Тілеуберді Қуандықов

 Тілеуберді Қуандықов

Тілеуберді Қуандықов – Алматы қаласының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы, №7 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі, «ҚР анестезиологтарының федерация» АҚҰ басқармасының мүшесі.

Медицинаның трансплантология сияқты аса маңызды саласы елімізде осы уақытқа дейін өте баяу дамыды. Мыңдаған науқас жөнді хирургиялық ем ала алмады, ота жасау кезегін күте-күте көбі қайтыс болды. Ауыл халдегі науқастарды Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары бойынша квотамен шетелде емдеу үлкен материалдық шығынды қажет етті. Ал орган алмастыру оталарын жасайтын мамандар елімізде жеткіліксіз болды.

2011 жылы Қазақстанда алғаш рет ересек адамның бауырына трансплантация жасалды. Отаның сәтті жасалып, науқастардың сауығып кетуі Тілеуберді Куандықовтың арқасында іске асты. 2016 жылы біздің кейіпкеріміз Қазақстанда алғаш рет баланың бауырын ауыстырып, емдеу мен анестезия жасады.

Денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштердің бірі – ана өлімі. Жыл сайын Алматы бойынша оның көрсеткіштері республикада ең жоғары болатын. Тілеуберді Қуандықов Алматы қаласының штаттан тыс бас анестезиологы болып тағайындалған алғашқы төрт жыл ішінде ол өз әріптестерімен үлкен жұмыс атқарып, нәтижесінде қаладағы ана өлімі көрсеткішін 8 есе азаюына қол жеткізді. Қазіргі уақытта Алматы қаласының денсаулық сақтау саласы бұл көрсеткіш бойынша озықтардың қатарында.
Практикалық қызметінен бөлек Тілеуберді Қуандықов ғылыми зерттеулер жүргізеді, олардың нәтижелері ірі халықаралық форумдардарда баяндалды және Швейцария, Швеция, Қытай, Үндістан, Ресей сияқты тағы басқа көптеген елдерде жарияланады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?