ZHARAR | KZ ✅ | Шығарма | Елімен өмірі өзектес

Елімен өмірі өзектес

 Елімен өмірі өзектес
Мәлікұлы Мырзахан
Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы 9 сынып
Мұғалім:Сейтказиева Галия Самалиховна

Қан майданнан, сұм ажалдың отынан
Аман келген, Алғыс алған Отаннан.
Жауынгердің бірі болып аттанып,
Біздер үшін Батыр болып оралған.
Ж.Шахидоллақызы
Ауданымызға белгілі үлкен әулеттің Бәйтерегі, бәздің бәріміз үшін қасиетті де қымбат жан – Сіз болдыңыз және сондай болып қала бересіз, Самалық Көке! Сіз біздің әруақытта есіміздесіз, биылғы Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығында Сізді ерекше мақтаныш сезімімен еске алып отырмыз. Халқыны қалаулы, қажет кезде Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер, еңбегңмен еліне елеулі, кезінде үлкенге де кішіге де қамқоршы, өз ортасында абыз қарттардың бірі болған абзал Азамат, бауырларыңыз бен ұрпақтарыңызға ұлағатты «Көке» бола білген Сіздің есіміңіз әулет мүшелерінің мәңгілік жадында болуымен қатар, әр жылдарда бірнеше ұжымшарды табысты басқара білген басшы ретінде де аудан тарихынан да өшпейді. Көке! Біз Сіздің ұл – қыздарыңыз және олардан тараған ұрпақ екенімізді мақтан тұтамыз! Сейтқазиев Самалық, 1908 жылы туды. Туған жері Гурьев облысы, Есбол ауданы, Қаңбақты ауылы. Әкесі Сейтқазы Туашов 1917 жылы қайтыс болды. Шешесі Туашова Ақкенже 1929 жылы қайтыс болды. Әкесінің негізгі халы – кедей, бұрынғы орыс-қазақтың байларына жалданып, малын бағып күн көрген. Шешесі Ақкенже Тума ауылындағы Әбілкәрім деген кедей адамның қызы, туыстарында сотталған ешкім жоқ. 1917 жылы әкесі өлгеннен кейін 1929 жылға дейін шешесінің қарауында болды. 1929 жылдан 1931 жылға дейін Тума ауылындағы Аралов Қалидолланың малын бағып күн көрді. 1929 жылдан 1931 жылға дейін өз шаруашылығында болды. 1931 жылы 1-қарашадан 1933 жылғы 20-ақпанға дейін Қаңбақты ауылы «Тас арал» колхозының мал шаруашылық бригадирі болып жұмыс жасады.
1933 жылғы 20-ақпаннан бастап, «Тас арал» колхозы ажырағаннан кейін, Қаңбақты аулындағы «Құм» атты серіктестікте 1937 жылға дейін мал шаруашылығы бригадирі және соңғы кезеңде сол серіктестік басшысының орынбасары болып жұмыс жасады. Бұл жұмыстан 1937 жылғы 20-маусымда «Мәдениет» колхозының басқармасы болып сайланды. Осы «Мәдениет» колхозының басқармасы болып 1941 жылдың 23-шілдесіне дейін жұмыс жасады. «Мәдениет» колхозынан Указ бойынша 1941 жылғы 23-шілдеде Армия қатарына алынды. 1942 жылы 6-мамырда аурулық себепті Армия қатарынан елге келіп, 2 ай демалыс біткеннен кейін, 1942 жылғы 7-шілдеден 1942 жылғы 20-қыркүйекке дейін Тума аулындағы «Анда» колхозының басқармасы болып жүрген жерінен Армия қатарына қайтадан алынды. 1942 жылғы 20-қыркүйектен 1945 жылғы 15-қарашаға дейін Армия қатарында Отан соғысына қатыстым. Соғыс кезінде 2 рет медалмен наградталды.Армия қатарында болған уақытта пленде, окружениеде болған жоқ. Атам қызмет істеп жүргеннен бері партия, Совет орындарынан ешқандай ескерту, сөгіс алған жоқ. 1940 жылдан партия мүшесі. Қарауында 7 жаным бар. Атаммен бірге туған інісі Армия қатарында болып соғысқа қатысты. Атам сот, тергеу орындарында болған жоқ. Туғандарынан да ешкім тергеу орнында болған жоқ. 1938-1939 жылдары Қызыл Армия қатарында жүргенде Хасан және Халкин кӛлдері маңындағы жапондықтармен болған шайқасқа қатынасқан. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғысқа қатысқан. 1941 жылдың басында елге оралған.
1941 жылдың 23-шілдесінде Ұлы Отан соғысына алынған. 1942 жылғы мамырда ауыр жараланып елге келіп емделіп, жұмыс жасаған, осы жылғы қыркүйек айының соңында қайтадан армияға шақырылған.
Бұл жолы алдымен Далалық майданда, сосын 1942-1943 жылдары Сталинград майданынында атқыштар қатарында соғысқан. 1943жылы оң қолы мен жүректің тұсынан екі жерден, арқасынан ауыр дене жарақатын алып дала госпиталіне түскен, кейін Сочи мен Гагра аралығындағы әскери госпитальда емделген. 1943 Жазылған соң, 1944 жылдың басынан бастап, Эскадрон командирінің орынбасары міндетін атқарған. Ауыр артиллерияда (гаубица122) болып, 1944 жылғы 7-шілдеде Курск-Орел соғысына қатысып, ауыр жараланып, 6 ай госпитальда жатқан. 1944 жылдың аяғы мен 1945 жылдың басында 2-Украин, Беларус майдандары құрамында болған. Соғысты Берлиннен 30 шақырымдай жерде аяқтаған. Осы жерден бұларды 1945 жылы мамыр айының аяғында әуелі Верхоянск, сосын Комсомольск- на Амуре қаласына апарған. Кейін Жапон соғысына қатысып, атақты Гоби шӛлін кесіп ӛткен Кеңес әскерінің қатарында болған. 1945 жылғы 6-8 тамызда десантниктердің алғашқы тобы қатарында жаумен шайқасқан. 1945 жылдың 30-желтоқсанында елге оралған.
Ата Рухына тағзым
Ешкім де жоя алмайды бардың ізін,
Өмірде көтердің Сен нардың жүгін.
Ел үшін еңбек етіп, аянбастан
Есінде дүйім елдің қалдың бүгін.
Қан майданда ажал- оқ төпелеген
Сақтап Алла ажалдан төтелеген,
Аман келіп, отбасы, әулетіңде
Аттаққа ие болдың «Көке» деген.
Тектілік бар бойыңда аталардан,
Кеткен жоқсын ешқашан аттап ардан.
Кеткен жоқсын ешқашан аттап ардан.
Өзіңнен анық- айқын бата алған.
Көке, Сен абыройсын бәрімізге,
Көке, Сен абыройсын бәрімізге,
Ақыл мен өсиетің Өзің айтқан
Жарауда, жарай берер әлі бізге!
Әрқашан есімізде Анамыз да,
Әрқашан есімізде Анамыз да,
Тілейміз жұмақ- пейіш өздеріңе
Құраннан дұға арнап аламыз да.
Бірде Көке безгекпен қатты ауырып қалған. Оның бөлімінде Қазақстандық бір орыс лейтенант болған, сол лейтенант Көкеме былай деген: «Беріп жатырған дәріден сен жазылмайсын. Сені госпитальға жібереді, одан шыққасын жаяу әскерге жіберуі мүмкін, ал ол жерде сенің аман қалуың екіталай. Сен артиллерияда қалуың керек. Дивизион командирі Соболевтың сөмкесінде безгектің дәрісі бар, соны қолыңа түсіруің керек». Мұны естіген Көкем Соболевтың блиндажына келеді. Оның: «Сейтқазиев, неғып жүрсін, ауруыңнан жазылып келесін бе? Деген сұрағына «жазылып келемін, жай жүрмін» деп жауап береді де жылыда отыра тұруға рұқсат сұрайды. Бір кезде Соболев блиндаждан шығып кеткен кезде ол дереу сөмкеден дәріні алып, өз блиндажына қайтады. Осы уақыт ішінде жас лейтенант жылқы етінен сорпа дайындап қояды. Көке безгектің дәрісін сорпамен қосып ішіп алады да ұйықтауға жатады. Ал, лейтенант Көкенің үстін қымтап, бірнеше шинелді қабаттап жауып тастайды. Ертеңіне таңертең Көке аурудан арылып, сауығып тұрады. Сүйтіп, жас орыс лейтенантының берген жанашырлық кеңесінің арқасында Көке артиллерияда қалып, кейіннен бірнеше рет жараланса да, елге аман-есен оралады. Көке құрамында болған полк 1943 жылдың 5-шілдесінде Курск шайқасына кірісіп, бұл тарихи шайқас аяқталғанша соғысқан. Бұл ұрыста жеңіп, рухтанып шыққанымен, Кеңес Армиясының шығыны да көп болып полк ұрыстан шығарылып, құрамын толықтыруға жіберілген.
1944 жылы Көкемнің полкы Дунайды екі рет жүзіп өткен. Бірінші ретте Будапешт қаласын алған. Дунайдан екінші рет жүзіп өткенде Бухарест қаласын азат етуге қатысқан. Сол шайқаста неміс снаряды зеңбіректің қасына түсіп жарылып, зеңбіректің бүкіл расчеты қаза тапқан. Ал, Көке кеудесінің оң жағына тиген жау снарядының жарықшақтарынан қатты жарақаттанып, госпиталға түскен. Артилерияда ауыр зеңбіректердің артында, жақын жерде орда, немесе арнайы траншеяда санитарлық атарба немесе машина тұрады екен. Кеудесінен қатты жараланса да, Көке бар күшін жұмсап, жаралылар үшін қазылған сондай траншеяға өзі еңбектеп жетеді. Бағына қарай, сол жерде санитар отыр екен, ол Көкенің кеудесін таңып лазаретке жеткізеді. Содан Кишенев қаласындағы госпитальға жеткізіліп, онда сегіз ай он күн емделеді.
Көке бұдан бұрынырақ болған Сталинград шайқасында бір деревняның маңында да жараланған. Бірде өз мылтығының оғы таусылғасын, оқ тиіп құлаған қасындағы солдаттың мылтығын алуға ұмтылып жатқанда, командирі Смирнов жүгіріп келіп, «Сейтқазиев! Немене, жараланып қалдың ба?» деп, Көкеме қолын созып еңкейе бергенде, жау оғы қақ маңдайынан тиіп, опат болған. Көкем көп жылдар бойы ұйықтап жатқанда ұйқысырап, бірге соғысқан қарулас жолдастарын, командирі Смирновтың аттарын атап айқайлап жататын. Таңертең мен Көкеден ол кісілердің кімдер екенін сұрасам, терең күрсініп: «Олар соғыста шейіт болған адамдар ғой, маған олардың көп көмектері тиді ғой...» дейтін.
Сұм соғыстың Жеңіс туын көтерген
Атамыздың ұлылығын біз білген.
Бізден кейін шөберелер, шөпшектер
Жүрсін осы қасиетті ізбенен.
Ізгі өмірі үлгі болған баршаға
Ұрпағымен сабақтассын ғасырға:
Атамыздың өшірмейік есімін
Адал болған туған жер мен Отанға!
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Милана - Сегодня, 08:45
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Гость Милана - Сегодня, 08:44
Математика (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мине жауабы

Куралай - Сегодня, 08:24
Химия (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

👌👍

Балзия - Сегодня, 08:02
Қазақ әдебиеті (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маганда пж

Ансагуль - Сегодня, 07:37
Жан құрбыма туған күнге арналған құттықтау - тілектер

Керемет 🤘 тілектер

ZHARAR - Сегодня, 02:44
Қазақстан тарихы (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жуктеп

Гость Арайка - Сегодня, 01:49
Физика (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Алгбра керек 7 сынып 1 тоқсан ТЖБ пжжж. Беріңдерші🥺🥺

Айда - Сегодня, 00:02
Сертификат алу !!!

Маған 4 сынып Тжб керек

Тилебалды Рысалды - Вчера, 23:51
Қазақстан тарихы | (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Казакстан тарихы тжб жауаптары керек 1токсан

АИШАТ ЖАКСЫЛЫКОВА - Вчера, 23:46
Математика (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4 СЫНЫП МАТИМАТИКА ТЖБ ЖАУАПТАРЫ Н СУРЕТКЕ ТУСИРИП ЖИБЕР