Бейбіт күн жасасын әлемде

 Бейбіт күн жасасын әлемде

Джумабаева Разия
10«ә» сынып,№24 «Экономика және бизнес»
Арнаулы лицейі,Алматы обл.,Талдықорған қ.
Жетекшісі:Нуркожаева Бакыт Даулетовна

Батыр ел үшін туады,
Елі үшін өледі.
Халық мақалынан
Қаһарман қайсар рухты қазақ елі батыр халық.Ол шірене қалса,асқарасқар тауларына сүйенеді,айқын щалқар көліне,кең байтақ жеріне одан кейін азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Қабанбайдай ірілігі бар, қиыннан қиыстырып жол табар Абылайдай бірлігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Аяулы мен Әлия мен Мәншүгімді,-деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі деп айтар едім.Мәншүк Маметованың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды.Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды.
«Ел шетіне жау тиді» дегенді естігенде Қабанбай, Бөгенбай, Амангелді батырлардың ұрпақтары қолдарына қару алып, бір кісідей кеуделерін оққа тосуға әзір екендіктерін білдірді, елі үшін өлуге, елін қорғауға ант берді.Осындай сияқты жау жағадан алғанда ел қорғау өмірлік парызы деп білген, елін ер ерлерше қорғап,Отан соғысының,лапылдаған оттың ішінде қаза тапқан жалынды публицист,ержүрек жауынгер Баубек Бұлқышев Отанды қорғауды азаматтық борышы деп түсінді. «Өмір сүргім келеді» деп шырылдаған жиырма сегiз жастағы жауынгер ерен еңбегімен керемет Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп, отты жылдарда өз рөлін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды. «Біз – Кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік»,- деп еліне, жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген, біртуар азамат, қайталанбас тұлға Б.Момышұлының ел үшін еткен еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Халық ақыны Нұрпейiс Байғанин шығармаларының басты тақырыбы майданға көмекті күшейту, жауынгерлердің рухын көтеріп, олардың бойында ел алдындағы борышты өтеу сезімін тәрбиелеу болды.Ақын жауға деген ызакегін:
Өлер күнің таянды,
Халық түгел ашынған.
Алар сенен қанға-қан,
Алар сенен жанға-жан.
Жоқ боларсың,бітесің.
Адам жауы-сұр жылан»,- деп білдірді.
Отанға төнген қауіп қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады.Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы «Ленинградтық өренім» толғауы еді. Бұл өлең елден бөлініп, қиын шақты басынан өткізген қаһарман ленинградтықтарға арналған болатын:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзені сүйкімді
Бұлағындай көремін, - деп басталатын толғау қалада радиолардан беріліп, әр көшеде, алаңда Ленинградты қорғаушыларға зор қуат берді.Майдандағы әскерлер де, тылдағы жұмысшылар да, аналар мен қарт әжелер де, тіпті жас балалар да Жамбыл өлеңін сүйсініп оқыды. Жауынгерлер ақынның жалынды сөздерінен керемет рухтанып, арыстандай арпалысты, мыңдаған адамдар көздеріне жас алып, жігерленді.Себебі, Жамбыл бұл өлеңінде әскердің қаһармандығын, жауға деген өшпенділігін айтады. Ақын: «Жата алмаймын төсекте жаным қалай жайланат» деп, өзін олармен бірге санайтынын білдіреді.
Осындай сұрапыл жылдары бір қолына қару, бір қолына қалам ұстаған өршіл рухты, сыршыл батырымыз, жан дүниесі шымырлатқан шерге толы ақынымыз Қасым Аманжолов болды. Буырқанған була күшке, екпінді еркелікке толы, шиыршық атып, бұлқына ойнап тұрған айбынды, қайраты, тепсініп темір үзердей ішкі қуаты сапырылыса, шайқала шапшыған ақын өлеңдерінде Отанға деген шексіз махаббатын керемет суреттейді. Ақынның осындай отты, өршіл шығармаларының бірі - «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы. Басқыншы зұлым жауға ең соңғы оғы қалғанша берілмей соғысып, ажалмен бетпе-бет тұрған, ерлікпен қаза тапқан жауынгер ақын Абдолланың ерлігін, батырлығын суреттейтін бұл шығарма керемет ұлтжандылықпен, ерекше айбындылықпен жазылған.
Қасиет-күші ұлы Отанның,
Қанатын бер қыран құстың!
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың! - деген поэма үзіндісі «ата жаумен арпалысқан ұланды ұлы ететін, жаужүрек батыр ететін - оның Отанына деген махаббаты» дегенді дәлелдейді. Шынымен де, елін, жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады. Ұлы Отан соғысы кезінде жаңбырдай жауған оқтың астында апталап, айлап, тіпті жылдап қан кешіп, мұз жастанып, қар жамылып, қанын төккен аталарымызды, тылда арып-ашып еңбек етіп, осындай өмірге жеткізген ағааталарымыздың алдында біз өмірбақи қарыздармыз. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - деп, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай атабабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі.
Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине, барлық адам баласының арман - тілегі.Біз ардагерлеріміздің ерлігін еш уақытта ұмытпауымыз керек.Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік пен өрлектің хас үлгісін көрсеткен майдангерлерді мадақтау,олардың алдында бас иіп құрметтеу - бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызына айналуы тиіс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?