ZHARAR | 🇰🇿 ✅ | Шығарма | Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

 Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”
Сартбай Қарақат
3-сынып оқушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы
А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебі
Жетекшісі: Тамен Бақыткүл

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.
Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен.
Соғыс біткен жылы жапондарға қарсы соғысқа кетіп бара жатқанын ауылдас досы көрген. Сол соғыстан менің ержүрек атам қайтпады. Ол кісінің соғыстан кейін тірі қалғаны, қалмағаны белгісіз. Ол туралы хабарсызбыз. Менің дәл бүгінгі күндей бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін. Ол да батыр! Өйткені, жыл бойына тыныш, бейбіт заманда өмір сүрудеміз. Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл болды! Жеңіс куні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.
Бұл мереке - біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмтылмастай ізін қалдырды.
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы,
Жеңіс туы,
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Жеңіс жыры,
Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім- салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім- береке, бақ, дәулет!
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қәзіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз!
9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы.
Біздің парызымыз - бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау! Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 71 жыл толуына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине,олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін! Әрқашан күн сөнбесін! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінекей,71 жыл толды! Яғни, біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.
Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншамаотбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды. Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейн тыңбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті. Бүгінде соғысқа қатысқан ардагерлер азайып бара жатыр. Соғыс туралы әңгімелер ертегі сияқты. Көп қасірет әкелген соғыс енді қайталанбаса екен деп тілейміз. 9 мамыр- жеңіс күні ерлердің ерлігіне тағзым етеміз, ортамыздағы ардагерлерге құрмет көрсетеміз.
Әр баланың жүрегі
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын Анам!
Болайын мен де аман! - деп әндетеді.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Аико - Вчера, 23:13
Жақсы мен Жаман

Жаксы исимен

Гость Айгул - Вчера, 21:20
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Мустекова Айжан Алжанбаевнаа - Вчера, 20:57
Сертификат алу !!!

Жұмысымыз бағаланып сертификат алсақ өте тамаша! Сіздерге көп рахмет!

Гулжан - Вчера, 19:46
Қазақ тілі Т1 (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған ренжімей 5сыныптың қазақ тілін 1тоқсаның тжб мен бжб сын жыберіп беріңізші

Белгісіз жан - Вчера, 18:06
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Саламатсызба маған 5 сынып

Амина Абдалиева - Вчера, 17:57
Информатика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Информатика 6сынып тжб керек жауабы болмаса болмасын

Гость Аружан - Вчера, 17:30
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Матемнен тжб 1 токсан керек

Маша - Вчера, 17:23
Денсаулық туралы шығарма, эссе

Оче по поводу работы на работу не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не хочешь со мной общаться не

Алижан - Вчера, 15:25
Туған күн

Менин атым Алижан мен 12Жастамын

ахмет - Вчера, 15:20
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 сыныптагы 1 токсандагы жауабын бериндерши😖😖😖