Тұрсын Құралиев Байтайұлы (1950 - 2018)

 Тұрсын Құралиев Байтайұлы (1950 - 2018)

Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6.01.1950 жыл, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекеті - 01.10.2018, Алматы) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010).
Тұрсын Байтайұлы 1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген.
Әкесі - Құралиев Байтай (1898-1966), теміржолшы болған. Анасы - Құралиева Рақыш (1928-1996), ұжымшарда жұмыс жасаған.
1968 - 1972 жылдары М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады.
1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
1975 - 1977 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті.
1977 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Шығырмашылығы
50-ден астам рөлдерде ойнаған. «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудиялары фильмдеріне түскен.
«Айман-Шолпан» (Әлібек), М. Ауезовтың «Апуа (Арман), А. Таразидің «Жәкеп кісі (Шалгез), С. Сматаевтың «Зар Заман» (Барақ Сұлтан), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Алтай) және т.б.
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» -Ақ жігіт, М.Әуезов «Айман-Шолпан»- Әлібек, «Алуа» – Арман, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Жалмұхан, Ә.Әбішев «Нұрлы жаңбыр» – Мұхит, «Мәди» – Иман, «Алау жалды арғымақ» – Сәкен, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Деметрио, Ә.Тәжібаев «Күн сайын сағынамын» – Сәкен, Ә.Тарази «Жақсы кісі» және т.б көптеген бейнелерді жасаған.
Жеке өмірі
Үйленген. Жұбайы - Сейдәлиева Шәрипа Әбдісәметқызы (1955 ж. т.), Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің орыс тілі кафедрасының педагогы.
Қыздары - Құралиева Әсел (1977 ж. т.), Құралиева Жәмила (1982 ж. т.); ұлы - Байтаев Айдар (1981 ж. т.).
Мемлекеттік марапаттары
Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.
2010 жылы елбасының жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталды.
2016 жылы Қазақстанның Еңбек ардарегі медалі
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі берілді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!