Шығарма: Сұрапыл соғыс жылдары

Шығарма: Сұрапыл соғыс жылдары


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу

Қапан Маржан
9 сынып оқушысы № 151 ЖББ мектеп, Алматы қаласы
Жетекшісі: Атанбаева Сандугаш Кырыкбаевна

Сол сұрапыл жылдарда елім, жерім деп қасық қаны қалғанша соғысқан қанша азамат ажал құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Жап-жасыл бейбіт даладан сән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
1941 жылы 22-маусымда таңғы сағат төртте Фашистік Германияның басқыншылық шабуылы басталды. Кеңес Одағының шекарасына от қойып, қаруланған фашистер кіріп келді. Мүлдем дайын емес болған Кеңес Одағы ер азаматтардың жетіспеушілігінен алғашқы жеңілістерге ұшырап жатты. Шабуылдан алғаш болып Брест бекінісі, Ленинград, Сталинград тағы да басқа қалалар соғыс өртіне оранды. Фашистік германияға қарсы шығу үшін республиканың түпкір-түпкірінен әскери комисариаттарға еріктілер ағылды. Қызыл әскер бірте-бірте есін жиып, қорғаныс шебіне көшті. Мәскеу түбіндегі кескілескен ұрыста Лениград, Сталинград қалалары маңындағы ұрыстарда, біраз шығынға ұшыраған фашистер жоспарларының оңайлықпен іске аспайтындығын аңғарды. Ақыр соңында өздерінің жеңілісімен аяқталды. Бұл соғыс қанша адамға қайғы-қасірет алып келгенін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Қазақстан халқы да бұл тұста қарап жатпады. Өздерінің үлесін қосуға жұмыла кірісті. Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі қызы --- мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова ер жігіттермен бірдей қолдарына қару алды. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі --қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев болды. Ал танымал қолбасшы, танымал батыр, әрі жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік істеріне адам сүйсінеді. Бұл күнде 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Соғыс жылдары ерлердің ерлігі еленіп, көптеген жерлестеріміз назардан тыс, марапатсыз қалмады. Бұдан басқа қазақ жауынгерлерінен шыққан 497 адам Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды. Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген қандастарымыз жанын қиып, майданда қаза болды. Бүгінгі күнде олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда. Аспанымыз әрдайым ашық болу үшін бар күштерін сарп еткен азаматтарды ешқашан ұмытпай, мәңгі есте сақтауда! Бейбітшілік үшін күрескен жауынгерлерге мың алғыс және олардың рухының алдында басымызды иеміз.
Жеңіс --- төгілген қан мен ащы тердің, тынымсыз еңбектің арқасында, ұйымшылдықтың арқасында келді. Майданға кеткен мыңдаған ер адамдардың шексіз қиын жұмыстарын --- ұйқысыз, ас-сусыз, еңбек вахтасында әйелдер мен балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер алмастырды. Сол уақытта бұларға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді. Сол майданда біздің аруларымыз да талай қиындықтарды бастан кешті. Соғыс жылдарында еліміз 30 миллионға жуық халқынан айырылды.
1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жұмабай Шаяхметов тағайындалды. Кеңес Одағының басқа да республикалары сияқты Қазақстанда да зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикамызда тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Кеңес үкіметі өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығы және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. Дегенмен қатаң әміршіләкімшілік жүйе 40-50 жылдары әрекет ете берді. Қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезеңде де жалғасып, жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды.
Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол,бір жеңнен бас шығарып Отанын қорғады. Отанымыздың біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың есімдерін әрқашан жүрек түкпірінде ұстаймыз.
Содан кейінгі жылдары ата-бабамыздың асқақ арманы тәуелсіздікке қол жеткіздік. Егемендікке де қолымыз оңайлықпен жетпеді. Сонымен 1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз, дербес, жеке, егемен мемлекет болғандығын әлемге паш етті. Бүгінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, кең байтақ жері бар, бай мемлекеттер қатарында . Қазақстанда 17 миллионнан астам халық бар. Олардың тең жартысынан астамы басқа ұлт өкілдері. Олар да тең құқылы, бәріміз бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүрудеміз. Ел тәуелсіздігінің тұғыры биік болуына, туымыз көк аспанда мәңгі желбіреуіне бізде өз үлесімізді қосамыз. Ендігі кезекте біздің міндетіміз—жақсы оқып, еліміздің адал ұрпағы болу. Ата-бабаларымыздың ерліктерін ешқашан ұмытпай, жадымызда сақтау. Отанымызға адал қызмет ету. Менің міндетім жақсы оқу, елімнің ары қарай өркендеуіне, көк байрағымның мәңгі желбіреуіне өз үлесімді қосу. Менде елімнің бір кірпіші болғым келеді және кетігін табамын да қаланамын. Мен-өз елімді сүйемін. Мен-- өз елімнің адал ұрпағымын. Мәңгі жасай бер --Қазақстаным менің.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle