Шығарма: Ұмытылмас Ұлы Жеңіс

Шығарма: Ұмытылмас Ұлы Жеңіс

Абишева Айсұлу
11 сынып, №1 мектеп-гимназия, Сарқан қ.
Жетекшісі: Қажиева А.М.

1945 жылы 8 мамырда Германия өзінің жеңілгенін мойындады, Ұлы Отан соғысы осылайша Кеңестер Одағының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс КСРО құрамындағы барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін Ұлы Жеңіс еді. Бүгінде біз осы Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтудеміз. Соғысытың тарихына тоқталатын болсақ: Германия байлығы мол, жері кең, ең керекті әрі пайдалы кен байлықтардың бәрін қойнауында сақтаған, алып держава Кеңестер Одағының жеріне көз тікті. Герман әскерлері КСРО аумағына басып кіргеннен-ақ, жерін қорғау үшін кеңес адамдары өз еріктерімен соғысқа аттанып жатты.
Олардың арасында қазақстандықтардың үлесі де аз емес еді. Майданға Қызыл Армия қатарына бір миллион екі жүз мың жерлестеріміз қабылданды. Бұл сұрапыл соғыс әсер етпеген бірде-бір шаңырақ болмады. Әр үйден кем дегенде екі адам әскер қатарына алынды. Ұлдарының, әкелерінің, аға-бауырларының не өлі, не тірі оралатынын білмей үйлерінде қалған әйелдер мен аналардың әр күні қорқынышпен өтті. Ал, отбасында соғысқа баратын ерлері жоқ нәзік жандылар да Отанын қоғауға аттанды. Олар қолдарына қару алып, тіпті танк, ұшақ сияқты ауыр техникаларды да басқарған. Осындай ержүрек нәзік жанды Қаһарман атағына ие болған апамыз Хиуаз Доспанова. Тұңғыш ұшқыш әйел, қазақ қызының әуеде ұшақты басқарып жүріп жасаған ерліктері соғыс жылдары барлық КСРО-ға белгілі еді. Әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанған Хиуаз Доспанова ол кезде 20 жаста еді. Осындай жасында әуе техникасын жетік меңгерген ол, түнгі мезгілде жау шептеріне әуеден шабуыл жасаған. Ол штурман еді. Авиацияда штурманның атқаратын жұмысы өте маңызды. Кез-келген оқыс жағдайға дайын болып, әуедегі шайқастан ұшақты ішіндегі жауынгерлерімен қоса аман алып шығу керек болды. Осы міндетті абыроймен атқарған батыр апамыз көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Еліне деген сүйіспеншілігі, бойындағы намыс пен күш-жігерінің арқасында «Гвардиялық» деген атақ алды. Соңынан «Тамань», «Қызыл Ту», «Суворов» ордендерінің иегері атанды. Әуедегі ерліктің тамаша үлгісін көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова «Халық Қаһарманы» деген атақтың иесі. Бұл атаққа ие болған қазақ батырлары аз емес. Олар соғыстың алғашқы күнінен бастап барлық майданда шайқасты. Батыстағы қалаларды гитлерлік басқыншылардан азат еткен ержүрек ұл-қыздарымыздың ерлігі ел есінде. Олар: Мәскеуді қорғаған генерал-мойор Панфилов басқарған, аңызға айналған 316-атқыштар дивизиясы. Ерліктің ерекше үлгісін танытқан Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров Кеңестер Одағының батырлары атанды. Ленинград түбінде шайқас жүргізген әскердің 30%-дан астамы біздің елдің азаматтары болды. Олар ерекше ерлігімен көзге түсті. Солардың бірі кеудесін оққа тосқан ержүрек ер Сұлтан Баймағамбетов еді. Оған қоса: Д. Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубковтардың есімдері бүкіл Кеңестер еліне танымал еді. Қазақстандықтар көзге түскен тағы бір шайқас Сталинград үшін болды. Осы соғыста жаудың әскери базасына өз ұшағын құлатып, ерлікпен елі үшін мерт болған Нүркен Әбдіров батыр атанды.
Осыдан өзге қазақстандықтар Украина, Белорусия, Молдавия, Балтық жағалауларындағы елдерді азат ету мақсатымен көзге түскен. Осылайша біздің жауынгерлер Кеңес Одағының түпкір-түпкірінде жан аямай, соғысып жатты. Халқының үміті, елінің бостандығы қымбат болған жауынгерлердің патриоттық рухы соғыстағы ең басты қару болды. Қардай бораған оқтың ортасында жүріп, өз елі үшін жанын қиып, адам айтса сенгісіз ерліктерге барған. Бірі кеудесін оққа тосса, бірі жауды жою үшін ұшағын құлатқан, бұл ерліктердің астарында Отанына деген шексіз махаббат бар.
Суыққа да, ыстыққа да, шөлге де, аштыққа да қарамай күндіз-түні өліммен арпалысқан әр жауынгер «Халық Қаһарманы» деп аталуына лайықты. Әр жауынген соғыстың жеңіспен аяқталуына теңдесі жоқ үлес қосып, жаумен шайқасып жатыр. Ал, дәл сол кезде соғысқа кетпеген халық бос жүрмеді: Олар да жеңіске біршама үлесін тигізді. Себебі олар майданды қару-жарақпен, азық-түлікпен, киімдермен, және техникамен қамтамасыз ету үшін көп еңбектенді. Қазақстан аумағында барлық шикізат көзі болғандықтан, біздің еліміз негізгі өнеркәсіп орталығы болды. Жер қойнауында жатқан табиғи байлықтарымыз кеңінен игеріле бастады. Зауыттар мен фабрикалар іске қосылып, өте қарқынды өнім өндірді. Ер адамдардың көбі соғысқа кеткендіктен, жұмыс күші әйелдерге түсті. Әйелдер барлық саланы қолға алды. Ешкім де бейбітшілік жолында аянып қалмады. Бұл да ерліктің бір көрінісі. Осындай қажырлы еңбектің арқасында КСРО соғыста барлық жағынан алдыда болды. Жеңіске қол жеткізуге үлесін тигізген әр адамның есімі ардақты, ерліктері үлгі, өмірлері өнеге болып қала бермек.
Сол қанды, қатігез жылдар бүгінгі тыныш өмірдің айнасы. Отан үшін өткен шайқастың жеңіспен бітуі, бізден басқа қаншама елдің қуанышы. Жеңіс күнін қазір де бізден басқа 14 мемлекет атап өтеді. Бұл айтулы күн қарсаңында осы әрбір елде кең көлемдегі әскери парадтар өтеді. Онда соғысқа қолданылған әскери техникалар көрсетіліп, әскерилер саптық адыммен жүріп, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетеді. Халқымыз соғыста ерлікпен көз жұмған Қаһарман ұл-қыздарын еске алады. Бұл батырлар мәңгілік ел есінде. Қазіргі күні Ұлы Отан соғысында ерекше ерлігімен танылған Халық Қаһармандарының есімдері берілген әскери оқу орындары, көшелер, мектептер мен аудандар бар. Олардың есімдері әрқашан мақтанышпен аталады, себебі бұл батырлар біздің аспанымызды ашық етіп, тыныштық орнатты.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 20 секунд !!!

0 0


Комментарии для сайта Cackle