Шығарма: Жеңіске жеткен сол күн

Шығарма: Жеңіске жеткен сол күн

Қайдарова Жансая
Алматы облысы, Талдықорған қаласы
№ 24 лицейдің 10 сынып
Жетекшісі: Нұрғожаева Б. Д.

Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Соғыс - жер үшін, кейінгі ұрпақ келешегі үшін, елдің намысы үшін жауапты майдан. Бірі атасынан, бірі әкесінен, бауыр – қарындастарынан айырылса, бірі ұлынан айырылған сұрапыл жылдар. Бірақ азапқа толы сол жылдардың өз нәтижесі, тарихы, маңызы бар. Жеңіске жеткен сол күнді одақтас он бес ел, соның ішінде қазақ елі де 71 жыл бойы тойлап келеді. Ол ешнәрсе де, ешкім де тарих беттерінен өшпейтінінің, халықтың жүрегінен де, жадынан да мәңгі орын алатынының белгісі.
Бұл соғысқа қазақ елінің тікелей қатысы жоқ деушілер де бар шығар. Бірақ бұл оймен мен мүлдем келіспеймін. Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан үшін де бұл соғыстың маңызы зор. Қызыл армиядағы қазақ жауынгерлері алдыңғы шепті басқарып, Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Қазақ жауынгерлерінің ержүрек, өжет мінезі мен жауынгерлік шеберлігіне барлық өзге ұлт өкілдері тәнті болған. Оған дәлел бес жүз қазақ жауынгері Кеңкс Одағының батыры атағын алған. Осындай мақтануға тұрарлық деректерді тарих, әдебиет беттерінен кездестіргенде бір ерекше сезім пайда болады. Ал Жеңіс күнінде қуаныш, мақтанышқа толы айрықша көңіл – күй жүрегіңді баурайды. Дегенмен, қарттар мен ересек жандардың көңілдері босап, көздеріне жас толады. Қуанышты күні жас алуларының себебі: бір мезет көз алдарына сол соғыс уақытын елестетіп, оққа ұшқан талай қазақ бауырларын естеріне алады. Бұл соғыстың қуанышы мен азабы ел жадында қатар жүреді.
Соғыс кезінде көзге түскен, ешқашан халқы ұмытпаған ержүрек батырымыз - Бауыржан Момышұлы былай деп жазыпты: «Нағыз жауынгер тәрбиелеуде дәстүрдің алатын орны зор». Барлық елге танылған батырымыз өзінің ерлігін халқының дәстүрінің арқасында деп жазса. Демек, біздің, кейінгі ұрпақтардың басты міндеті – халқымыздың тарихы, ержүрек батырларымен қатар дәстүрін де құрметтеу. Салт-дәстүріміз - ұлт болуымыз үшін, дініміз – адам болуымыз үшін, тіліміз – қазақ болуымыз үшін қажет екендігін ұмытпауымыз керек.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle