Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар жайлы деректер

 Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар жайлы деректер

Дархан Аружан
9 сынып "Шарбұлақ" жалпы орта мектебі,
Қазығұрт ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Жетекшісі: Сүлешова Роза

Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінің басында-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Мыңдаған жауынгеріміз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралды. 23 тамыз - Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Зубцов қаласының жау қолынан азат етілген күні. Сұрапыл соғыс айналып өтпеген бұл жер 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың жазында қарсылас қос елдің шабуылдары қызған жер. Елін қорғаймын деп жырақта қаншама жауынгер жер жастанса, олардың арасында белгісіздер тізімін толтырғаны қаншама. Биыл міне, 50-ге жуық боздақтың аты-жөндері анықталып отыр. Олардың арасында Қазақстаннан майдан даласына кеткен 6 азаматтың, 2-уі оңтүстікте туылғандар. Майданға аттанған күннен бері хабар-ошарсыз болған Байназаров Қайнарбұлақ ауылында туған. Арнайы топтар оның сүйегін тапты. Ал, өз кезегінде топ басшысына делегация ақсақалы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Ержанның арнайы сияпатын туыстарына табыс етті. Жарты ғасырдан кейін жақынын тапқан жанның бірі - Салқынбек Қалдаров. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туылған қария ұрыс даласында белгісіз кеткен әкесін сабыла 76 жыл іздейді Тек, Ұлы Жеңістің 68-жылдығы қарсаңында ғаламтор арқылы асқар тауы әкесі Қалдар Байбағысовтың қай жерде қаза тапқандығын естіп, ақтық демі таусылған жерге баруды ұйғарады. Жат жерде жатқан боздақтың есімі құлыптасқа қашалып жазылып, жауынгердің туған ауылынан бір уыс топырақ алынды. Соғыста қаза тапқан майдангер аталған ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Гнилева деревнясындағы бауырластар зиратында жерленген. Ну орманның ортасындағы елдімекен картада болғанмен, бүгінде ол жерді тірі жан мекен етпейді екен. Тек Успенское поселкалық билігінің көмегі арқасында бауырластар зиратына барып, Салқынбек Қалдаров әкесінің басына құлыптасты арулап қойды. Осылайша елін, жерін жаудан қорғап, жат жерде қаза тапқан боздаққа туған жердің бір уыс топырағы 76 жылдан кейін бұырды.
Отаннан жырақта қалған батырларымыздың бірі - Мұхамедқұл Исламқұлов. Ол 1906 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында туып, 1929 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіреді. «Соцалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеп жүрген қарымды журналист кітап жазуды ойға алғанымен мақсатына жете алмайды. 1941 жылы Мұхамедқұл Исламқұлов майданға аттанады. Қаламдас достары Қасым Аманжолов, Әзілхан Нұршайықов, Мәлік Ғабдуллинмен бірге Отанды қорғау үшін қан майданға кіргенде, орда бұзар 35 жаста болатын. Панфилов дивизиясының құрамында жүріп, Бауыржан Момышұлының мақтауына ие болған жауынгер кіші лейтенант шеніндегі батальон командирі еді. «Батальонға басшы майор не полковник шеніндегі адам болуы керек. Дегенмен, бәрібір мен батальонды 6шы ротаның взвод командирі, партия қатарында жоқ, кіші лейтенант Мұхамедқұл Исламқұловқа тапсыруға шешім қабылдадым. Ол бұрынғы болыстың баласы, әкесі 25 жыл болыс болған, бейбіт уақытта мұны да қудалаған. Өте ақылды, жүрек жұтқан батыр командир болатын. Кіші лейтенант болса да оны батальон командирі етіп тағайындадым»,-деп жазады Бауыржан Момышұлы. Қас батыр Төлеген Тоқтаровпен майдандас болған Мұхамедқұл Исламқұлов секілді абзал аза-маттар ұмытылмайды. Есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Айта кетейік, Старая Русса қаласының айналасында соғысқан, ОҚО Түлкібас ауданының тағы бір тумасы бар. Ол - Лештай Демеуішов. Ауыр да сындарлы күндерді өткізіп, қаза тапқан қазағымыздың сүйегі бауырластар зиратының бірінде жатыр. Батыр бабамыз Мұхамедқұл Исламқұлов кезінде екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған еді. Өкініштісі, түрлі себептермен батырға бұл атақ берілмеді. Сталинград майданында қазақстандық сұңқарлар мәңгі өшпес ерлік көрсетті. Қазақтың мәңгі қаһарман ұлы 1942 жылы 19 желтоқсанда 17-ші жауынгерлік сапарында ИЛ-2 ұшқыштар звеносын басқарып шығып, жаудың БоковПономаревка ауданындағы бекінісінде шоғырланған техникаларын жоюға аттанды. Сол сапарында өрт шалған ұшағын жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап, қаһармандықпен қаза табады.
1931 жылы 31 наурызда Нүркен Әбдіровке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Асыл азаматтың сүйегі Ростов на Донуда жатыр. Боков ауданы, Коньков хуторының шет жағасындағы бейітте орыс, украин, белорусь және өзге де ұлттың баһадүрлері жатыр. Сталинград майданы Қазақстанға ең жақын жер болатын. Сондықтан, бұл маңда күрескен қазақстандықтар артқа бір қадам шегінбестен, қамалды қорғады. Қазақстаннан көптеген техникалар, қажетті заттар жіберуде тылдағылар аянбады. Соның бірі облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуарбек Бейсенің әкесі, Шаян ауданы, Ақбастау колхозын 28 жыл басқарған Бейсе Беласаров өз қаражаты есебінен Сталинград майданына танк сыйлаған болатын. Осы ісі үшін Ұлы қолбасшысы Сталиннің қолынан алғыс хат алды. Батыр қаланың әрбір кірпі үшін соғысып, жаудың жеңгендерің бірі «Павлов үйін» қорғаған кіші гарнизон азаматтары. Әр ұлттың өкілдерінен құралған жауынгерлер осы үйді азат етіп, қорғап қалу үшін барын салған. Соның ортасында тек бір қазақ болыпты.
Ол - Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елдімекенінің тумасы, жерлесіміз – Тәлібай Мырзаев. Жаудың оғынан «Павлов үйін» қорғап, ерлік көрсеткен ердің есімі үйдің қабырғасындағы мемориалды тақтада жазулы тұр. Қарсыбай Спатаев 1918 жылы Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында дүниеге келген. Мектепте орта білім алғаннан соң 1931 жылдан соғысқа дейінгі кезеңде өзінің туған ауылы қазіргі Бәйдібек ауданы «Көктөбе» колхозында есепші болып жұмыс жасайды. Ел басына қауіп төнген шақта, батырдың Түгелбай, Сапарбай және Базарбай есімді бауырлары майданға аттанған. Артынша 1942 жылждың наурызында әскери комиссариатқа өтініш жазып, өз еркімен әскер қатарына алынады. Тұңғыш рет ұрысқа кіргеннің өзінде миномет оғымен жаяу әскерінің бір взводына дейін жойып дібереді. Сталинград майданының оңтүстік батыс жағалауындағы Барманцак және Цаца көлдерінің аралығындағы майдан шебін-дегі ұрыста ерекше ерлік жасайды.Қазіргі Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасы, Шарнут елді-мекенінде 1942 жылдың қыс айында стратегиялық маңызы зор кескілескен ұрыс басталады. Спатаев 13-ші жеке атты-артиллериялық дивизоны 61-ші атты әскери дивизияның 4ші корпусы құрамында болды. Аталған корпус Сталинград қоршауы басталғанға деәін Ортаазиялық әскери аймақтан темір жол арқылы қаланың оңтүстігіне қарай орналасқан ауданға шұғыл түрде жіберілген еді. 1942 жылдың 26-шы қарашасында Сталинград түбінде өткен қиян-кескі шайқаста Кеңес әскерлерін жаудың 36 танкісі үш жақтан қоршайды. Қарсыбай Спатаев танкілермен келе жатқан жаяу әскерді қопарғыш минометпен дәл көздей отырып, атқылап тоқтады. Ол шешуші сәтте Отан алдындағы парызын бәрінен биік санап, қолындағы қопарғыш затпен шынжыр табанды танкінің астына түсіп, жарып жібереді. Батырға қаза болғаннан кейін, 5 айдан соң 1943 жылдың 17 сәуірінде Кеңес Одағының Батыр атағы беріледі. Волгоград қаласынан 200 шақырым қашықтықта жатқан, Шарнут елді-мекенінде батырға арнап мүсін орнатылғанымен есімі бұған дейін жазылмаған болатын. Бауырластар зиратында Кеңес Одағының Батыры Орман Түктібаевтің денесі жатыр. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында алынып, 391-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданды.
Пулемет бөлімшесінің командирі ретінде Прибалтика майданында болған қызу шайқаста ерлік көрсетеді. 1944 жылы жаудың 20 әскерімен жеке айқасып, бір өзі бірнеше неміс солдатын жайпайды. Алайда, фашистің атқан оғынан опат болады. 70 жыл бойына ну ормандағы окопта ескерусіз қалған батырдың сүйегін Латвия Республикасында жасақталған «Легенда» іздестіру тобының ізкесусшісі Ральфс Капачс тапқан. Ол 1944 жылы ерлікпен қаза тапты. Бір өкініштісі, олардың санын дөп басып айту қиын. Ескерткіш тақтайшаға соғыс кезінде қаза тапқандар толық жазылмаған. Олардың арасында қазақ бауырларымыздың басым екенін аңғаруға болады. Қазығұрт тауының етегіндегі Қарақия елді мекенінен 60-қа жуық азамат шақырту алып, майдан шебіне аттанса, тең жартысы туған жерге оралмады. Із-түссіз кеткендердің бірі - Қасымбек Нұрсейітов.
Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, хабарсыз кеткен жауынгерлердің сүйегі әлі де табылуы мүмкін екен. Өйткені, зерттеу жұмысы толық жүргізілмеген. Сондай-ақ, табылған жауынгерлердің аты-жөнін анықтаудың өзі қиынға соғып тұр. Ал, Латвиялық іздестіру жасағы қандасымыз Қасымбек Нұрсейітовтың іс-әрекеті тыянақты адам болғандығын алға тартып отыр. Себебі, сүйегінің жанында өзі қолданылған алюминий тарағы табылған. Онда «11.06.1944. Нұрсейітов Қасымбек» деген жазу сол күйде сақтаулы. Ауце уезінде ұрысқа түсіп жау қолынан қаза болған хас батырдың орны бөлек. Себебі, сұм соғыс кезеңін кешіріп, тепсе темір үзетін жастық шағында көз жұмды. Елі үшін туып, елі үшін өлген Қасымбек Нұрсейітов қаза тапқан. Минскіден бастап Брест, Гомель, Витебск, Могилев сынды қалалары жермен жексен ете бомбылаған. Сол жылдары 2 млн 230 мың адамынан айырылса, 240 мыңы Германияға құлдыққа айдалды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі