Өмірбаян: Бейсен Құранбек (1971 - 2020)

Өмірбаян: Бейсен Құранбек (1971 - 2020)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Құс етінің пайдасы

Бейсен Құранбек (9 желтоқсан, 1971 жыл, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылы), тележүргізуші
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған.
Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарекет бағдарламасын жүргізеді.
2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды.
Жетістіктері
Қазақстан Президенті сыйлығының иегері (2006 жыл)
ҚР Мәдениет қайраткері.

Бейсен Құранбектің 7 қағидасы

Өмірбаян: Бейсен Құранбек (1971 - 2020)

- Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді;

- Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады;

- Қандай сыйлы қонақ келсе де, үйімізге ішімдік кіргізбейміз;

- Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз;

- Ренжісіп қалсақ, 5 минуттан соң сөйлесеміз. «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше». Біреуіміз қылт етсек, екіншіміз уақыт санап отырамыз;

- Біздің үйде ер-азамат есеп бермейді, телефон соғып: «Қайда жүрсің? Қашан келесің?» деген сұрақ қойылмайды. Кейбір достарымның әйелдері телефонмен «Қайда жүрсің қаңғырып?» деп жатқанын естігенде, телефоны болмаған біздің ата-бабалар не деген бақытты деп ойлаймын;

- Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, оған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ораза өмірді ұзартады



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle