Данияр Елеусінов Маратұлы (13 наурыз 1991 жылы)

 Данияр Елеусінов Маратұлы (13 наурыз 1991 жылы)

Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Отбасы
Атасы – жас кезінде күресші болған, 43 жыл ұстаздық қызмет атқарған.
Әкесі - Елеусінов Марат Тәліпұлы (14.01.1961), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокс жаттықтырушысы-оқытушысы біліктілігі жоғары.
Анасы - Ғалия Нұрмұханова (1961 ж.т.) дене шынықтыру мұғалімі, 1984 жылы үйленген, Қазіргі уақытта үй шаруасындағы әйел.
Әпкесі- Динара (1984 ж.т.), кәсіби хореограф ,сержант, аға нұсқаушы - Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының би ансамблі.
Ағасы - Дәурен (rod.25.05.1986), бокстан тәжірибесі 12 жыл, 2006 жылы студенттер арасында бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, бокстан ҚР спорт шебері. Қазіргі таңда кәсіби боксшы, 2014 жылдан бастап АҚШ, Бруклинде жаттығады, 2010 жылы Балнұр есімді қызға үйленді.
2014 жылы Алина есімді қызға үйленді, ерлі-зайыптылардың 2015 жылдың 27 тамызында Даниэль есімді ұлдары дүние есігін ашты.
Қызықты деректер
2015 жылы Елеусінов Отбасы Астанада қалалық конкурсында «Mereylі отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
Орал қаласында оқушыдарға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақта қатысады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?