Өмірбаян: Бекзат Саттарханов Сейілханұлы (4 сәуір, 1980 жылы)

Өмірбаян: Бекзат Саттарханов Сейілханұлы (4 сәуір, 1980 жылы)



Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір, 1980 жыл, Түркістан, Қазақстан - 31 желтоқсан, 2000 жыл, Шымкент, Қазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Өмірбаяны
Отбасы

1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда, Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды. Бекзат Саттарханов Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткенімен, Бекзат секілді ешқайсысы алдына биік мұрат қойған жоқ. Сәби күнінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.
Балалық шағы
Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді.
Заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыруфакультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
Спорт
Бекзат мерекелік іс-шарада
1995 жылы он бес жасында Түркістан қаласында өткен З. Сейітбековты еске алу турнирінде тұңғыш рет топ жарған Бекзат өмір бойы осы жүлдесінің өте ыстық екенін айтып өтті. «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмыраны Сидней Олимпиадасының алтынымен тең көрген. Дәл сол жылы жасөпірімдер арасындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, бапкерлер көзіне түсе бастайды.
1996 жылы Қостанай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ішкі біріншілігінде чемпион атанады. Дәл сол жылы шымкенттік Анатолий Визириякин атты бапкердің қарамағына өтіп, облыс орталығындағы мектеп-интернатта жаттыға бастайды......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle