Болат Ұзақов Қасымжанұлы (1962 жылы 25 қараша)

 Болат Ұзақов Қасымжанұлы (1962 жылы 25 қараша)

Болат Қасымжанұлы Ұзақов (1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданында туған) — актер, театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
Болат Қасымжанұлы 1962 жылы 25 қарашада Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институты)ның «Театр» факультетін Қазақ КСР халық артисі, профессор Асқар Тоқпанов пен КСРО халық артисттері Ыдырыс Ноғайбаев және Фарида Шәріпованың классын бітірген.
1994 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» мамандығы бойынша ҚР халық артисі, профессор Маман Байсеркенов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылхановтың классын бітірген.
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.
1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
Шығармашылығы
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театр сахнасында ойнаған рөлдері: М. Әуезовтің «Еңлік Кебек» – Кебек, «Хан Кене» – Наурызбай, «Түнгі сарын» – Жүніс; У. Шекспир «Асауға тұсау» – Транио; М. Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт; А Макаенок « Пұшайман болған әулие» – Әулие; Д. Исабеков - «Әкпе» – Тимур; К. Әбдірахманов «Қара керей Қабанбай» – Әлі; А. Сүлейменов «Қыздай жесір» – Дәріс; С. Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Есімсейіт; І. Жансүгіров «Күйші» – Күйші; Б.Жакиев. «Әке тағдыры» – Жеңісбек.
Режиссерлік жұмыстары
1990 жылдардан Болат Ұзақов актерлік өнерімен қатар режиссерлік жұмыспен де айналыса бастады.
І. Жансүгіров «Күйші» ; М. Әуезов «Қанды азу», «Қара қыпшақ Қобланды»; «Еңлік-Кебек»; Т. Ахтанов. «Күшік күйеу»; А. Сейдімбеков «Қош бол ардағым»; Т. Әбдіков «Біз үшеу едік»; Е. Аманшаев. «Үзілген бесік жыры», "Қыр астындағы ғажайып әлем»; Б. Ұзақов «Үміт»; М. Ақынжанов. «Алтын сақа», «Алдардың айласы»; Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер»; С. Тұрғынбеков « Мұқағали»; А. Дударев «Кеш»; Б. Ұзақов. «Жандауа»; Қ. Жүнісов. «Махаббат мелодрамасы»; Е. Жуасбек. «Антивирус»; Д. Рамазан. «Кенесары-Күнімжан»; У. Шекспир. «Гамлет»; Ш. Мұртаза «Бір кем дүние»; Қ. Жиенбай «Таңғажайып планета»; С. Балғабаев «Ең жақсы еркек»; М. Байжиев «Тіл табысқандар» ; Д. Рамазан «Керей-Жәнібек» және т.б режиссерлік жұмыстары бар.
Еңбек жолы
1984 - 1997 жылдары Бикен Римова атындағы театрдың актері әрі қоюшы - режиссері болды.
1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының қоюшы - режиссері.
1998 жылдан бастап Астана күніне арналған жыл сайынғы «Этно-ауыл» бағдарламасының сценаристі және бас режиссері.
2003 - 2012 жылдары «Президент шыршасы» мерекесінің бас режиссері.
Қазақ ұлттық өнер университетінде «Актерлік өнер» факультетінде «актер шеберлігі» және «сахна тілі» пәндерінен дәріс береді.
Марапаттары
Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері.
2000 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» Грамотасы;
2009 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
2011 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
2015 жылы ТМД Халықаралық "Достастық жұлдызы" сыйлығының иегері.
2016 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі