Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері

 Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың  жанқиярлық  ерліктері

Серікбай Үміт
8-сынып, №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Жетісай қаласы
Жетекшісі: Егембердиева Бақтыгүл Сапарқызы

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білсем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.
М.Мақатаев
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды.
Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.
Қоршауда қалған қала халқымен қатар бұлар да адам баласы төзбейтін ашаршылықты, қасіретті көрді, шыдады, басқа шара болмады.Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді.
Соғыс өртіне «күймеген», оранбаған жан қалмады. Олар сонда да ажалға бетпе-бет келіп, соғыстың ауыртпашылығын өз иықтарымен жанталаса көтерді. Осындай майдангерлердің рухын көтеретін керемет нәрсе елден келген, кестелі орамал, жылы аяқ киім және хаттар. Хат елден хабар беріп қана қоймай, жүректі дір еткізерлік еді...
Содан бір үзінді келтірсем,
«Амансың ба, С..!
Жағдайың жақсы ма? Немістерді Берлинге қуып барады деп естіп жатырмыз. Жігіттік намысты қолдан берме. Елдегі ағайын-туыстарың сені Жеңіспен оралады деген үмітте. Хатпен бірге мына райхан гүлін жіберіп отырмын. Бұл гүді иіскеп, туып- өскен жерің, туған ауылыңның қырындағы гүлдердің танау қытықтар жұпар иісін, белуардан келер көкорай шалғынын көз алдыңа елестетіп, содан күш-қуат алып, осынау сұлулықты аяққа таптағалы жүрген жауды жайпай түсіңдер. Елге аман-есен оралуыңа тілектеспін.» деп аяқтаған екен. Міне, хаттар қаншама майдангер азаматтардың жүрек тұсындағы қалтасында сақталып кетті екен...
Иә, бірі Отанына, бірі отбасына аман-есен оралса, енді бірі ерлігі үшін орденін де ала алмай жер қойнауына мәңгілікке кетті. Олардың санын шамамен 350 мыңнан бастап 410 мыңға дейінгі деңгейді меңзейді. Бірақ мұнда республикадан тыс жерлерден майданға аттанған қазақтар, еңбек армиясынан оралмай қалғандар, майданда алған жарақаттан қаза тапқандар еніп отырған жоқ. 1930-1937 жылдардағы қуғын-сүргіннен аман қалған зиялылар өкілдерін майданға аттандырған қазақ халқының ең талантты азаматтарынан айырылғаны даусыз факт еді. КСРО-ның тарапынан соғыс әділетті, қорғаныстық сиппатта болды. Германия болса әділетсіз, басқыншылық соғыс жүргізді. Фашистік агрессияға қарама-қарсы тұрған елдердің ішінде Қазақстан өзінің лайықты орнын алды. Бұл факт - кеңес мемлекеті тарихының, оның құрамында болған Қазақстан тарихының, яғни дүниежүзілік тарихтың игілігі. Фашистік Германияны жеңу дүниежүзілік дамудың одан арғы барысына орасан зор ықпал еткен бүкіл дүниежүзілік тарихи оқиғаға айналды. Фашизмнің талқандалуы бүкіл адамзат тағдырындағы елеулі тарихи кезең болды.
Ұлы Отан соғысының аяқталып, Қазақ халқының бейбіт болашақта өмір сүріп келе жатқанына биыл 71 жыл болды. Бұл - бүкіл қазақстандықтар үшін айтулы мереке!
Орнатыңдар ескерткіш асыл ерге,
Жүрді оларды жарлары тосып елде.
Оралмай қалғандарды еске алыңдар,
Қастерлеп атын жазып туған жерге!

Жеңістің сүйіншісін жырлап өткен,
Бір белгі орнатыңдар сөнбес отпен.
Аттары жүректерден өшпей тұрсын,
Жазылғандай кітапқа бас әріппен.

Жатыр ғой олар мәнгі ұйқысында,
Ел қорғап құрбан болған ауыр жылда,
Олардың ерлігінен күш аламыз,
Бүгінгі қиындау ел тұрмысында.

Келешек ұрпақ үшін басын қиған,
Олардан орындалмай қалды мың ән.
Солардың қымбат қаны төгілмесе
Біздерге келмес еді алтын заман
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына берген Жолдауында: «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет» яғни бірлік бар жерде тірлік бар деген сөз.
Бүгінгі таңда қазақ елдімекендерінде көптеген көшелерге, ғимараттарға, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдерімен берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар, өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Себебі: олар - біздің мақтанышымыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?