Шығарма: Сұрапыл соғыс

Шығарма: Сұрапыл соғыс



Аятхан Мөлдөржан
Ақмола обылысы, Ерейментау қаласы
Агротехникалык колледжі
Жетекшісі: Тулендинова Үміт Баубековна

Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,тіршілік қан жылататын, қайғықасіретке толы қаралы сөз. Осыдан талай жылдар бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Сол Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысқа жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды.Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді,Отанымызды сақтаймыз-деп жан аямай соғысып еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да бұл мереке адамзатқа олардың ұлтына,дініне,тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш,ортақ жеңіс.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындар да соғысқа сұранды. Бұл қанды майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды. Сонымен қатар,атағы аңызға айналған жаңа тұлғалар тарих бетіне өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. 500-ден аса жерлестеріміз оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар:қазақтың қос аруы М.Мәметова, Ә.Молдағұлова және қазақтың қайсарлы ержүрек жігіттері Б.Момышұлы, Т.Бегельдинов және тағы басқалары.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бой өз жері, отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украина қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды. Осындай сұрапыл жылдары бір қолына қару,бір қолына қалам ұстаған ақындар да көп болды, мысалыға алатын болсақ, Бауыржан Момышұлы ол кісінің жазған өлеңдері жетерлік. Осы сұрапыл соғысты өлең жолдарымен бейнеледі. Сол ақындардың бірі Н.Байғанин шығармаларының басты тақырыбы майданға кеткен жауынгерлер және көмекті күшейту, жауынгерлердің рухын көтеру,олардың бойында ел алдындағы борышты өтеу, тәрбиелеу болды. Ақын жауға деген ыза-кегін:
Өлер күнің таянды.
Халық түгел ашынған.
Алар сенен қанға-қан.
Алар сенен жанға-жан.
Жоқ боларсың,бітесің.
Адам жауы-сұр жылан
- деп білдіреді. Сол сұрапыл соғысты аман-есен келген жауынгерлер саны саусақпен санарлық. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып бара жатыр. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап,аман оралған ардагер ата-апаларымыз өздері қорғап,қорған қамқор болып оралған арттағы,қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ешқашан ұмытпаспыз.
Елімнің келешегі не болады - деп қайғымен мұңды қатар ұстап, қуаныш пен тыныштықты аңсаған халықтың арман-тілегін арқалаған батыр ағаларымыз бен апаларымыз алапат қырғын соғыс лаңын Германия жерінде 1945жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам-жаудың жеңіп соғысты Германия жерінде жеңіспен аяқтады. Бүгінде Жеңіс күн мерекесі адамдардың ұлтына, дініне,тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш,ортақ жеңіс күні.Бұл қастерлі мейрамның мән мағанасы уақыт өткен сайын еш өшпес емес,себебі жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн.
Жетпіс бір жылда өтелмей парызымыз.
Туған ел алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай.
Арамызға айтайық арызды біз.
Азаттықты аңсаған еркін елміз.
Дос пейілді ұлттарға құшақ ашқан елміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын.
Көк аспанбыз,көсілең-алтын төріміз.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғына да 71жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлады. Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес одағын кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлады. Содан бері 71 жыл артта қалды. Халық болып қорғаған Совет Одағы ыдырап, біздің Қазақстан өз алдына жеке мемлекет болды. Бұл тарихи оқиға 1991жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында жалғастырып, жаңа жетістіктермен өркендеп келеді.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle