ZHARAR | KZ ✅ | Шығарма | Бейбітшілік мәңгілікке орнасын

Бейбітшілік мәңгілікке орнасын

 Бейбітшілік мәңгілікке орнасын
Қосан Сәния
10 сынып оқушысы М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Түркістан қаласы Құшата ауылы
Жетекшісі: Сағындықова К.

«Айда аяқ жоқ, жылда жілік жоқ», - дегендей, желдей есіп, «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» да аяқ бастық. Ұлы Жеңіс күнін жанқиярлық ерліктерімен, қорқыныш сезімі билемей жақындатқан, Отаны үшін жан қиған жауынгер ата-апаларымызбен мақтанамын. Иә, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегенін тарих беттеріне салған соғыстың бедерлі-іздерінен айқын да анық байқауға болады. 1941 жылдың 22 маусымының мамыражай күні фашистік Германия шырт ұйқыда жатқан елімізге тұтқиылдан өзінің жасаған жоспарымен шабуыл жасады. Бұл соғыс ешкімді де елеңдетпей қоймады. Жауға тойтарыс беру үшін Республиканың түкпір-түкпірінен жауынгерлер «Өліспей, беріспейміз!», «Отан үшін қаныңды төксең де, арыңды төкпе», - деген ұранмен соғысқа аттанды. Отанды қорғау үшін Кеңес Армиясының қатарына үстіне сұр шинелін киген қаншама қаракөз боздақтарымыз да майдан даласындағы оққа кеудесін тосты.
Бұл жауынгерлер әр отбасының тірегі: бірінің сүйген жары, бірінің қимас бауыры, бірінің бауыр еті баласы, енді бірінің асқар тау әкесі еді. Арқа сүйер азаматтарын соғысқа аттандырарда сол ата-апаларымыз осылардан қаралы хат келеді-ау,- деп ойлады ма екен? Жоқ, олай ойлай қоймаған шығар. Қайта жігерлендіріп, сенім білдіріп, аман-есен елге жеңіспен оралуын жандарын шүберекке түйіп, тілеген болар.
Ел басына осылай күн туған шақта тылда қалған апа-аналарымыз белді бекем буып, білек сыбанып қара жұмысқа кіріскені, бейнетпен иығы иіле жүріп, майдандағы ер-азаматтың тілегін тілеп, сұрапыл жаудың бетін қайтарып отырған әскерлерді киіндірген де, азықпен, тіпті, оқ-дәрімен қамтамасыз еткеніне өзіміз оқыған көркем шығармалар мен ардагер атаәжелеріміз айтқан естеліктері дәлел. Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып , «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» - деп, тыным таппай күні-түні еңбек етті. Бұрын үйден шықпаған аналарымыз соқамен жер жыртты, өгіз айдады, трактор рөліне отырды. Жұмыс таңдамай, ауыр бейнетпен күн кешті. «Басқа түссе, баспақшыл», - демекші басқа салғанын көріп, жеңісті жақындатуға олардың да үлес қосқандарын Несібелі әжейдің естелігінен білеміз.
Сұрапыл соғысқа, балалық шағы, оқ борап, от шашқан сол уақытпен тұспа-тұс келген жастайынан, бұғанасы қатпай шаруаға араласқан балалар тойып тамақ жемей, аш-жалаңаш болса да майдангерлердің жеңісті
жақындатуына өз үлестерін қосқаны сөзсіз. Олар жаутаңдап, көңілдеріндегі зор үмітпен әкесін, ағасын тағатсыздана күтті. Қазіргі таңда Қ.Әбдірайымов, Ә.Ануаров, Б.Тайбеков, Т.Қасымбеков, М.Жұмабаев, А.Шүленбаева, Қ.Бекбергенова ата-апаларымыз тыл ардагерлері аталып, бақытты ғұмыр кешуде.
Соғыстың алғашқы жылы-ақ елді дәрменсіз күйге ұшыратып, майдан шебінен келген «қара қағаз» талай аналарды, қыз-келіншектерді, жаутаңдаған балаларды күйретті. Сонда да өздері дүниеден өткенше боздақтарын күтумен, үмітпен күндерін өткізді.
Сол күнгі және келешектегі кемел өмірдің жайын ойлаған, күндіз-күлкі көрмей, түнде ұйқы көрмей жеңіске жету мақсатында қаруы мен қаламын қатар ұстаған қайталанбас, аттары аңызға айналған ержүрек батырлары, ерліктің толассыз қайнары, өшпес өнегесі тозбайтын асылдары: Б.Момышұлы, Б.Бұлқышев, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаев, С.Мәуленов секілді т.б батырларға тағзым ету, өзім секілді кемел келешекті ойлайтын жастарға міндет деп білемін.
Төбе шашыңды тік тұрғызар сұмдықтарды көзімен көріп, жарымжан мүгедек болып елге оралған ардагерлерді көргенде, Ә.Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны, қарағым» өлеңі еріксіз ойға оралады. Соғыс атаулының оңғаны жоқ. Соғыс − мықтының әлсізге үстемдігінен, не саясаттың сатпағынан болатын қырғын. Ең өкініштісі, мұндай алапатта көбінде қарапайым халық зардап шегіп, әлсіздіктен тілі байланып титықтап жүріп жер құшады.
«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі», - демекші көретін жарығы бар, елге оралу бақыты жазылған жауынгерлер елге оралып, ел дамуына өз үлестерін косып, түрлі қызметтер атқарды. Тіпті, біздің шағын ғана ауылымызда Рақымжанов Тәжібек, Жұматаев Әжентай, Кадиров Махмұт аталарымыз елге оралған соң, ұстаздық қызмет етіп, талай шәкіртке білім берді. Ал Тұйғынбеков Сұңқарбек, Оралбаев Оқап, Сәрсенбаев Жұмабек, Қалдыбаев Жамалбек аталар зейнеткерлікке шыққанша, колхоздың өркендеуіне өзіндік үлес қосты. Жанымызды қынжылтатыны ауылымызда осы ардагер аталарымыздың бірі де қалмауы. Естеліктерді өздерінің аузынан естуші едік, енді барлығын тек мұрағаттағы бейнежазбалардан ғана көре аламыз.
Соғыста ет жақындарынан айырылған отбасылардың, жесір қалған аналар мен жетім қалған балалардың қасіретке душар болғанын ұмытпаған жөн. Бейбіт күн үшін айқасып, ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың төккен қаны мен қыршынынан қиылған жаны да санамызда сақталады. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі», деген даналық сөзді жадымызда сақтап, қар жастанып, мұз төсеніп, Отанын қорғаған батыр аталарымызды мәңгі ұмытпаймыз. Керісінше, еліміздегі Отан үшін от кешкендерге арналған тарихи ескерткіштерге барып, тебіреніспен еске алатын боламыз. Қайсар рухты батырлардың ұрпағы болғанымызды мақтан тұтып, елімізді әлемге паш етіп, кешегі жанын қиған ата-бабаларымыздың асыл арманының орындалуына өз үлесімізді қосамыз деген сенімдемін. Шығармамды жүректен шыққан өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Жеңіс оты мәңгі өшпесін лауласын,
Ел данасыз, бала анасыз қалмасын.
Ешқашанда соғыс өрті шалмасын,
Бейбітшілік мәңгілікке орнасын.
Келер ұрпақ соғыс сөзін білмесін,
Батырлардың даңқы мәңгі өшпесін.
Боздақтарға арнап жаққан алауым,
Мәңгі бақи лаулап тұрсын сөнбесін!
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР

Далмира - Вчера, 23:19
География (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған 8сыныптын бжб тжблары керек.

қадыс әмина - Вчера, 22:54
Фотосинтез үдерісі 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

ия қосылам

Bopeshka - Вчера, 22:50
Қыс туралы шығармалар топтамасы

....