Ермахан Ыбрайымов Сағиұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

 Ермахан Ыбрайымов Сағиұлы (1972 жылы 1 қаңтар)

Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.
1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).
1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
75 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 05.06.1995 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 5:8 Мажарстан Zsolt Erdei
Атлантадағы Олимпиада ойындары
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 23.07.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 15:4 Канада Nick Farrell
1/8 27.07.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Индонезия Hendrik Simangunsong
1/4 31.07.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 19:9 Германия Markus Beyer
1/2 02.08.1996 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 19:28 Куба Alfredo Duvergel
1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 19.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 10:1 Өзбекстан Ikrom Berdiev
1/8 21.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Болгария Emil Krastev
1/4 22.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 4 Мысыр Mohamed Hikal
1/2 24.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCH 2 Түркия Ercument Aslan
Финал 26.10.1997 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 7:9 Куба Alfredo Duvergel
1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 22.08.1999 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSC 1 Германия Adnan Catic
1/4 24.08.1999 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 19:9 Италия Claudio Perugino
1/2 25.08.1999 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 11:12 Куба Jorge Gutierrez
Сиднейдегі Олимпиада ойындары
71 кг
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 19.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Сирия Youssif Massas
1/8 23.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCO 3 Венесуэла Hely Yanez
1/4 27.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 16:9 Куба Juan Hernandez Sierra
1/2 29.09.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов RSCO 4 Америка Құрама Штаттары Jermain Taylor
Финал 01.10.2000 Қазақстан Ермахан Ыбрайымов 25:23 Румыния Marian Simion
Әскери атағы - майоры. Хоббиі - туризм.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі