Шығарма: Халықты зар жылатқан - соғыс

Шығарма: Халықты зар жылатқан - соғыс



Тұралова Гүлсезім
10- сынып, Б. Бегалиев атындағы орта мектебі,
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Жетекшісі: Бактигереева Жанар Мендихановна

Соғыс. Естігенде денең тітіркеніп, жүрегің мұздап, бойың дір ете қалады. Соғыс ол күйретуші күш. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, халықты зар жылатқан, жас бүлдіршін балаларды жетім қылған, аналардың сүйеніші болған ер азаматынан, көз айым болган тірегі баласынан айырған, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын аты жаман ажал.Сондай бір қазақтың басынан өткен ауыр кезең – Ұлы Отан соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта өзінің ойып тұрып орнын алған, мәңгі есте қалатын күн. Сонау 1941 жылы басталған бұл соғыс тып-тыныш жатқан қазақ ауылының тыныштығын бұзған. Ойда жоқ та жым-жырт жатқан ауыл тұрғындарына фашистік германия әскері шабуыл жасап, каладағы, ауылдағы жас бозбала жігіттерді, ағаларды жаппай әскер қатарына қосып, тіпті апаларымыз да соғысқа аттанды.Сол бір азаттық жолындағы күрес үшін аға – апаларымыз өз жанын аямады.Олардың елім, жерім, халқым деген жүректері тек тәуелсіздік, азаттық, бостандық деп соқты.Олардың елі мен жеріне деген махаббаты соншалық өз денесін оққа тосты, жеңіс жолында аянбай еңбек етті, өмірлерін пида етті.
''Отан үшін отқа түс-күймейсің, Отан оттанда ыстық'' – деген мақалдар осыдан, осы аға – апалардың ерлігінен қалған тәрізді. Бұл соғыста қаншама бауырларымыз қаза тапты, отан алдындағы борыштарын ерлік пен атқарып қаза тапты. Қаншама күн, қаншама түн, аспаннан қарша бораған оқтар, зеңбіректер мен танклердің гүрсілдеген дауыстары, күннің ыстығы мен суығына, азық- түліктіңі аздығы, киімнің жетіспеушілігі, төсек – орыннын болмауына қарамастан жеңіс деп ұрандап алға шапты. Осындай ер жүрек қазақ ұлдарының намысын, өр рухын ояту үшін, күшіне- күш қосу үшін қазақтың ақындары, әншілері, тіпті балуандары өз үлестерін қосты. Әнші апаларымыз қалаларды аралап, ар түрлі казармаларға барып сарбаздарды соғысуға шакырып өздерінің әндерін айты.Сол сияқты қазақтың аттақты балуаны Қажымұқан атамызда үлесін қосты.
Ол 1944жылы неше түрлі шоуларды әр түрлі қалаларға іс-сапармен барып өзінін өнерін көрсетеді. Барлық шоулардан 100 мың сом жиналады. Осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. Қажымұқан атамыздың көмегіне Сталин 29-ыншы қазанда рахметін айтып хат жолдайды. Сонымен қатар ақын ағаларымыз да сарбаздарға өзінің отты жалынды алмастай өткір өлеңдерін шығарып оларға рухани қолдау көрсетіп, ел үшін, жер үшін соғысысуға үндеді.Солардың бірі Жамбыл Жабаевтың ''Ленинградтық өренім'' атты шығармасы.'' Ленинградтық өренім'' деген өлеңі жау қоршауында қалған қаһарман қаланың қорғаушыларына, сарбаздарына рух берді, қуат қосты, оларды жігерлендірді. Оның:
''Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі!
Жасағамын өмірді,
Жау біткенде жеңгелі.
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтанғандай ел кегі.
Жолды кернеп қол кетті,
Сендерге дем бергелі.
Нева алабын қорғаңдар,
Ленинградтың ерлері.
Ұрапаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!'' – деген жолдарынан сарбаздарға елдеріңді, жерлеріңді қорғаңдар, азамат ретіндегі борштарынды орындаңдар дегенді ұғуға болады. Сонымен қатар әскер қатарына, 1941-1945 жылдары майдан шебінде соғысқа қазақтың 100ге жуық ақын – жазушылары қатысты. Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов сынды қаһарман партизандар жау тылында аянбай шайқасты. Барлық Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО бойынша 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы Қазақстандықтар. Сонымен қатар Ленингадты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар 310, 314-атқыштар дивизиялары қатысты. Мыңдаған қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Қазақстан халқы Ленинградтықтарға азақ-түлік пен делегатцялар жіберіп көмектесіп отырды. Фашистердің Шығыс майдандағы әскерлерінің көбіне жуығы Ленинград бағытында шоғырланды, осы елеулі күшті талқандауға кеңес әскерлері асқан ерлік көрсетті. Солардың арасында менің атам Өтеуішов Хасанда болды. Атам екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс–фашист әскерлерінен Ленинградты қорғау мақсатымен 1942-інші жылы майдан шебіне аттанған.
Әжемнің айтуы бойынша атам майдан шебінде қаза тапқан. Атамның нақты қай жерде қаза тапқаны белгісіз. Атамның есімі Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші селосындағы боздақтар тақтасында жазылған. Мен өзімнің батыр атам мен мақтанамын, оның Ленинград түбінде ерлікпен шайқасқанын естігенде, кеудемді куаныш кернейді. Міне содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтседе, еш нәрседе ұмытылған жоқ. Бізді осындай күнге жеткізген сол аталарымыздың, ер жүрек ағаларымыздың, батыр апаларымыздың ерен еңбектерінің, күш-қажырлығының,ерліктерінің арқасында біз осындай тамаша күнге жеттік. Ұлы Отан Согысында 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, олардың Қазақстаннан шыққандары-497, оның 97-і-қазақ.Бұл құрметті атақ алғаш рет 1941 жылдың 22 шілдесінде 19-танк дивизиясының командирі, аты аңызға айналған қазақ Бауыржан Момышұлына берілді. Сонымен қатар төрт қазақстандық ұшқыш Т.Я.Бегелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский- Кеңес Одағы батыры атағын екі мәрте ие болғандар. Шығыс қыздарының арасында бұл құрметті атақты алған Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлованың орындары айырықша.
Сондай-ақ Кеңес Одағы батырына ие болғандардың ішінде асқан ерліктерімен көзге түскен С.Баймағамбетов, Т.Тоқтаров, А.Ыбыраев, М.Ғабдуллин, Н.Әдіров, Ы.Сүлейменов және қазақ халқының аяулы ұлдары бар. Олардың ерліктерін ұрпақтар ешқашан ұмытпайды. Осылардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын көтеріп, жеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні. Бұл күннің толағы ашщы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондық бұл күн қазақ халқы үшін ең маңызды ұмытылмас Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске еш нәрсеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш- әрине, ''бірлік''. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер, қайтпас-қайсар, өр рухты халық. Ләйім алла басымызға енді мұндай күн туғызбасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш, тыныштықта, тәуелсіз егеменді елде бейбіт өмір кешейік.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle