Бекжан Тұрыс Асаубайұлы (1965 жылы 15 ақпан)

 Бекжан Тұрыс Асаубайұлы (1965 жылы 15 ақпан)

Бекжан Асаубайұлы Тұрыс (1965 жылы 15 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2016).
Өмірбаяны
1991 ж. казіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер.
Ойнаған рольдері
Қазақ академиялық драма театрында 50-ден аса рольдер орындаған. Атап айтсақ:
Үкілі Ыбырай (Ш.Құсайыновтың осы аттас драмасында)
Қырманбай (Т.Нұрмағамбетовтың "Бес бойдаққа бір тойында")
Нұрым (С.Торайғыровтың "Қамар Cұлуы" бойыншада)
Шәмші (И.Сапарбайдың "Сыған серенадасында")
Педант, Слай (У.Шекспирдің "Асауға түсауында"), т.б. басты рольдері бар.
Сондай-ақ, "Жетпіс жеті күн", "Ұят болмасын" (Ақылбай шал), "Еркектің аты - еркек" теле-бағдарламалары арқылы көпшілікке кеңінен танымал.
Ресей, Өзбекстан, Иран, Қазақстанның барлық аймақтарында гастрольдік сапармен болып өнер көрсеткен.
Марапаттары
1998 жылы Астана медалі
2004 жылы ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері
2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
Мұқағали атындағы сыйлықтың лауреаты
2016 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері атанды.
2016 жылы ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
2018 жылы "Алаш арыстарының ізбасары" құрметті төсбелгісі.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі