ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер

 ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер

Қалиева Ардақ
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна

Совет әйелдері теңдесі жоқ табандылық пен еңбек қаҺармандығын көрсетті... Коммунистер дұшпанға қарсы күрестің ең қиын және шешуші учаскелерінде болды. Олар өз басының өнегесімен, жалынды партиялық сөзімен совет адамдарын жігерлендіріп, жеңіске бастады» /КПСС ОК-нің «Совет халқының 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығы қаулысынан/.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Одағындағы барша еңбекшілер сияқты ақтөбеліктер де еліміздің әскери және өндірістік қуатын молайту мен билеуші партия талаптарын орындауға жұмыла кірісе бастады. Қалалар, кішігірім елді мекендер мен кәсіпорындарда халықтық митингілер өткізіліп, көп ұзамай шаруашылықтағы маңызды нысандардың жұмысын соғыстық экономикаға бейімдеу жұмыстары қолға алынды. Неміс басқыншыларының батыстағы жойқын шабуылдарынан кейін Кеңес билігі өз үндеулерінде барлық тұрғындар үшін алдағы ауыр кезеңдердің тұрғандығын және оны жеңіп шығуда көпұлтты халықтың жұмылуы керектігін жеткізді. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыра қайта құру ісі Кеңес Одағының батыс өңірінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру жұмыстарымен қатар жүрді. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан экономикалық жағынан маңызды әрі қуатты аудандардың қатарына жатқызылды.
Соғыстың жаңғырығы алыстаған сайын сол жылдардағы өнегелі істер туралы көпшілігіміз арамызда жүрген қарияларымыздан білудеміз. Ақтөбелік тыл ардагерлерінің естеліктерінен жастық шағын еңбекке арнап, олардың ерте есейгендігі жөнінде жарық көріп жатқан газет мақалаларына да оқып, біліп жатырмыз. Сын сағатында қорқыныш пен үрейді жеңе отырып, қайсарлық пен төзімділікті бойына жинаған, білекті сыбанған аға буын өкілдерінің қазіргі ұрпаққа айтары мол. Таңның атысынан қара кешке дейін еңбек еткен тыл ардагерлеріне бүгінгі ұрпақ шексіз риза. Майдан даласындағы әскери құрамаларға демеу болған күш-тылдағы ерен еңбек үлгісін көрсеткен жандар болып табылады. Сол жылдары барлық қазақстандықтарға -кәріге де, жасқа да, еркек болсын, әйел болсын, барлығына қажырлы еңбек ете отырып, ұйымшылдық, тәртіптілік пен қырағы болу талаптары қойылды.
Соғыстың басталуымен батыстағы өнеркәсіп ошақтары көшіріліп, майдан даласына жақын жерге орналасқан мүліктер мен тұрғындар Қазақстанға әкеліне бастады. Бүгінде мұражайдың қорында сұрапыл соғыс жылдарында Ақтөбе жеріне кәсіпорындарды орналастыру мен эвакуацияланған тұрғындарды қоныстандыру жұмыстарының жүргізілгендігі жөнінде деректер сақтаулы. Онда атқарылып жатқан жұмыстар Ақтөбе облыстық партия комитеті мен жергілікті атқару билігінің тікелей назарында болып, шұғыл шешімдері шығып жатқан жұмыстардың орындалу барысымен оқып танысуға болады. Сарғайған құжаттарда сұрапыл соғыс жылдары ерлердің орындарын басқан ақтөбелік әйелдер туралы қызықты мәліметтер кездеседі. Қиыншылықтарға қарамай ерлердің орнын басқан әйелдер түрлі мамандықтарды меңгеріп шықты. Мысалға, қолда бар деректерге сүйенсек 1943 жылға қарай облыс бойынша екі мыңға жуық қыз-келіншектер мамандану курстарынан өтіп, тылдағы қызу еңбекке араласқан. Қаһарлы соғыс жылдарында өнеркәсіп орындары, мекемелер, колхоздар, МТС мен ұйымдарға әйелдер қызметке көптеп тартыла бастады. Жетіспей жатқан басқарудағы кадр мәселесін шешуде Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің жанынан құрылған әйелдер жұмыстары жөніндегі бөлім ерекше қолдау көрсете білген. Әр жылдары облыстағы іргелі кәсіпорындар мен шаруашылықтарда қызмет еткен Т. Мұхаметдинова, Ч. Кудлинская, С. Бижанова, В. Дурова, З. Сейтқұлова, К. Ирманова, Е. Смелик, Низимбетова, Сулейменова, Ишмухамедова және басқалары білікті басқарушылар есебінде танылды. 1943 жылғы дерек бойынша облыста 297 әйел мал фермаларының меңгерушілері, 280 әйел басқарма басшылары, 201 әйел звено басшылары, 63 әйел дала бригадаларының бригадирлері, 77 әйел шаруашылық бойынша колхоз төрағаларының орынбасарлары болып жұмыс жасаған. Аудандарда басшылықтағы әйелдердің қатарында Ключевой ауданынан Мұхамбетова, Новоресей ауданынан Сүлейменова, Темір ауданынан Армағанбетова сынды ауылдық кеңестік басшылары үлкен ұжымның жұмыстарын дұрыс жолға қоя білді. Қарабұтақ ауданына қарасты «Қияқты» шаруашылық артеліндегі Қырмызы Пірімбетова жылдар бойы тауарлы-сүт фермасының жағдайын жақсы білуімен табысты көрсеткіштерді қамтамасыз етіп келген. 1941 жылдың аяқталуына байланысты өткізілген еңбек екпінділері -стахановшылардың Ақтөбе облыстық жиылысында облыс пен қала бойынша «Казпух», «Образец», «Красный минерал», Жамбыл атындағы артель ұжымы жоспардан тыс 358 мың сомның өнімін дайындады. Осы ұжымдардан қалыспай «Новый труд», «Промышленник», «Красный восток», Микоян атындағы артельдер жылдық жоспарларын толық орындап шықты. Облыс және қаладағы үй шаруасындағы әйелдер артельдердің қызметіне тартылып, жаңа кәсіп түрлерін меңгеріп алды. Жалпы алғанда, артель жұмысшыларының қатарындағы екіжүздіктердің саны 300 адамға дейін жетті. Мысалға, «Образец» өндірістік артелі 1943 жылдың жылдық жоспарын қараша айының басында толық орындап бітірген. Артельде 138 әйел қызмет етсе, соның 105 стахановшылардың қатарына енді. Тағы да бір мысал, осы ұжымда еңбек етіп жатқан Борисова өндірістік жоспарды 240 пайызға орындаса, ұжым мүшесі Петрович 335 пайызға дейін жеткізеді. 1942 жылғы дерек бойынша облыс бойынша соғыстың алғашқы күнінен бастап 347 әйел жаңа мамандықтарды меңгеріп шыққан. Бұнымен қоса 420 әйел слесарь, токарь, машинистердің көмекшісі, турбиналық машина шеберлері, балқытушылар, пеш жағушылар, телефонисткалар, электромонтерлар, ұсталар, дәнекерлеушілер, теміржолдағы бағыттаушылар, экспедиторлар, өрт сөндірушілер және басқа да ер азаматтардың мамандықтарын игере бастады. Соғыс жылдарында мемлекет үшін маңызды өндіріс ошақтарында да әйелдер абыройлы еңбек етіп, майдандағы армияны үздіксіз қажетті өнімдермен қамтамасыз етіп келді. Тылдағы кәсіпорындардың майдан үшін толассыз қызмет көрсетуі маман кадрларды дайындау жұмыстарына тікелей байланысты болатын. Ақтөбелік әйелдер де мамандықтарын жетілдіре, үйрене жүріп, цехтардағы станоктарда, лабогрейкаларда, домна пештерінің бойында жүріп, тәжірибе жинақтай бастады. Мысалы, С. М. Киров атындағы Ақтөбе химия комбинатында ерлерден кем түспеген 22 әйел өндірістік үрдістерге тікелей араласып, негізгі өндірістік цехтардағы Вера Лысенко, Клавдия Жирякова, Рубцова, Сташинина сияқты комсомол жастар комбинат мақтанышына айналады.
27 миллион адамның өмірін жалмаған, мыңдаған қалалар мен деревняларды күл- қоқыстың үйіндісіне айналдырған алапат соғыстың аяқталғанына да биыл 71 жыл толды. Тарих үшін көзді ашып- жұмғандай уақыт болғанмен адам өмірі үшін Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл болған уақыт, әрине аз емес. Солай бола тұрса да сұрапыл нәубеттің тылдағы көріністері күні кешегідей көз алдыма елестейді. Соғыс жылдарында тылда күні- түні көз ілместен Жеңіс үшін, Отан үшін деп еңбек еткен, қайран біздің аналар! Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бізге қашанда үлгі, өнеге болары сөзсіз. Енді соғыс болмасын, аналардың көзінің жасы төгіліп, ауыр еңбектен қажымасын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?