Геннадий Головкин Геннадьевич (8 сәуір 1982 жылы)

 Геннадий Головкин Геннадьевич (8 сәуір 1982 жылы)

Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді американдық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.
Отбасы
Әкесі – орыс, мамандығы – шахтер, анасының ұлты – кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған. Головкиннің 3 ағасының екеуі әскерде қызмет атқарып белгісіз жағдайларда қаза тапты (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы). Үшінші ағасы – Максим де бокспен айналысқан, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері болып саналады. Ағайындар бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан да бетпе-бет шайқасқан емес. Бір-бірімен шайқас түскенде екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде Максимге осылай істеуге тура келді. Қазіргі уақытта Геннадийдің ағасы онымен бір командада жұмыс істейді және чемпионға ұрыстарға дайындық кезінде көмектеседі. Геннадий Головкин үйленген. Жұбайы Алина және ұлы Вадим чемпионның берік отбасын құрайды.
Әуесқой мансабы
Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі қанық, оқиғаға толы болды.Генадий бокспен 8 жасынан бастап айналыса бастады. 1993 жылы оны облыстық бокстан өткен жарысқа оның бапкері жіберген болатын. Соңында осы сайыстан 3 жеңіс әкелді. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. Осы уақытқа дейін Генадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған болатын.19 жасында шығыс боксында бірінші орын алады да, 2002 жылы бұл жеңісін тағы бір мәрте қайталайды. 2003 жылы Таиландта өткен боксшылар жекпе-жегінде өзінің 4 қарсыласының екеуін накаутқа жібергені үшін бірінші орынды алады.
Өзінің алғашқы ресми ұрысын Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластармен ұрысты, бірақ, ақырында сол жарыста жеңіске жетті.
2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.
2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилды жеңді (15 – 3).
2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 ұрыста жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 – 8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 – 7). Ал жалпылай санағанда 7 – 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 – 4).
2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.
2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.
2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.
Бокстан әлем чемпионаты (2003)
Орташа салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 07.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин 19:10 Ресей Матвей Коробов
1/8 09.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин 29:9 Ирландия Энди Ли
1/4 10.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин KO 4 Румыния Lucian Bute
1/2 11.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин 29:26 Куба Yordanis Despaigne
Финал 12.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин RSCI 2 Украина Олег Машкин
Олимпиада ойындары
2004 жылғы Олимпиада ойындарында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орынға ие болды. Іріктеу шайқасында Головкиннен жеңілген Артаев 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.
Қазақстан Республикасының Головкинға арналған пошта блогы, 2016 жыл.
Финалдың 1/16 бөлігі – автоматты түрде өтті;
Финалдың 1/8 бөлігі – Ахмед Али Ханды жеңді (Пәкістан) 31 – 10;
Финалдың 1/4 бөлігі – Рамадан Яссирді жеңді (Мысыр) 31 – 20;
Финалдың 1/2 бөлігі – Андре Дирелланы жеңді (АҚШ) 23 – 18;
Финал – Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілді (Ресей) 18 – 28


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі