Берлинге шабуыл жасаған кеңес әскерлерінің алдыңғы сапында болып, Рейхстагты алу ұрысында асқан ерлік көрсетті.
Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Əлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Осы соғысқа менің атамда қатысқан екен. Менің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме, осындай бейбіт заманда өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін! Ол да батыр! Оған да соғыста көрсеткен ерлігі үшін көптеген медальдар берілді. Ол кісі майданнан аман-есен қайтып келді. Бүгінгідей тыныш заманда дүние салды. Осындай ержүрек батырларды мақтан тұтамыз, себебі олар өз Отанын, атамекенін және отбасын қорғау үшін қолына қару алып майданға аттанды. Осы өшпес ерліктері мәңгілік есімізде! Бүгінде Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтері, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері және "Мәңгілік алау" мемориалдары бар. 9 мамыр күні елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Қалың жұртшылық соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, "Мәңгілік алау" мемориалына гүл шоқтарын қояды.
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау! Батыр-ерлердің арқасында бүгінгі ұрпақ тәуелсіз елде, бейбіт аспан астында өмір сүріп жатыр. Осы күндерді сыйлаған, ел ертеңі үшін кеудесін от пен оққа тосып, зұлмат соғыста қаза тапқан батыр жауынгерлер ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Елімізде соғыс оты тұтанбасын, жеңіс туы желбірей берсін


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle