Райымбек Сейтметов Ноғайбайұлы (1938 жылы 2 наурыз)

 Райымбек Сейтметов Ноғайбайұлы (1938 жылы 2 наурыз)

Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов (2 наурыз, 1938 жылы Түркістан облысы, Түркістан - 3 қараша, 2007 жылы Түркістан) — актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1987). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). Платинды «Тарлан» сыйлығының иегері. Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
Райымбек Ноғайбайұлы 1938 жылы 2 наурызда Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.
1955 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «актерлік» бөлімін бітірген.
1960 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қызыметке алынады. (Осы театрда жүріп: Н.Гогольдің «Үйленуінде» Кочкарев; Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Адвокат; Қ.Мұхаммеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» Сұңғат; «Құдағи келіпті» Арыстан; Ш.Айтматовтың «Ана – жер-Анасында» Жайнақты; М.Байджиевтің «Жекпе-жегінде» Әзизді; М.Әцезовтың «Қарақыпшақ Қобыладысында» Бірсімбайды; У.Шекспирдің «Оттеллосында» Касиосын және «Асауға тұсауында» Люченцио сынды т.брөлдерді шебер сомдаған дарынды артист).
Мәскеудегі театр иниститутының режиссерлік бөлімін бітірген.
1982 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық Жастар мен балалар театрын басқарды.
Жастар театрындағы алғашқы алғашқы қойылымы Ә.Тауасаровтың «Ас а құрметті Икс» комедиясы. Кейін М.Әуезовтың 1954 жылы жазылып, бірақ жарыққа шықпаған «Алуа» драмасын сахналады. Осы еңбегі үшін 1984 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Сонымен қатар, Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысын», Ш.Мұртазаның «Қызыл жебесін» және Т.Рұсқұловтың бейнесін, «Сталинге хат», «Бесеудің хатын» сахнаға әкелген дарынды театр режиссері.
1995 жылы кіндік қаны тамған жері, түркі халқының рухани астанасы Түркістанға театр ашуды мақсат етті.
2000 жылы Райымбек Ноғайбайұлының бастамасымен Қазақстан театрларының қатырына ең жас Түркістан музыкалық драма театры қосылды.
2001 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан театрына барып «Көк түріктер» қойылымын тамашалады. «Райымбек Ноғайбайұлы негізін қалаған Түркістан театрының болашағы зор деп сенемін» деп елбасы бағасын берген.
Мемлекеттік марапаттары
1979 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (құрметті атағы);
1984 жылы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (құрметті атағы);
1987 жылы Қазақ КСРнің Халық артисі (құрметті атағы);
2003 жылы Қазақстан Республикасының «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері;
Президент жарлығымен «Құрмет ордені» мен марапатталған.
Түркістан қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы);
бірнеше медалдармен марапатталған.
Отбасы
Баласы: Азат Райымбекұлы Сейтметов – М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
келіні: Данагүл Темірсұлтанова - М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі