Өмірбаян: Ерлан Рысқали Рысқалиұлы (1982 жылы 15 қыркүйек)

Өмірбаян: Ерлан Рысқали Рысқалиұлы (1982 жылы 15 қыркүйек)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тойға дайындық: Қалыңдық қорқынышы

Ерлан Рысқалиұлы Рысқали (1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданыда туған) — қазақтың дәстүрлі және халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дарынды әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы. Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі.
Ерлан Рысқалиұлы 1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1995 - 2001 жылдары А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатында білім алған.
2001 - 2005 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында оқып бітірген.
2005 - 2007 жылдары Аталған оқу орнының ассистент-стажерлығын Қазақ ССРнің халық артисі, профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша бітірген.
Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы.
Қазақ радиосында редактор-жүргізуші.
Жетістіктері
2003 - 2004 жылдары өткен Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық байқаудың, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық, Әсет Найманбаев атындағы аймақтық, Республикалық «Асыл мұра» бауқауларының жүлдегері.
2005 - 2006 жылдары Мәди Бәпиұлы атындағы байқаулардың жүлдегері.
2009 жылы өткен Н.Тілендиев атындағы ІІ халықаралық әншілер және күйшілер байқауының ән номинациясы бойынша І дәрежелі, Әміре Қашаубаев атындағы VІІ республикалық дәстүрлі әншілер байқауының І дәрежелі лауреаты. 2011 қыркүйектің 15-25 аралығында Ресей федератциясында өткен халықаралық «голоса золатой степей» атты байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған.
Марапаттары
2011 - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының лауреаты
2016 - Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Адам мінезі туралы деректер



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle