Халқының ардақты азаматы

 Халқының ардақты азаматы

Темірғали Айдана
7 сынып, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп Кербұлақ ауданы
Жетекшісі: Арыстанова Ш.М.

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың бейбіт аспаны аясында талай ұрпақтар өсіп, ер жетті. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. Бірақ фашизм оты қанша жалынды болғанымен, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншіліктері оттай ыстық болып, асыл азаматтарымыздың қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. Солардың бірі - болмысынан әділ, шыншыл, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі жеткіншектер Б. Момышұлы жайлы сырларды қариялардың естелігінен, жазушылар шығармаларынан және де өзінің төл туындылары арқылы жақсы білеміз. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар ( 8- гвардия ) дивизиясының құрамына алынып, батальон командирі болған.
И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де шыншылдық қасиетін жоғары бағалаған. Өр, өз дегенінен қайтпайтын Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай емес еді. Бірақ жас жауынгерлерде әскери білік-дағдысы болмаған, Отанына, сүйген халқына деген сүйіспеншіліктері шексіз жатқан теңіздей еді. Олар Бауыржан Момышұлының темірдей тәртіп, қатаң талапшылдығы мен мол тәрбиесінің нәтижесінде өз Отанын қорғап, жаудың бетін қайтара білді. Ол жауынгерлеріне: " Ұрыс кезінде адамның бойында екі сезім: ел алдындағы перзенттік парыз және жеке бас амандығын сақтау түйсігі айқасады. Осыған үшінші күш тәртіптілік араласқанда, парызды ұғыну жеңіп шығады " - деп айтудан жалықпаған. Темірдей берік, қатал тәртіппен қаруланған Б. Момышұлының сарбаздары Москва түбіндегі алапат ұрыста гитлерлік қанішерлерді жер құштарғанын тарих бетінен жақсы білеміз.
Бауыржан Момышұлы ! Орыс жазушысы Александр Бектің шабытпен жазылған "Панфиловшылар алғы шепте" , " Волоколамск тас жолы" кітаптарының аты аңызға айналған жау жүрек кейіпкері. Ұлы Отан соғысының шешуші ұрыстарында ерлік пен табандылық көрсеткен жауынгерлердің шайқасы туралы жазылған бұл повесть керемет маңызға ие болды. Жауынгерлер бұл кітаптарды жорық, демалыс кездерінде де қолдарынан түсірмей оқып, өздерін дұшпанға қарсы жігерлендірді. Соғыстан кейін аты аңызға айналған даңқты Панфиловшы, кеңес жазушысы Б.Момышұлының қаламынан да өз туындылары туды. Оның "Артымызда Москва" , "Майдандағы кездесулер" кітаптарын біздің сыныптың оқушылары қолдан-қолға түсірмей қызыға оқиды.
Егеменді тәуелсіз елдің "Халық батыры" атағын алған Б. Момышұлы өмірде қандай биік болса, (оған бұйырылған) ол қойылған зиратта сондай биік те! Сонау Алматы қырқаларының төріндегі биік тұғырда еңгезердей қола тұлғасы көрінеді. Бұлттары бойын созған зор мүсін аспанмен тілдесіп тұрғандай. Батып бара жатқан күннің сәулесі мүсін Б.Момышұлының жүзін нұрландырып, батырдың алыс болашаққа қадалған жанарына түсіп тұр.
Бүгінгі жас ұрпақтар "Халық батыры" Б.Момышұлының ерлік істері мен есімін үнемі өзімізбен бірге жүрегімізде алып жүреміз. Қорыта келгенде, мен шығармамды мынандай өлең жолдарымен аяқтаймын.
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан.
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
Бұзып-жарып қамалды,
Жолсыз жерден жол салды.
Достар түгіл ерлігін,
Қасы да естіп тамсанды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі