Батырлардың есімі ұмытылмайды

 Батырлардың есімі ұмытылмайды

Бижанов Нариман
10 сынып, Есенкелді орта мектебі
Есенкелді ауылы Атбасар ауданы Ақмола облысы
Мұғалімі: Қозбағарова Гүлсім Жақсыбайқызы

Ерлік елдің қасиеті,
Жүректілік - жігіттің қасиеті-деп
Бауыржан Момышұлы айтқандай сонау 40-жылдары қиян-кескі ұрыста көрсеткен аталарымыздың табандылықтарын ұмыту мүмкін емес. Отан үшін қасық қандары қалғанша күрескен әр азаматтың батырлығы бізге үлгі. Қатыгездікпен елімізге шабуыл жасаған неміс фашистерінің зұлымдықтарына төтеп бере алған,кеудесін оққа төсеген ерлер қаншама. Қақаған қыстың суығына,аптап ыстыққа шыдаулары «Отаным, елім» деп соққан әрбір совет жауынгерін қиындыққа төзе білуге үйретті. Отанға,жеріне деген сезімдері алға жетеледі». Батыр майданда шынығады. Болат қайнауда шынығады» дегендей жас шамасына қарамай жасөспірім балалар да майданға сұранып, қолдарына қару алды. «Отан үшін жан пида» ұранымен жауды жағасынан алды.
Неміс фашистерінің өзі совет жауынгерлерінің қайтпас қайраттарына, биік сана-сезімдеріне таң болатын. Сол соғыс жылдары әр отбасына қайғықасірет әкелді. Адамзаттың көрген қиындығына ,қайғы –мұңына Жер-Ана да күңіреніп ортақтасып жылағандай. Көкірегі қайғыға толы көздерінен жас аққан аналар,қосағынан айырылған әйелдердің зары әлі де құлаққа естілетіндей. Жауға қарсы шығып, қасық қандары қалғанша күрескен – Әлия, Мәншүк апаларымыз, Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев сияқты батыр ағаларымыздың ерліктері мәңгі тарихта қалды. «Ерлік көрсеткенге оқ дарымас» дейді халқымыз. Оқ дарыса да батырларымыздың аты өшпейді.Бойларын намыс, қайрат билеген аталарымыз жау алдында өздерін қасқая, беріспей ұстады. Өз ойымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.
Сондағы мен аталардың ерліктеріне мақтанам.
Балғын ұрпақ сенің бала болашағыңды
Біле білсең ,батыр аталарың сақтаған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?