Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамыр)

 Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамыр)

Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, әнші. Құрмет орденінің иегері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1986 жылдан).
Жоламан Әміров 1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Көлсайында дүниеге келген.
1978 - 1980 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Республикалық цирк және өнер студиясы)ның "домбыра" классын Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Құбыш Мұхитовтың сыныбын бітірген.
1984 - 1986 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген.
1986 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Шығармашылығы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасындағы негізгі рөлдері: Н. Әбутәлиевтің «Өттің, дүние…» спектаклінде Махамбет (реж. Ә.Рахимов), Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсесінде» Алдар Көсе (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Қобыландысында» Аққозы, «Қарагөзінде» Дулат және Жарылғап (реж. Ә.Мәмбетов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Төлеген, Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханында» Тойсары (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Қабен және Сұлтан (реж. Б. Омаров), М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жантық (реж. Е.Обаев), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә.Рахимов), И. Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Барон (реж. Е. Обаев, Т.Аралбай), Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Орта жүз биі (реж. Т. әл-Тарази), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол (реж. Ә.Рахимов), Шахимарденнің «Томирисінде» Морт (реж. Т.әл-Тарази), Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Наполеон, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Бақсы (реж. Ә.Рахимов), М.Әуезовтің «Абайында» Нарымбет (реж. Е.Обаев) және т.б көптеген рөлдерде ойнайды.
Жоламан Әміров «Өмірге», «Анама», «Әкеме», «Өкініш», «Туған жер», «Жанымның жан жарасы – өкініш», «Тау – Шелек вальсі» атты өлеңдердің авторы.
Марапаттары
Ж. Жабаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпазы.
Театр фистивальдерінің жүлдегері.
2004 жылы ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Құрмет орденінің иегері.
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі