Ел ерімен еңселі

 Ел ерімен еңселі

Мырзағалиева Жәния
Алматы қаласы № 148 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы
Жетекшісі: А.А.Салықбаева

Елін сүйген жауынгер ер болады. Б. Момышұлы
Басымызды көтеріп, есімізді жиып, өзге елдермен тереземізді тең еткен Тәуелсіздігімізді алу үшін, батырларымыз елі үшін, туған жері үшін жан қиды. Бір сөзбен, үлкен ерлік жасады. Туған елі мен туған жері үшін ат үстінде бел шешпей, көз ілмей, ірі шайқастарды басынан өткерген батыр аталарымыз қазақты бір тудың астына біріктіріп, қалың қолдан қаймықпаған. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде Ұлы Отан соғысында да жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Ұлы Отан соғысы Германия тарапынан агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті, өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті.
Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан. Көшпелі халықтардың бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған. Ел үшін жанын қиған Батырлардың есімі ел ұранына айналып, ерлігі ұрпаққа өнеге болды. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Міне, осы батырлардың ұрпағы еліне қиын-қыстау күн туғанда, ойланбастан қолына қару алып, Отаны, елі, жері үшін майданға аттанды. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтанұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Өмірде ешкім батыр болып тумайды. Басында бұлағы бар өзеннің ұзақ ағатыны секілді, өнегелі ата-ананың тәліміне сусындап, адалдық, еңбексүйгіштік, бауырмалдық рухта ер жеткен баланың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігі шексіз болады.
Ерлік Отанды сүюден бастау алады, ал Отанды сүю отбасынан басталады. Өз отбасын сыйлап, құрметтеген адам ғана халқының қадіріне жетеді, туған жерін кие тұтады. Сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елі сүйген ер атанады, өйткені ерлік білекте емес, ерлік - жүректе. Елін, жерін сүйген ерлер батыл жүрегімен, намысшылдығымен жауға тойтарыс береді. Ақтық дәмі қалғанша, шыбын жаны шыққанша елі үшін күреске түседі.
Туады ерлер ел үшін
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік — деп ақиық ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа - үлгі» дегендей, бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы - біз үшін үлгі, шежіре. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Қай кезде де ер азаматтың өз Отаны алдында парызы болды. Азаматтың қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу.
Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Бұлай деп текке айтпаған. Өйткені Отан үшін еткен еңбегің ешқашан ұмытылмайды. Біздің ата-бабаларымыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмір сыйлады. Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген аталы сөз бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақтарын дұрыс тәрбиелеуі керек. Жас ұрпақ «Отаным маған не береді деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады. Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматтар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен, парасаттылықпен шешеді.
Қазақ халқы өзінің ата-баба тарихына сүйіспеншілікпен қарайды, өйткені, біздің ата-бабаларымыз бір сәт құлдыққа бас ұрып, өзінің отар ел болған болмысына ризашылық білдіріп, отырып қалған емес. Олар арының тазалығын ту қылып, азаттық жолында жан аямаған. Ата-баба салты – тарихымыздың үлесі, халқымыздың баға жетпес мұрасы. Қазақ халқы ежелден Отанын сүйген, ұлтын қасиет тұтқан ел. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Біз – аманатты арқалаған баһадүр бабалардың ұрпағымыз! Бабалар салып берген сара жолдың иесіміз. Толарсақтан саз кешіп, ат ауыздықпен су ішкен заманда, қолына найза алып, ереулі атқа қонған батыр да қайсар қазақтың жалынды ұрпақтарымыз! Олай болса, бабалар рухына бас ие отырып, егемендікті сақтау, тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңнен бекіту – біздің қасиетті борышымыз!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!