Қайсар ерлікпен келген жеңіс

 Қайсар ерлікпен келген жеңіс

Капсалямов Ерасыл
4 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия
Ақсу ауданы
Жетекшісі: Кусаинова Г.А

Осыдан 75 жыл бұрын, таң ата бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап, жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттар ағылды. Кеше мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер соғысқа сұранды, аталар мен әжелер зар қақсады. Барлық жастар майданға, Отанын қорғауға ағылып, асықты. Ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың Отаншылдық, патриоттық сезімі қолына қару алып, сапта тұрған көптеген солдаттардың, ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі, рухы мен қайсарлығы жеңісті бір табан жақындата түсті. Сұрқия соғыс біздің Қазақстанда аттап өтпегені баршамызға мәлім. Сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап жеңісті сарыла күтті. Әйтеуір жеңіс келді. Үміттері мен сенімдері, армандары орындалды. Осы жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған адамдар, асыл азаматтар, батыр аналар мерт болды. Жауларымен жан аямай күресіп, ерліктің ерен үлгілерін көрсете білді. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры, жазушы Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген. Миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды», - деп өз ойын айтқан. Ұлы Отан соғысы халық өмірі мен тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз ешқашан жадымыздан өшіре де, сыза да алмаймыз. Соғыс! Тау мен тасты қопаратын алапат күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Майдан алабындағы бозбалалар мен бойжеткендер қолдарына қару алып, елін қорғауда, он бес-он алтыға толған жасөспірімдер тыл майданында еңбек етуде, майданда оққа ұшқан солдаттар мен офицерлер, жарынан айырылған әйел, зар еңіреп майданға асығып, көмек көрсеткен, белін жазбай еңбек еткен ана, үйіне қара хат келген, қайғыдан қан жылаған отбасы, баласының өліміне сенбеген, келер деп үміт артып, үмітін үзбей, алысқа сағына сарғая қараған ана, соғыстан оралса да қолынан, не аяғынан айырылған жігіттер, жастайынан әкесінен, яки шешесінен айырылған балалар, қақаған қыста отын таппай, бүрсеңдеп пешке тығылған, көздері жәутеңдеген бір топ балалар, - міне осы нағыз соғыс келбеті. Осындай жағдайды ойласам, көңіл күйім түсіп, көзімнен еріксіз ыстық жас тамады. Мұндай соғысты кім қалайды? Мен соғыстың болмағанын тілеймін. Біз қазақтар мәңгі біргеміз! Бұл біздің ең басты қаруымыз және байлығымыз! Мен соғысты жек көрем! Соғыс тек қайғы, қасірет пен жоқшылықты әкеледі, соғыс қаншама адамдардың өмірін жалмап, сан миллиондаған жастарды қыршынынан қиды. 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Қазақстан әлемнің саяси картасынан ойып тұрып орын алды. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі бүкіл әлемді таң қалдырып, мойындатты.
Оған атабабаларымыздың қосқан үлесін, қаһармандық ерлігін – біз мақтан тұта айта аламыз. Олардың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты, яғни бізді Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жаугершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді.
Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қашан да қастерлеп, құрмет тұтады. Біз өз ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз, себебі олар біз үшін алты малтаны ас етіп, толарсақтан қан кеше жүріп, етігімен су кешіп, қасық қандары қалғанша күресіп, бізге Жеңіс сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі, ерлігі және көпұлтты халықтардың достығы мен бірлігі себепкер. Ұлы Жеңіс он бес ортақ мемлекеттердің мерей тойы. Бізге жарқын болашақ пен бақытты ғұмыр сыйлаған асыл кісілердің есімі мәңгі сақталады.
Сол кісілердің арқасында бейбіт өмірімізге нұр шашылуда. Біздің жарқын өмір сүруімізге жағдай жасаған офицерлер мен солдаттардың үмітін ақтауымыз керек. Біз, қазіргі ұрпақ, ата-бабаларымыздың алдында тағзым етіп, құрметтеуіміз адамгершіліктің белгісі болып саналады. Келесі ұрпаққа жарқын болашақ сыйлау, өз қолымызда. Менің ойымша Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, кездеспегеннің өзінде газетжурналдардан оқып, сол кездегі фильмдерді көріп жайбарақат отыра алмайды деген ойдамын. Бұл соғыс бізге Отанымызды құрметтеуді, қастерлеуді, тіліміз бен дінімізді жоғалтпауға, жерімізді сақтауға, туған-туыс ағайынды, достарымызды бағалай біліп, біздің өмірімізде маңызды роль атқара отырып, жоғалтсақ жанымызға жара түсіретінін көрсетті.
Соғысқа қатысқан Қазақстан жауынгерлерінің саны сол кездері бір миллион алты жүз мың болса, ал қазіргі уақытта олардың саны күннен күнге азаюда. Қарттардың қазіргі қоғамдағы рөлі ерекше. Оған жарқын мысал, жастардың ардагерлерге деген құрметі мен сыйластығы, аянбай көмек қолын созуы. Мемлекет те ардагерлерге бар жағдайларын жасауға тырысып бағуда.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең-атаң қымбат.
Туып-өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат
Қаз дауысты Қазыбек атамыз өте дұрыс айтты. Әрбір адамға туып өскен Отаны қымбат. Менің Отаным маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем, көруге асығамын, сағынамын. Мен өз Отанымды өте қатты жақсы көремін! Отанымды көркейтіп, өркендету үшін сабағымды жақсы оқып, көп еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.
Мен ата-бабаның, атаанамның, ата-анамның, туған-туысымның, дос-жарамның үмітін ақтағым келеді. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш – жігерімді салып, уәдемді орындаймын. Мұндай іске біздер, Қазақстанның азаматтары бір-бірімізге көмектесеміз деп ойлаймын. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күшжігерімді салып, уәдемді орындаймын және еліміздің барлық жастарын шақырамын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі