Жандарбек Садырбаев Алайдарұлы (1977 жылы 24 қыркүйек)

 Жандарбек Садырбаев Алайдарұлы (1977 жылы 24 қыркүйек)

Жандарбек Алайдарұлы Садырбаев (1977 жылы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған) — актер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010). Құрмет орденінің иегері (2016).
Жандарбек Алайдарұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген.
1994 -1998 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Балпық, «Абайында» Көпбай, «Қарагөзінде» Сырым, «Еңлік-Кебегінде» Қодар, «Қилы заманында» Түнқатар, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Еркін, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан, Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Әмірсана, Әбілмансұр, Шахимарден, Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Қазақ, Шахимарденнің «Томирисіндегі» Ардашир, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Айбар, Ө.Боранбаевтың «Көкбөрісінде» Байшаур, Ә.Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында…» Дүниенің тұтқасы, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Сұлтан, «Жаужүрегінде» Троицкий, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Бизнесмен, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Иса, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Әлібек, «Империядағы кешінде» Айдар Сейтқалиұлы, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Түнқатар, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Мейірбек, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал, Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Қарасартов т.б. бейнелерді сомдайды.
Кинофильмдері
2002 жылы «Сардар» – Бекзада (реж.Б.Қалымбетов),
2009 жылы Біржан сал фильмі – Сал рөлінде реж:Д.Жолжақсынов
«Болашақ» телесериалы – учаскелік милиционер (С.Тәуекелов),
«Айналайын» көркем фильмі учаскелік милиционер (А.Сатаев) т.б.
Марапаттары
2010 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.
ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері
2016 жылы ҚР Мәдениет министрінің қолынан Құрмет ордені мен марапатталды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!