Шығарма: Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!

Шығарма: Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Жамандықтан сақтану дұғасы

Тұрлыбек Жазира
10-сынып, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан обл, Отырар ауданы
Жетекшісі: Аманжол Айша Сырлыбайқызы

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс - уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.
Өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.
Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген Шеңгелді ауылының құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың сүйікті қариясы бола білген Иманбердиев Әуелбек атамыздың соңғы 2004 жылғы оқушылармен бірге кездескен естелігін алып отырмыз.
Иманбердиев Әуелбек 1921 жылы 14-июльде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында туылған. Жанұямыз ол кезде дихан-шаруа-колхозшы. 1934 жылдан 1937 жылға дейін Шеңгелді бастауыш мектебінің 4-класын бітірген. 1938 жылдан 1939-40 оқу жылында Түркістандағы №19 темір жол қазақ орта мектебінің 7-класын бітірген. 194041 жылдардағы Түркістан қалалық өрттен қорғау бөлімінде істеген.1942 жылдық 4-ші қантарда Совет армиясының қатарына алынып Ленгер, Қазалы қалаларында әскери дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылғы 10–шы мартта майданға қарай аттанып, майданда Украинаның Светогорск, Барвенкова, Запарожья, Николаев, Раздельная қалаларының бағыттарында кескілескен ұрыстарға қатысып, жеңіске үлкен үлес қосқан. ІІІ-Украина майданында 57армияның қармағындағы 244-Запарожья дивизиясының 907-стрелковой полктың 3-баталенында, 3-рота, 3-взводында болып, Молдава Республикасы, Бессаравия, Румыния, Болгария жерлері жаудан азат етілді. 1944 жылы сентябрьден бастап Болгарияда Казанлик қаласында, кейінгі жылдарда Софьядағы Барна полкына (1120 стрелковой полкке) снайпер болғанымыз үшін екі жолдасымен үшеуін ауыстырды. 1946 жылы 18 майда Болгарияның астанасы Софьядан елге оралдық. Армиядан келген соң еңбек майданына араласқан. Кентау қаласы салынғанда Мырғалым – сай тресінің
Түркістандағы базасында 18 жыл десяншик болып істеді. 1949 жылдан 1967 жылға дейінгі уақыттар 1968 жылы Шілік совхозында ет дайындаушы болған. 1969 жылдан 1978 жылға дейін Арыс лесхозында қарапайым жұмысшы болған. 1978 жылдың сентябрінен 1987 жылға дейін Шеңгелді бөлімшесінде егісте сушы, звеновод болып істеп жүріп, құрметті демалысқа шыққан. Соғыс, еңбек ардагері, зейнеткер болып, үлкен жанұя басшысы болып 2004 жылы дүниеден өткен.
Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен соғыс куәгері болған Ә.Иманбердиев пен оқушылар арасындағы кездесуден үзінді берсек...
Кездесуде: - Ата, соғыста аяушылық дегенді білдіңіз бе? Фронтқа алғаш жіберілгеніңізде қандай сезімде болдыңыз, қорықтыңыз ба? - деген оқушылардың сұрақтарына Әуелбек атамыз: - Шайқасқа алғаш кіргенімде, мен өте қатты қорқып кеттім: жау ұшақтары аяусыз атып жатты, танктер үздіксіз ағылып жатты. Біздің әскеріміз минут сайын сирей берді, аяусыз қырыла берді. Әрі қорқасың , әрі аяушылық атты сезім бар, Отан атты ұлы сөзге келгенде намысты жоғары қойып «менің де өліп жатқандардан қай жерім кем» деп жан берісіп-жан алысасың. - Әуелбек ата, ал соғыс аяқталар кезде қай жерде болдыңыз? - 1944 жылы сентябрьден бастап Болгарияда Казанлик қаласында, кейінгі жылдарда Софьядағы Барна полкына (1120 атқыштар полкіне) снайпер болғанымыз үшін екі жолдасымен үшеуін ауыстырды. 1946 жылы 18 майда Болгарияның астанасы Софьядан елге оралдық.
Осы сұхбаттан кейін-ақ көл ұзамай Әуелбек атамыз дүниеден өтті. Халқы үшін, Отаны үшін еңбегін жан аямай сарп еткен атамыздың бейнесі әрқашан есімізде сақталады.
Міне, адамзат жүрегіне айықпас жара салған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпегенін түсіндім. Өйткені, адамзаттың бүгінге дейінгі сапарындағы ең сұрапыл қырғын да Ұлы Отан соғысы екені әлемге аян.
Қанша үйдің ұрлап адамын, қанша үйде сөніп қалды оттар, - деп ақындар жырлағандай, әр шаңыраққа, әр жұрекке салған жара жетпіс бір жыл өтсе де әлі жазылып қойған жоқ.
«Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын осылай дәлелдеп айтып берді. Сондай- ақ, ауылдағы тыл еңбеккерлерінің бүгінгі күні соғыс ардагерлеріне теңестірілуі де көпке игі іс болды.
Ауылдағы тыл еңбеккерлерінің куәгерлері болған: Ұ.Төлегенова, З.Көпжасарова есімді апаларымыздың Отан үшін жасаған іс әрекеттерінің өзі бір тарих. Енді сол апаларымыздың көзі тірісіндегі деректерге сүйенсек: Ұ.Төлегенова апамыз 1923 жылы ашаршылық, зұлмат жылдарды бастан кешірген. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен Ұмсын апа өмірін еске түсіргенде: «Қолымызда кетпен, күрек және жалғыз тракторымыз бар. Сырдариядан канал қазып, су тарттық. Канал қазатын тек әйелдер, кемпіршалдар мен жас балалар. Күндіз жұмыс істеп, түнде майданға киім кешек жөнелтеміз...» - деді. Жұбайым Жаппармен 18 жасымда отасып, 7 ұл, 2 қыз дүниеге келді. Жығылғанға жұдырық дегендей өмір қиындап кетті. Осы қиыншылық жылдары дүниеге келген балаларым бірінен соң бірі шетінеп кете берді. Әрине аштықтың кесірінен анада денсаулық болмаған соң, бала қайдан оқысын. Шырағым қазір ұлым Пернебай мен қызым Жайсан бар. Екі қол қанатыма құдай амандық берсін. Тоғыздан қалған екеуі ״ деп еске алады. Бұл 2006 жылғы Н.Оспанованың «Отырар алқабы» газетіне берген Ұмсын апамен болған сұхбат еді. 2006 жылы Шеңгелді ауылында дүниеден өтті.
Көпжасарова апамыз 1927 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы 8-наурыз ауылында дүниеге келген. 1941 жылы жары Төлекті майданға шығарып салады. Тылда еңбек еткен. 4 ұл, 1 қыздың анасы болған. 2009 жылы дуниеден өтті.
Екеуі де Шеңгелді ауылында дүниеден өтерінде үкіметтің «ҚР-ның Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көріне білген аға- апаларымызды әрқашан есте сақтап, құрметтейік!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Иммунитетті нығайтатын қоспа



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle