Соғыс жаңғырығы

 Соғыс жаңғырығы

Әбдіәшімұлы Айбек
10- сынып оқушысы, Қазақ ұлттық өнер университеті Астана қаласы,
Жетекшісі: Тілеген Айгүл Балтабайқызы

Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Әбу Сәрсенбаев
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес.Адам өткенін жақсы білмей, болашаққа нық қадам баса алмайды. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... 9 мамыр-бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы.
Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау! Өткенімізді зерттеу,бүгінгі бейбіт күнге қалай жеткенімізді білу,құнды деректерді игеру бүгінгі ұрпақ біз үшін парыз. Елбасымыз 2014 жылғы жолдауында өткен жылды Ұлы Отан Соғысының ардаргерлерін құрметтеу жылы деп жариялағаны белгілі. Бұл жылда біз ардегерлерге барынша құрмет көрсетіп,ұлықтап,өмірден өткен майдангерлерді еске алып,дәріптедік. Әрине, біздің бұл бір жылдық құрметіміз аздық етеді. Жыл сайын ардагерлерді ұлықтау,сый-құрмет көрсету парызымыз боп қала береді. Бұл ұлық -жеңіс оңайлықпен келмегені белгілі. Жауынгер батырларымыздың қан кешіп,жанын беріп,фашистик-герман әскеріне қарсы тойтарыс беріп, жеңісті бүгінгі ұрпақ, біздерге, сыйлап кетті. Фашистик-герман әскерін жеңуге үлестерін қосып, талмай еңбек еткен тыл ардагерлерінің де еңбегі зор деп білемін. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай - ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі – Бауыржан Момышұлы еді. Бүгінгі күнге жету жолында, жау әскеріне қарсы күрескен жауынгермайдангерлер ішінен аймағымыздың Ұлытау, Қарсақбай, Жезқазған өңірлерінен аттанған жауынгер- жазушы Баубек Бұлқышев бастаған Құтжанбай Ахметов,Шахмұрат Әшірбеков,Мұқан Балапанов,Хамимолла Жақсыбаевтардың ерлігі- біздерге үлгі.Көрсеткен ерен ерліктері еленіп өңірімізден аттанған майдангерлер ішінен 12 жауынгер Кеңес Одағы батыры деген жоғары атаққа ие болса,6 ардагер Даңқ орденінің толық иегерлері атанды.
Сұрапыл жылдары тылда еңбек еткен еңбеккер майдангерлерге де қолдау көрсетіп, «Майдан үшін»,«Жеңіс үшін» деп ұрандап тайсалмай жанын салып еңбек етті. Сол жылдары Жезқазғанға Мемлекеттік Қорғаныс министрінің Қызыл туы 16 рет тапсырылды. Жеңісті жақындатуға тырысқан зиялы қауым өкілдері Жамбыл Жабаев бастаған ақын- жазушылар өз шығармаларымен өнер майталмандары оның ішінде театр әртістері қойылымдары мен әншілеріміз қазақтың маңдай алды қыздары Күләш Байсейітова мен Роза Бағланова әсем әнімен сарбаздарға рух сыйлады.Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңінен күш жинап, қайраттанған сарбаздар «Жеңіс» деп ұрандап алға ұмтылды. Сұрапылда өз ерен ерлігін көрсете білген қазақ азаматтары Панфилов дивизиясының құрамында шайқасқан жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы, Екі мәрте Кеңес Одағы батырын алған жалғыз қазақ ұшқыш Талғат Бигелдинов,партизандық қозғалыс өкілі, жазушы Қасым Қайсенов,минометші Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Сыпатаев,қазақтың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалар,Днепр үшін ұрыста 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағы батыры атағын алған Жәнібек Елеусізов өр халықтың ұрпағы екенін дәлелдеді. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ,бүгінгі ұрпақ ,бізге сыйлады.
Бүгінгі ұрпақ, біздер, бақыттымыз, өйткені, біз аталарымыз көрген азапты,қасіретті зұлмат соғысты көрген жоқпыз. Майдангерлеріміз бұл жеңіс күнін біздерге сыйлады,келесі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Менің жазып, тоқталып өткенім біраз ғана, қаншама жерлестеріміз сұрапылда қаза тауып, қаншамасы хабарсыз кетті. Ендігі міндетіміз- жауынгержерлестеріміздің рухына бас иіп, құрметтеу,әр кезде еске алып жүру. Мен қайсар да, өр халықтың ұрпағы ретінде, болашақ өнер өкілі ретінде өз достарым мен замандастарымды бүгінде арамызда азайып бара жатқан Ұлы Отан соғыс ардагерлерін қадірін біліп, сыйлауға шақырамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі