Жеңіс туы желбіре

 Жеңіс туы желбіре

Бекжан Мейірім
8-сынып, №2 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қ. Жетісу ауданы
Жетекшісі: Райымбекова З.К.

Ұлы Жеңіске 71 жыл Жеңіс! 1945жылдың 9 мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты. Кеңес одағының тұрғындары бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түнде бүкіл жігерімен жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман мен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдер де Отан үшін күресіп , жауға қарсы тұрды.Қазақстанның екі батыр қызы
М. Маметова мен Ә.Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із ,жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді. Атабабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып ,жайбарақат отыра алмайды. Мұны жадымыздан шығарып, өшіріп тастау біздің қолымыздан келмейді. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жайылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпақтан ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардын ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси кейінгі буынның азаматтың парызы. Соғыста біздің аталарымыз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Біз атабабаларымыздың алдында бас иіп, құрметтеуіміз бұл адамгершіліктің белгісі.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш-бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерей тойы.Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерлктің сан үлгісі көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп,әнекей, жағада тұр,-деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақ аралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жас санап азайып барады емес пе?! Соларды жанымен, қанымен көз жасымен, күшімен,ерлігімен,атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай , еңіреп жүріп жауды жеңіп, жеңістің табысын басқан күн–Жеңіс күні. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,қорған,қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен жеңіс күнін біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Соғыстың от-майданында жүріп «алты малтаны ас етіп», толарсақтан қан кеше жүріп елге жеңімпаз ретінде оралған соғыстың ерлік рухын, қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігі туралы бүгінгі ұрпаққа жеткізген кешегі өткен Б. Момышұлы мен Қ. Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Ә. Нұрпейсов, М. Әлімбаев, Ә. Нұршайықов және басқаларды айту парыз. Иә, 1945 жылдан бері көр оқиға болды. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі