Қазақтың есінен еш кетпес

 Қазақтың есінен еш кетпес

Жулдасова Асем
8 сынып, Н.Тілендиев атындағы
Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Қазақстан. Бұл мен туып, өсіп келе жатырған мемлекет. Иә, мен көзімді ашқалы осы елдің топырағына аунап, ауасын жұтып келемін. Қазіргі заманда басқа елдермен терезесі тең тұрған, қарқынды дамып келе жатырған мемлекет. Бірақ, қазір осыншама жетістікке жеткен ел бұрын қандай еді...
Иә, осыдан тұп-тура 550 жыл бұрын «Қазақ хандығы» құрылған болатын. Міне, сол сәттен бастап-ақ қазақ деген елдің қилы тағдыры басталған болатын. Қазақ өзінің егемендігі, еркіндігі жолында не көрмеді десеңші?! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ қазақ болып қалыптасқалы талай сыннан өткенін байқаймыз. Яғни, сонау 18 ғасырдан бастап-ақ қазақтың басынан қара бұлт үйірілмеген екен. Сұм жоңғарлардан бастап, қанды көз фашисттерге дейін еліміздің байлығына, кеңдігіне қызығып өз қол астына өткізгісі келген болатын. Бұдан бөлек, қазақтың есінен кетпестей өзінің ізін салған Ұлы Отан соғысы...
Соғыс... Ол ешкімге аяушылық танытпайтын айдаһар іспеттес. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өзінің ыстық жалынын шашып, бар жақсыны жалмаған болатын. Бұл соғыстың елге әкелген қасіреті шексіз еді. 22 маусымның таңы ешкімге қуаныш әкелмеген еді. Себебі, дәл осы күні барлық радиолардан фашисттік Германияның Кеңес одағына соғыс ашқанын хабарлап жатқан болатын. Кенеттен басталған бұл соғыс бүкіл елді абдыратып тастаған еді. Бірақ, соған қарамастан қазақ азаматтары елін-жерін қорғап қалу үшін, ертеңгі ұрпақтың күліп атар таңы үшін майдан даласына аттанған еді.
Бұл сәттер қазаққа қиынға түскен кездер болатын. Осы жылдар аралығында талай азаматтарымыздан айырылдық. Жақсыны да, жаманды да аждаһадай жалмаған бұл соғыс қазаққа көп қасірет шектірген болатын. Бірі кішкентайынан көз алдында асыр салып ойнаған, жанынан да артық жақсы көретін баласын, бірі тірегі, сүйеніші асыл әкесін, енді біреулері жан жарын алдында не күтіп тұрғанын білмесе де майдан даласына аттандырған болатын. Ерлерін қан майданға аттандырған нәзік жандыларымызда қол қусырып отырмаған болатын. Кейбіреулері ерлеріне тынбай киім тоқумен болды, енді біреулері қатаң күн тәртібімен күні-түні завоттарда жұмыс істеді. Жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдиев, Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, партизан Қасым Қайсеновтардың есімі халықжадында мәңгі сақталарына шүбә келтірмес едім. Олардың жас ұрпақ үшін, басын бәйгеге тігіп жасаған ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Майдан даласына тепсе темір үзетін ер азаматтарымызбен қатар, нәзік жандыларымызда қолдарына қару алып аттанған болатын.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді»,- деген өлең жолдары менің санамда сайрап тұр. Қан майданның дәл ортасында жаудың қарша бораған оқтарына, жауап қайырған қазақтың қос жұлдызы ешкімнің есінен кете қоймасы анық. Олардың еліне, халқына деген адалдығы бәрін таң қалдырған болатын. Олардың ерлігі, батылдығы әрбір қазақ қызына үлгі болып, халық жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Өжет елдің жігіті
Өшін алмай шыдар ма?
Кескілескен дұшпанын
Кесіп тұспей тынар ма?
Тайынба, жолдас жауынгер,
Ел тағдыры қолыңда!- деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай қазақ батырлары өзінің көзін ашқалы, өніп-өскен, кіндік қаны тамған жерін сақтап қалған еді. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақ азаматтары көз жұмған болатын. Бұл дегеніңіз тұтас бір елді ел азаматтарынан айырудай көрінеді.
Биыл Ұлы жеңістің 71 жылдығы тойланбақ. Яғни, қазақ даласына қасіретін алып келген соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті деген сөз. Біз қазір бейбіт заманда, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Иә, әрине бұның бәрі елімізді қасық қалғанша қорғаған ерлеріміздің арқасы деп білемін. Және бізге осындай бақытты балалық шақ пен бейбіт елді сыйлағаны үшін ешкім ұмытылмақ емес.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!