Еліміздің келешегіне кепіл болған тұңғыш елбасы

 Еліміздің келешегіне кепіл болған тұңғыш елбасы

Ф.Қозыбақова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
1-курс студенті
Қажияхметова А.М

Қазақстан енді ғана дамып келе жатқан мемлекет болғанымен, қысқа уақытта көптеген жетістіктерге жетті. Әлемнің алпауыт мемлекеттеріне де тек жақсы қырынан көрінуде. Және бұған септігін тигізден бір де болса бірегей тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды қиын –кыстау кездерден, яғни алғаш тәуелсіздік алған кезде саяси біліктілігінің арқасында алып шықты. Кейіннен 1997 жылы «Қазақстан 2030» стратегиясын ұсынып, мерзімінен бұрын дамыған 50 елдің қатарына қосты. Сонымен қатар еліміздің тек әлеуметтік -саяси және ішкі- сыртқы экономикасын тұрақтандырды. Алайда тұңғш елбасы халықтың рухани байлығын да ұмыт қалдырмады. XXI ғасыр жаһандану келіп жеткен заман болғандықтан, рухани құндылықтарымыз бен байлығымызды сақтап қалу ең басты мақсат екенін айшықтап көрсетті. Сол себептен «Рухани жаңғыру» , «Мәңгілік ел», «Ұлы даланың жеті қыры» тәрізді бағдарламалар қолға алынып, көне ескерткіштер мен шығармаларды жаңғырту жүзеге асты. Сол арқылы жастарымыздың бойына патриотизм сезімін ұялату көзделді.
«Болашағымыз жастардың қолында» демекші Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 1-ші курс студенттерінің арасында Н.Ә. Назарбаевқа арналған конференция өткізілді. Конференцияда тұңғыш елбасының жазған еңбектері мен жүзеге асыран бағдарламаларын, стратегияларын және әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның орнына сараптау жүргізілді.
Қазақстандық патриотизмнің бүгінгі ұраны – халықтың біртұтастығы. Біз қазіргі таңқаларлық жетістігімізді одан әрі баянды етуге ұмтылсақ, өзіміздің және келер ұрпақтың тағдырына сенімді болғымыз келсе, Қазақстанды Орталық Азияның ғана емес, еуразиялық ұлан-байтақ кеңістіктің қуатты да беделді мемлекеті ретінде көруді қаласақ, ішкі бейбіт өмір мен ұлттық рухани гүлденуді таңдасақ, жаңа ХХІ ғасырдың төріне бірге қадам басуға тиіспіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады