Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!

 Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!

Исаева Құралай
7сынып,Үшқоңыр қазақ орта мектебі
Қарасай ауд.Үшқоңыр ауылы
Жетекшісі:Бихожаева Г.Н.

Сендердікі-өмір, қоғам,заманда,
Сән түзеген қалаң менен далаңда.
Бейбітшілік мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталатын адамға.
Осыдан 71 жыл бұрын, адамзат тарихындағы ең сұрапыл да жойқын соғыс аяқталды. Елім деп еңіреп жерім деп жанын аямай шайқасқан кешегі аға-апкелеріміздің арқасында біз бүгін адам айтса нанғысыз бейбіт ғұмыр кешудеміз. Ұлы жеңіс- сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке, ол біздің атабабаларымыздың қаны мен терін төгіп, білектің күшімен найзаның ұшымен келген дүние. Қаншама ата- бабаларымыз ерлік көрсетіп, жерлерін, елдерін ешкімге бермей фашистермен айқасқан бабаларымыз үшін қарыздармыз. Осыдан 75 жыл бұрын, сұрапыл соғысқа аға-апкелеріміз аттанған болатын. Егерде бізде мұндай жаужүрек, қайсар, батыр бабаларымыз болмаса біз бейбіт, жарқын өмір сүруші ме едік кім біледі.....
Германдықтардың қол астында жұмыс істеп, егемендігімізді алмай армандайтын ба едік.... Әлде жер бетінен жойылып мұндай ел барын ешкімде білмей қаларма еді... Тәуба қаны қазақ жаны қазақ батыр бабаларымыздың баға жетпес ерлігі, асыл аналарымыздың күндіз түні төккен тері бүгінгі күні өз жемісін беріп Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің ұланғайыр жерінде бейбіт өмір сүріп келеміз! Болашаққа нық сеніммен қарайтын, тарихының тамырынан сыр шертетін бабалар армандаған білімді жастар бой түзеуде. Соғысқа қатысқан қаншама боздақтар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов,Төлеген Тоқтарав,Сайн Аманжолов сияқты батырларым өздерінің өшпейтін ерліктерін бізге өнеге ретінде қалдырды .Ол кісілер біздің жүрегімізде...Шын мәнінде біздің абзал жанды ардагер қарияларымыз үлкен ерлік жасады.Ел үшін, болашақ үшін жалын атқан жастығын, жанын берді. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталған болатын.1941жылы 22маусымда таңғы сағат 4шамасында Герман әскері КСРО-ның батыс шекараларына шабуыл жасай бастады. Сол уақытта бүкіл халыққа қаралы хабар келіп жетті.
Гитлердің соғысқа арналған жоспары «Барбаросса» деп аталды.Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп ойлаған болатын. Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына шамамен 1 млн-нан аса Қазақстандықтар шақырылған болатын. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең жаман соғыс 20 млн-нан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды,40мыңдай аурухана немесе басқа де емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары,42мың кітапхана және басқа да нысандар жойып жіберілген , тоналған деп сыр шертеді тарих.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш етеді. Соғыстың алғы шептерінде қайсарылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер азда болса армызда жүр. Сол кісілерді көзі тірісінде ұлықтап төрден орын беріп құрметтейік,қадірлейік!!! Соғыстан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен,ерлігімен,атаның туын жықпай,ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай,жылап жүріп жауды жеңіп,тауын шағып, туын жағап,жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн.Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап,аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін,біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.Ол-өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік.
Ол күш – әрине, бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы болып жыл сайын тойлануда. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап , жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ,қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үщін ерекше болмақ. Найзағадай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі,ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі- ел есінде»,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған бабалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бұл қазақ даласы не көрмеді кешегі ашаршылық жойқын соғыс зұлматтардың бәрін арқаға тастап бүгін тәуелсіз елміздің ұланғайыр жерінде еркін өмір сүрудеміз.Ата-бабам армандаған ұлы жеңіс болашақ жастарға мына біздерге ұлы аманат!
«Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!»
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар
Мен жастарғат сенемін!
М. Жұмабаев атамыздың осы бір өлеңі өрелі жастарға, өнегелі ұрпаққа ұлы жеңісті аманаттап тұрған тәрізді. Ұлы жеңіске-ұлы аманатты арқалаған ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сындарлы саясатымен елімізді, жерімізді « қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» дамытып, көркейтуде. 9 мамыр-бұл мереке ғана емес,бұл ауыр еңбек,бұл халықтың батырлығы.Біздің парызымыз, азаматтық міндетіміз Отанымыздың,еліміздің жеріміздің нағыз патриоты болу,келер буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осы шығармамды қорыта келе өзіммен қатар құрбы-құрдастарыма Егеменді еліміздің еңсесін биік ұстап,бабалар өсиетін орындайық дегім келеді.Ол үшін Б. Момышұлының «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөзін естен шығармағанымыз жөн.Сонымен қатар Саққұлақ би: «Адамның басшысы –ақыл, жетекшісі-талап, шолушысы-ой, жолдасы-кәсіп, қорғаны-сабыр, қорғаушысы-мінез, сынаушысы-халық»,-деп бірнеше сөзбен-ақ тәрбиенің жүйесін белгілеп берген.Қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу үші тәрбиеге аса көңіл бөлу керектігін мойындаймыз.Кешегі сұрапыл соғыстарда болашақ үшін яғни біз үшін жанын құрбан етіп бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыз қаны текке кетпесе екен!Қыздарымыз болашақ ана,ұрпақтың ұйытқысы, ер жігіттеріміз еліміздің,жеріміздің қорғаны екенін ұмытпаса екен.
Сен қазақсың! Қазақ едің туғанда
Онда дүние тағлымынан үлгі алда
Ата-жұрттан ана тілден айырлма
Төбеңде күн,төменде жер тұрғанда!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі