ZHARAR | KZ | Шығарма | Ауылымның мәртебелі азаматы

Ауылымның мәртебелі азаматы

 Ауылымның мәртебелі азаматы
Әліпмұратова Құралай
7-сынып,Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Атырау облысы Исатай ауданы
Жетекшісі: Агисова Шынар Габбасовна

Жас ұрпақтың туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне, жастарды бүкіладамзаттық деңгейдегі тұлға етіп тәрбиелеу, ұлы адамдарға еліктеп өсуге жетелеу және әрбір жасты ғылым мен өнерге баулу, ар-ұяты мен намысы биік нағыз адам етіп өсіру деген мақсатта мен де тұлға болып тәрбиеленуші қазақтың қызының бірімін. Бұл шығармамда нақты тұлғаның туған ел тарихындағы үлесін айтқым келеді.
Менің ауылым ертеректе балық шаруашылығымен айналысқан.Атам Рахметов Жұқалтай 1905 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш ауылында Қызылбалық ұжымшарында дүниеге келген.Әкесі Құрманғазиев Рахмет өмір бойы балық шаруашылығымен айнласқан. Еңбек жолын 1920-29 жылдары №4 жүзбелі балық зауытында жұмысшы болып бастаған. 1919-1923 жылдары бастауыш кластық білім алып, 1935 жылы Астрахань қаласындағы кооператив техникумында оқып, бухгалтерлік мамандық алады. 1929-33 жылдары есепші, 1936-40 жылдары бухгалтер қызметін атқарған.1940-41 жылдары Манаш балықшылар кооперативінің төрағасы, 1941-54 жылдары Забурын балықшылар кооперативінің төрағасы қызметінде болған.Соғыс жылдарында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызы өте зор болды. Осыған байланысты осы жердегі ұжымшардағы балықшыларды әскер қатарына алмаған. Забурын балықшылар кооперативі Новобогат (қазіргі Исатай), Теңіз (Құрманғазы) аудандарының тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірген. Атам өзінің жеке шаруасындағы малын сатып, одан түскен қаржыны Отан қорғау қорына жұмсайды. Бұл турасында Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннің атына жолданған жеделхатында көрсетілген.
Москва Кремль.
Председателю Государственного Комитета
Товарищу Сталину И.В
Воодушевленный грандиозными победами доблестной Красной Армии на всех фронтах и вашим историческим докладом и приказом к двадцать седьмой годовшине Великой Октябрьской социалистической революции, я вношу приобретенные мною из лишных сбережений облигаций третьего военного государственного займа в сумме сорока пяти тысяч рублей на покупку самолета «Казахстан» и прошу вручить его герою-летчику Гурьевской области для ускорения окончательной победы над фашистской нечистью.
Имею желание вручить его лично.
Рахметов Джукалтай Председатель Забуруньского рыбкоопа Гурьевского облрыболовпотребсоюза Поселок Забурун, Новобогатинского района Гурьевской области. 15.12.1944 г.
Атамның бұл еңбегі қолбасшы тарапынан арнайы алғыс хатпен марапатталған. Бұл хат біздің әулеттің ең құнды жәдігері ретінде атадан балаға мирас болып сақталуда. Оны біз отбасы тарихының бір бөлшегі ретінде мақтаныш етеміз.
Из Москвы №16435 36 слов 27.12.1944 г.
Высшая Правительственная
Забурунье Гурьевской области
Председателю Забурунского рыбкоопа Гурьевского рыболовпотребсоюза тов. Рахметову Д. Примите мой привет и благодарность Красной Армии, тов. Рахметов, за вашу заботу о воздушных силах Красной Армии. Ваше желание будет исполнено.
И.Сталин
Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдарда тұтыну тағамдары мен товарлардың жеткіліксіздігінен туындайтын жауапкершілікті жергілікті мекеме басшысы ретінде атам өз міндетіне алған. Тағамның басқа түрлерін айтпағанның өзінде нанның жетіспеушілігі 1947 жылға дейін орын алған және халықтың күйзелісін тудырған. Осындай жағдайда қатаң тәртіппен карточка арқылы ұн, қант, шәй дүкендерден жергілікті кеңестің бақылауымен сатылған. Бұндай тәртіпті бұзғандар аяусыз жазаланған. Сол жылдарда осы жұмыстардың басы-қасында болған, балықшылар кооперативін басқарған атам халықтан еш жаманат алған жоқ, қайта әділдігімен, жанашырлығымен елдің алғысына бөленді. Жоқшылық пен ауыр еңбек еңсесін басып, соғыс тауқыметі тұралатқан халықты бір отбасының адамдарындай болуға баулыды.Бейбіт заманда да атам өз еңбегімен көп алғысына бөленіп, ұйымдастырушылық қабілеті мен ыждағаттылығы, қонақжайлылығы мен ақ жарқын мінезінің арқасында елдің ілтипатын иеленді.Атам 1954-68 жылдары Новобогат аудандық өндіріс комбинатының директоры болып, халыққа тұрмыстық қызмет етуде көп еңбек сіңірді. Ауданда, облыста бірінші болып киіз үй, киім тігу, кірпіш шығару және тағы басқа қызметтерді ұйымдастырды. Сол уақытта атам Новобогат ауданында халықтың тұрмыстық қажетін өтеу үшін құрылған Промбыткомбинат ұжымы соғыстан күйзелген, әл-ауқаты нашарлау елдің қамын ойлап, үй тұрмысына, жанұяға қажет бұйымдар шығаруды ойластырды.
Тұрмыс қажетіне керекті бұйымдар еш жерде табылмайтын, тек қана сол ұжымда қолдан жасалып шығарылған. Ол өте ауыр жұмыс болатын. Сонымен қатар сол ұжым аудан орталығындағы халықты жылумен қамтамасыз ету үшін отын дайындайтын. Сол уақыттағы отын түрлері теңізден қамыс орып, баулап, соны тасып әкеліп сату және қарамай (мұнай) дайындау болатын... Көп болмағанымен тәулігіне шамамен бес жүз-мың литрдей өнім алу мүмкіндігі болған. Бұл үшін Новобогат селосының шетінде бұрынғы ағылшындардан қалған (1917 ж), көп жылдар бойы пайдаланылмай жатқан ескі мұнай көзін жөндеп, қол күші арқылы мұнай ағызып, халыққа отынға пайдалануға мүмкіндік жасаған.Осы жұмыстармен қатар аудандағы шопандар қауымына жазғы жайлауға керекті киіз үйлердің ағашын дайындау және басқа жердің киізін әкеліп құрастырып, шопандары киіз үймен түгелге жуық қамтамасыз етуге көп еңбек сіңірген. Басқа жақтан иленген қой терісін алдыртып жылы шолақ тондар тіктіріп, колхоз-совхоз жұмысшыларын қамтамасыз етіп отырған.Комбинат жас кезінде өзектер мен жайылма сулардан арнаулы бригада шығарып, балық аулап, қымбат емес бағамен сатқан.Сарыала сазан мен жалтыраған көксерке, аққайраңның сорпасына халық екі-үш ай бойы қарық болған.Сонымен қатар бұл комбинатта шаш қию, ер-тұрмандарды даярлау жұмыстары да атқарылған.Осы еңбектері үкімет тарапынан бірнеше рет Мақтау қағаздарымен марапатталды,Атам 1954 жылы осы комбинаттан зейнеткерлікке шыққан.
Атам жолдасы Рәпіш екеуі 15 баланы дүниеге әкеліп, оларға жақсы тәлім-тәрбие беріп, білім алуларына жағдай жасаған. Ат Мен атамның шөбересімін. Әжем Рәпіш бізбен бірге тұрып, 95 жас өмір сүрді. Осы жайларды мен әжемнен естіп білдім. Атам 1968 жылы қайтыс болған. Әжем 15 бала тәрбилеп өсірген. Ұрпақтары Қазақстанның әр түкпірінде.Атамның елге еткен еңбегі мен халық жадында сақталған жақсы атағы маған қалдырған мол мұрасы деп санаймын. Атамның халыққа, Отанға адал қызмет еткен азамат болғанын мақтан тұтамын.
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Стамбекова Жулдыз - Сегодня, 05:45
Күнделікті сабақ жоспары

2 сынып казак тили

ZHARAR - Сегодня, 00:26
Әруақтарға құран бағыштау үлгісі  🕋 (мәтін, видео)

керемет құран бағыштау әдебі жарияланған

ш - Вчера, 21:37
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Комментарий скрыт

Қарлығаш - Вчера, 20:49
Отан, Туған жер, Қазақстан

Нұрзия

Ұлдықыз - Вчера, 20:24
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Жауаптары жоқ па

Гость Аяулым - Вчера, 20:13
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

5 класс информатика сор одветы

Гость Назым - Вчера, 19:30
Анашым, мама

Мама сен алтынсын, Гүл боп жайқалып. Әрқашан күліп жүріңіз анашым!

Әсетқызы Нұрай - Вчера, 18:41
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалаи аталады

Әсетқызы нұрай - Вчера, 18:39
Жиынтық бағалау (СОЧ, СОР) (ТЖБ, БЖБ): Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сурете беинеленген үдіресі қалай аталады

Оааотаоа - Вчера, 17:21
Мен ҚАЗАҚ деген ел едім!

Маған ұнады