Бақтияр Артаев Ғарифоллаұлы (14 наурыз 1983 жылы)

 Бақтияр Артаев Ғарифоллаұлы (14 наурыз 1983 жылы)

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.
2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
Өмірбаяны
• Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген.
• Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003
Жартылай орташа салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 08.07.2003 Бақтияр Артаев 30:8 Daniel Geale
1/8 09.07.2003 Бақтияр Артаев 29:10 Kim Jing Joo
1/4 10.07.2003 Бақтияр Артаев 14:18 Шерзод Хусанов
Афинадағы Олимпиада ойындары
Жолдама алу
Бақтияр көп уақытқа Бокстан ұлттық құрамада екінші рөлдегі боксшы ретінде саналып келді. Афина қаласында өткелі жатқан Олимпиада ойындарына да ең соңғылардың бірі болып лицензияны жеңіп алған болатын. 2002 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Азамат Мақажанов осы салмақта Қазақстанның үміті саналған еді, алайда Азамат 2004 жылдың 24 сәуір күні Алматы қаласында Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне жолдама үшін болған спарингте Бақтияр Артаевқа жеңіліп қалады. 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пакістанның астанасы Карачи қаласында өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Бақтияр өзінің жақсы формада екенін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атады. Финалда Бақтияр ирандық Ахмедабад Каримиді кездеседі. Бақтиярдың айқын басымдығын көрген төрешілер ойынды 3-ші раунд-ақ тоқтатып, жеңісті Бақтиярға береді.
Олимпиада ойындары
28-Олимпия ойындарының жеңімпазы Б.Артаев (2004, Афины, Грекия
• 15 тамыз
• 19 тамыз
• 22 тамыз
• 27 тамыз
• 29 тамыз
Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды десе болады. 1/16 финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түркменістандық Алиаскер Башировты 33:23 есебімен, ширек финалда украиндық Виктор Поляков айқын басымдықпен жеңді (33:13). Халықралық жарыстарда әлі көзге түсіп үлгермеген, айтарлықтай үлкен жеңістері жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр Олимпиада ойындарының фовориті, тәжірибелі Саитовты 20:18 есебімен жеңіп, финалға шықты. Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі үміті - бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкин еді. Бақтиярды финалда атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін, екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 1.5 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон Бақтияр Артаевқа финалда 36:26 есебімен жеңіліп қалды.
Жартылай орташа салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 Бақтияр Артаев АШҚ Вили Бертран.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі