Соғыс арифметикасына үңілсек

 Соғыс арифметикасына үңілсек

Құрманғали Назерке
7 сынып, №38 мектеп-гимназия Іле ауданы
Жетекшісі:Есенғұлова Ғ.М.

Адамзат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысы! Ұлы Жеңіс! Осы екі сөз бір-бірінен ажырағысыз. Қазір кім қалай десе де Кеңес Одағы бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп,тек өздерін ғана емес бүкіл әлемді құлдық бұғаудан құтқарып қалды. Ұлы Жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы опат болды.Қазақстандықтар бұл сында қаһармандық көрсетті. Кеңес әскері шайқастың алғашқы күндері тәулігіне 24 мыңдай адамнан ажырап отырды. Сөйтіп алты ай ішінде шығын 3 миллион 138 мыңға жетті.
Офицерлер құрамы Қазақстанда даярланған кадрлар есебінен толықтырылып отырылды. Елімізге уақытша көшірілген оқу орындары түлектерін қоса есептегенде орта есеппен 60 мыңдай офицер мен 25 мыңдай сержант бізде,әзірленіп шықты. Елімізде 12 атқыштар дивизиясы,7 атқыштар бригадасы мен 4 атты әскерлер дивизиясы жасақталды. Сондай-ақ 2 артиллерия,4 миномет, 3 авиаполк,14 арнаулы батальон мен рота құрылған.
Соғыс жылдары майданға 13131 жүк автокөлігі,мыңға тарта жеңіл мәшине, 1538 шынжыр табанды трактор,110428 сәйгүлік және 16125 жүк тартатын аттар жіберілді. Қазақстандықтар тылда да аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін,Жеңіс үшін» деп күні-түні жұмыс істеген тыл еңбеккерлері бүкілхалықтық қорғаныс қорына 4 миллиард сомнан астам қаржы аударған. Алғы шепке 1600 вагон сәлемдеме мен сый -сияпат жіберген. Соғыс жылдары елімізге эвакуациямен келген зауыт-фабриктер жұмыс істеп,майданға қажетті қаружарақ пен тауарлар жіберген.
Ұлы Отан үшін қар төсеніп мұз жастанған,әр төбе үшін алысқан,жауды жеңуге жарысқан,серттен таймаған,сырын жатқа жаймаған талай боздақ мәңгі қайтпас сапарға аттанған бұл соғыста.Соғыс алдында Қазақстанда 6,2 миллион халық тұрса,одан 1 миллион 700 мың боздақ әскерге аттанып, 700 мың сарбаз еңбек армиясына жіберілген. Деректер мен дәйектерге сүйенсек әрбір төртінші қазақстандық мылтық асынса,оның жартысына жуығы соғыс даласында ерлікпен қаза тапты,елге оралмады,шаһид болды. Елге оралғандардың көбі майдан даласында өзінің бір мүшесін қалдырып, қолаяғын беріп келді.
Осылай туған топырағына бір мүшесінен айырылып оралған батыр ұлды ақын атамыз Әбу Сәрсенбаев былай суреттейді: «Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?Сенің келешегің үшін берді ол, Азаттық жолында аяғын!». Ұлы Отан соғысы тарихының тағы бір ащщы беті бар. Сол жылдары Қазақстанға 361 мың Волга бойының немістері,507 мың балқарлар,чешендер мен ингуштар,110 мың месхеті түріктер,180 мың қырым татарлары жер аударылды.Еш кінәсі жоқ бұл адамдарды қазақтар құшақ жая қарсы алып, соңғы үзім нанымен бөлісіп,майдан үшін қосыла еңбек етті. Бұл зұлматтың зілбатпан жүгін,оның жүйкеге түсірген ауыр салмағын, қан жұтқызған қасіретін,көл боп аққан көз жасын, аяқ-қолы тілім-тілім болған тылдағы адамдардың еңбегін қарапайым сандар ақылы не пайыздық көрсеткішпен болжау, санап жеткізу, жазып тауысу мүмкін емес. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында отты жылдары Отан үшін от кешкен боздақтар рухына бас иіп,олар көрсеткен ерліктің сипаты мен мәні туралы ойлану,пайымдаубіздің адами парызымыз деп білемін. Бұл соғыста біздің аға ұрпақ ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті.Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Қазақ ССР-інде құрылған көптеген әскери құрамалар ұлы шайқастың жылнамасына даңқты беттер жазып қалдырды.316-(Панфилов атындағы 8гвардияшылар дивизиясы),238-(30-гвардияшы) және 312-атқыштар диви- зияларының Москва түбінде болған шайқастарда,29-(72-гвардияшы)және 38(73-гвардияшы) дивизиялардың Сталинград түбінде,Курск доғасында, Днепр өзенінен өткен кезде,310 және 314-дивизиялардың Ленинград қаласы үшін болған ұрыстарда даңқы шықты.
Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер,оның ішінде 111-і қазақ Совет Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды.Оның 280-і орыс қалғандары басқа ұлт өкілдері. Бауыржан Момышұлы,Бақтораз Бейсекбаев аталарымыз бен Хиуаз Доспанова апамызға да осындай даңқты атақтар бейбіт кезеңде берілді. Олардың бәрі де Отанын шексіз сүйіп,көпшілігі Отан үшін өмірін құрбан етті.
Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстап барады.Бірақ ,адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан азат еткен халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес Аға ұрпақтың даңқты жолы оттан ыстық Отанды бар жан-тәніңмен сүюдің шын үлгісі дегім келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі