«Ерліктері ұмытылмас ел есінен»

 «Ерліктері ұмытылмас ел есінен»

Өмірзақова Інжу
9-сынып №22 жалпы орта білім беретін мектеп
Жылыой ауданы Атырау облысы
Жетекшісі: Қасанова Нұрсұлу

Қиындық пен қуаныш қатар тұрар бір егіз,
Төзе білсек, бәрін де оңайлықпен жеңеміз.
Тар жол, тайғақ кешкен ата-бабам,
Есімдерін мәңгілік ұмытпастай жүреміз, -деген өлең жолдарыммен, Жеңіс күніне арналған ой толғанысымды ақ қағаз бетіне түсірейін...
Иә, Жеңіс туының желбірегеніне биыл 71 жыл толып жатыр. «Еліңді сүйсең ерлік істейсің» дегендей қазағымнан шыққан алып батырлар елі үшін жан пида қылды. Азапқа толы күндер, ұйқысыз түндер, бауыр еті баласы мен жан жарынан жырақта болу, әрине, өте қиын... Аспаны ашық, отбасы, бала қамымен тыныштықта өмір сүріп жатырған еліме, кенеттен қара бұлт үйірілді. Зардабы сан мыңдаған адамның өмірін жалмады. Сол бір төрт жыл еліме қасірет әкелді.Аналарымыз ауыр-ауыр жұмыстар атқарып, әкелеріміз, ағаларымыз майданда ел үшін талаң-тартыста болған. Ұлы Отан соғысына қатысушы батырлардың көбі Қазақстаннан шыққан қайсар ұл-қыздарымыз болатын. «Шешінген судан тайынбас» дегендей 18-19 жасар жастарымыз соғысқа өз еріктерімен барып, тәуекел етті. Олардың сол кездегі Отанына деген сүйіспеншілігі, қайсардай мінезі келер ұрпақты патриот болуға тәрбиелейді.
Сан жылдар өтіп кетсе де, Ұлы Отан соғысының сол бір ызғарын жыл сайын еске алып тұрамыз. Бойымызға Отанға деген махаббатымыз одан сайын артып, тұла бойды шабыт билеп әкетеді. Сол бір қанжоса соғысқа қатысушы аталарымыздың аяқ басып жүргендері жоқтың қасы. Атыраудай әсем қаладан шыққан алып, қайсар батырлар да аз емес. Б.Нысанбаев Орел облысы үшін,М.Баймұханбетов Ленинград үшін, Х.Доспанова 46-гвардиялық полкінің құрамында болса, Қ.Смағұлов сынды батырларымыз Керч үшін шайқасқан болатын. Соның ішінде сұрапыл соғыс кезінде өлім мен өмір белдескен, түтеген оқ боранның ортасында қаншама жауға тойтарыс берген – Қайырғали Смағұлов атамның өмірі мен өмір жолы мені бей - жай қалдырмады.
Қайырғали атам 1919 жылдың қыркүйектің 5 жұлдызында дүниеге келіпті. Жастайынан оқу- білімге талпынып өскен, балалар үйінде жеті жылдық білім алған екен. Бір қызығы Қайырғали атамды Константин Иванович есімімен де атаған екен. 1939 жылы әскер қатарына борышын өтеп жүрген кезінде майданға аттандырылады. Айырықша батылдығы, әсіресе, Керч түбіндегі ұрыста байқалады.Қайырғали атаның жеке өзі Эльтигендегі болған ұрыста жаудың 20-ға жуық әскерін жойған. Кеңес төралқасының жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағын алған.Соғыстан келгеннен кейін де одан әрі еңбек етті. 1950 жылы Алматыдағы партия мектебі жанындағы курсты бітірген. Директорлық қызмет атқарды. Батыр атамыздың өмірі мен ерлігі Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған және де «Жаңа Достар » әңгімесінен бастап Қайырғали атамыз бізге «Қайрош» есімімен мәлім. Шығарманың желісі жас ұрпақты адалдыққа, сабырлылыққа баулиды...
«Қаhарлы қамал бұзады» дей келе, немістер өздерінің «Барбаросса» деп аталған қатігез жоспарымен шабуыл жасады. Ол, рас, алайда қанша тойтарыс берсе де, бірлікпен жұмылған күшті жеңе алмады. Әрине, залалы оңайға тимеді, көптеген жерлер шығынға ұшырады, адам қырғыны көп болды. Бірте-бірте бәрін жөнге келтіріп, одан да мықтырақ бола түстік. «Батырға жау жоламайды» деп айтқан халық даналары. Иә, бірлігі мықты, қайсар, батыл елді ештеңе де жоя алмайды.
Міне, бүгін 71 жыл толыпты,
Мәңгілік бақыт құсы аспаныма қоныпты.
Қалайша жырламайын Жеңіс күнін,
Тұла бойдан шығарайын келіп тұрған шабытты.
«Соғыс» сөзі бес-ақ әріп болса да,
Қалдырды мұң жүректерге қаншама.
Зардабы кетер емес ел есінен,
Тиді ғой елім деген тұлпарларға.
Еш нәрсе шешілмейді оңайлықпен,
Ең алдымен сабыр керек шыдамменен.
Жауынгерге жара да жарасады,
Елі үшін қаза тапқан ерлікпенен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі